«Қорғаныс министрлігінің зейнеткері қайтыс болған отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша пилоттық жобаны «Smart Data Ukimet» цифрлық-талдамалық жүйесін пайдалану арқылы проактивті форматта хабарлама беру бөлігінде іске қосу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомстваның ӘМ-де мем. тіркелуге жатпайтын бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 мамыр 2026 ж.

    «Қорғаныс министрлігінің зейнеткері қайтыс болған отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша пилоттық жобаны «Smart Data Ukimet» цифрлық-талдамалық жүйесін пайдалану арқылы проактивті форматта хабарлама беру бөлігінде іске қосу туралы

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. «Қорғаныс министрлігінің зейнеткері қайтыс болған отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша пилоттық жоба «Smart Data Ukimet» цифрлық-талдамалық жүйесін пайдалану арқылы проактивті форматта хабарлама беру бөлігінде іске қосылсын.

    2. Қоса беріліп отырған Қайтыс болған зейнеткердің отбасы мүшелеріне «Қорғаныс министрлігінің зейнеткері қайтыс болған отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша пилоттық жобаны «Smart Data Ukimet» цифрлық -талдамалық жүйесін пайдалану арқылы проактивті форматта хабарлама беру бөлігінде іске қосу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау алгоритмі бекітілсін.

    3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы:

    1) болған жағдайда «Smart Bridge» жүйесінде өтінім беру арқылы дербес деректерге қолжетімділікті бақылау мемлекеттік сервисіне (бұдан әрі – ДҚБ сервисі) қосылуды қамтамасыз етсін;

    2) пилоттық жоба шеңберінде қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы, жылжымайтын мүлікке құқықты (ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес ДҚБ сервисі арқылы субъектінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректерді алуға келісімін алуды қамтамасыз етсін.

    4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 1 және 2-тармағының 1) және 5-тармақшаларына, 49-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларына, 54-бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген «Цифрлық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4 және 8-тармақтарына сәйкес:

    1) киберқауіпсіздік талаптарына сәйкес сынақтың оң нәтижесі бар сынақ хаттамасы болғанда;

    2) өзінің киберқауіпсіздік жедел орталығы болғанда және ол жұмыс істегенде немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарда белгіленген көлемде үшінші тұлғадан алғанда;

    3) цифрлық және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес келуі бойынша шаралар қабылдағанда интеграциялауды қамтамасыз етсін.

    5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) мемлекеттік орган басшыларының соңғысы осы бұйрыққа қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

    6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарына және Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

    7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі осы бұйрықты мүдделі ведомстволық бағынысты ұйымға жеткізсін.

    8. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ 2026 жылғы 12 шілдеден кешіктірілмей қолданысқа енгізіледі және 2027 жылғы 12 шілдеге дейін қолданыста болады.

    Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты

    Д. Қосанов

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі

    Ж. Мәдиев

    Бұйрығына қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Қорғаныс министрінің

    2026 жылғы _22_ _мамыр

    №_539_

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары –

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрінің

    2026 жылғы _11_ маусым

    №_307/НҚ _

    бірлескен бұйрығымен

    бекітілген

    Қайтыс болған зейнеткердің отбасы мүшелеріне «Қорғаныс министрлігінің зейнеткері қайтыс болған отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша пилоттық жобаны «Smart Data Ukimet» цифрлық-талдамалық жүйесін пайдалану арқылы проактивті форматта хабарлама беру бөлігінде іске қосу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау алгоритмі

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Алгоритм қайтыс болған зейнеткердің отбасы мүшелеріне «Қорғаныс министрлігінің зейнеткері қайтыс болған отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бойынша пилоттық жобаны «Smart Data Ukimet» цифрлық-талдамалық жүйесінде проактивті тәсілмен хабарлама беру бөлігінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін (бұдан әрі – Алгоритм) айқындайды.

