Ақсай ауылдық округінің Ақсай, Екпінді ауылдарындағы көшелеріне қайта атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 маусым 2026 ж.

    Ақсай ауылдық округінің Ақсай, Екпінді ауылдарындағы көшелеріне қайта атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсай және Екпінді ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Алматы облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 29 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Іле ауданы Ақсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақсай ауылдық округінің Ақсай ауылындағы жобаланған көше (Целинная) Ұлы Отан соғысының ардагері «Қарагушинов Өмірзақ» есімімен қайта өзгертілсін;

    2. Ақсай ауылдық округінің Ақсай ауылындағы жобаланған көше (Западная) Ұлы Отан соғысының ардагері «Базарбаев Әбдірей» есімімен қайта өзгертілсін;

    3. Ақсай ауылдық округінің Ақсай ауылындағы жобаланған көше (МТФ) Ұлы Отан соғысының ардагері «Қабылов Рүстем» есімімен қайта өзгертілсін;

    4. Ақсай ауылдық округінің Екпінді ауылындағы жобаланған көше (Пушкина) Ұлы Отан соғысының ардагері «Алиев Тасым Гулалы-оглы» есімімен қайта өзгертілсін;

    5. Ақсай ауылдық округінің Екпінді ауылындағы жобаланған көше (Шевченко) Ұлы Отан соғысының ардагері «Оңғарбаев Досан» есімімен қайта өзгертілсін;

    Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Округ әкімі

    Б.Туреев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.