    2. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

    1) абоненттік ұялы байланыс құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланыс сигналын түзетін және ұялы байланыс желісінде жұмыс істейтін қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде географиялық тұрғыдан нақты айқындалған орналасқан жері жоқ ұялы байланыс операторының желісіне қосылған жеке қолданылатын байланыс құралы;

    2) «Азаматтық хал актілерін тіркеу» цифрлық жүйесі (бұдан әрі –«АХАТ» ЦЖ) – белгілі бір жағдай (бала туу, қайтыс болу, неке қию немесе некені бұзу, бала асырап алу, әкелік қатынасты анықтау және ТАӘ-ні өзгерту) бойынша Қазақстан Республикасы тұрғындарының хал актісін тіркеу үшін арналған, бұл ретте бала туу және қайтыс болу туралы мәліметтер «ЖТ МДК» ЦЖ-ға беріледі;

    3) бірыңғай байланыс орталығы – телефондық қызмет көрсету орталығы;

    4) «Жеке тұлғалар бойынша мемлекеттік дерекқор» цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «ЖТ МД» ЦЖ) – Қазақстан Республикасы барлық азаматының, сондай-ақ шетелдік және ел аумағында тіркелген адамдардың дербес деректерін қамтитын цифрлық жүйе;

    5) «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «ЖБП» ЦЖ) – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағыты бойынша ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу мен беру үшін арналған;

    6) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Автоматтандырылған жұмылдыру ресурсы жүйесінің интеграциялық шлюзі» цифрлық жүйесі (бұдан әрі – АЖРЖ ИШ» ЦЖ);

    7) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, заңды тұлғалардың филиалы мен өкілділігі, сондай-ақ шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар;

    8) көрсетілетін қызметті беруші – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекітетін және тиісті салада мемлекеттік қызмет көрсету процесін ұйымдастыратын орталық мемлекеттік орган, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік қызмет көрсету процесін ұйымдастыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;

    9) қысқа мәтіндік хабарлама (бұдан әрі – SMS-хабарлама) – байланыс операторы ұялы байланыс желісі арқылы ақпарат жіберу және қабылдау бойынша көрсететін қызмет;

    10) медициналық деректерді цифрлық жинау, сақтау мен өңдеу үшін Electronic Health (бұдан әрі – E-health) электрондық денсаулық сақтау цифрлық жүйесі (электрондық денсаулық сақтау);

    11) мобильді азаматтар базасы (бұдан әрі – МАБ) – өрісті желінің абоненттік құрылғысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету және цифрлық хабарлама жіберу, сондай-ақ проактивті мемлекеттік қызмет көрсету үшін пайдаланылатын «электрондық үкімет» пайдаланушылары ұялы байланыс желісінің бірыңғай абоненттік нөмірлер базасы;

    12) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінімінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

    13) «Тіркелген тұрғындар тізілімі» цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «ТТТ» ЦЖ) – пациент, оның ауруы, диспансерлік есебі, бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына тіркелуі, бала тууы/қайтыс болуы туралы демографиялық деректердің біріңғай дереккөзі;

    14) «Ұлттық білім беру дерекқоры» цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «ҰБДҚ» ЦЖ) – білім саласындағы бастапқы статистикалық деректерді жинау және өңдеу бойынша бизнес-процесті автоматтандыру үшін арналған «электрондық оқыту жүйесінің» (бұдан әрі – ЭОЖ») кіші жүйесі;

    15) «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – ЦҮП) – мемлекеттік көрсетілетін қызметке қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын жинақталған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметке, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін цифрлық объекті;

    16) «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдамалық жүйесі (SDU АТЖ) – мемлекеттік органның цифрлық жүйесінде жинақталатын деректерді жинау, сақтау және кешенді талдау үшін арналған және мемлекеттік органдарға деректерге негізделген басқарушылық шешім қабылдау үшін талдамалық платформаны береді;

    17) www.egov.kz (eGov) «цифрлық үкімет» – азаматтарға, бизнеске және мемлекеттік органдарға цифрлық мемлекеттік көрсетілетін қызметке қолжетімділік беру үшін арналған мемлекеттік бірыңғай веб-ресурс.

    Осы Алгоритмде қолданылатын барлық өзге де терминдер Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінде, «Мемлекеттік және әлеуметтік-жауапты көрсетілетін қызметтер туралы» Заңда, «Киберқауіпсіздік туралы» Заңда, «Халықтың көші-қоны туралы» Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын мәнде қолданылады.

    3. Пилоттық жобаға қатысушылар Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңның талаптарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген цифрлық технологиялар және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтайды.

    4. Пилоттық жобаға қатысушылар дербес деректерге қолжетімділікті бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім береді.

    2-бөлім. «Қорғаныс министрлігінің зейнеткері қайтыс болған отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша пилоттық жобаны іске қосу кезінде «Smart Data Ukimet» цифрлық талдамалық жүйесін пайдалану арқылы проактивті форматта қайтыс болған зейнеткердің отбасы мүшелерін хабардар ету бөлігінде мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өзара іс-қимылы тәртібі

    5. Пилоттық жоба шеңберінде қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 680 бұйрығымен бекітілген «Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29203 болып тіркелген) (бұдан әрі – НҚА) және осы бірлескен бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.

    6. Жеке деректерді жинау мен өңдеуге келісім мемлекеттік жеке деректерге қолжетімділікті бақылау сервисі арқылы беріледі

    7. SDU АТЖ зейнеткер жастағы әскери қызметшіге қатысты ЦЖ АЖРЖ ИШ-дан алынған деректер негізінде «АХАТ» ЦЖ деректері негізінде Жерлеуге арналған біржолғы төлемді және біржолғы жәрдемақыны тағайындау қағидаларына сәйкес «Қайтыс болған адам» мәртебесінің бар-жоғын, сондай-ақ қайтыс болған күннің өту мерзімін тексереді.

    8. SDU АТЖ осы Алгоритмнің 7-тармағы нәтижесінде жасалған ықтимал көрсетілетін қызметті алушыға қатысты E-health деректері негізінде жеке тұлғаның қайтыс болуы туралы азаматтық хал актісін тіркеу үшін жүгінген адам туралы мәлімет алады. Азаматтық хал актісін тіркеу үшін жүгінген адам туралы мәлімет болмағанда мәйітті алған адам туралы мәліметтің бар-жоғын тексереді.

    9. SDU АТЖ «АХАТ» ЦЖ-дан алынған деректер негізінде көрсетілетін қызметті алушы болып табылатын жұбайының/зайыбының (некеде тұрған) бар-жоғын тексереді.

    10. SDU АТЖ Алгоритмнің 8 және 9-тармақтары нәтижесінде жүгінген ықтимал көрсетілетін қызметті алушыға қатысты «ЖТ МДК» ЦЖ-да, «АХАТ» ЦЖ-да, «ТТТ» ЦЖ-да мынадай өлшемшарт бойынша тексереді:

    1) ықтимал көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады;

    2) ықтимал көрсетілетін қызметті алушы «Тірі адам» мәртебесінде;

    3) ықтимал көрсетілетін қызмет алушы басқа елде тұрақты тұрмайды;

    4) ықтимал көрсетілетін қызметті алушы бас бостандығынан айыру орнында болмауын растау;

    5) ықтимал көрсетілетін қызметті алушы әрекетке қабілетті болып табылады (психикалық ауыруы немесе ақыл-ойы кемістігі салдарынан әрекет ету қабілетінің мәнін түсінбейтін немесе оны басқара алмайтын азамат сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін, осыған орай оған қамқоршылық белгіленген).

    Жоғарыда көрсетілген өлшемшартқа сәйкес келмейтін көрсетілетін қызметті алушы тізімнен алынады.

    11. SDU Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерінің отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем тағайындау үшін жасалған көрсетілетін қызметті алушылар тізімін МЦБ-да көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірінің бар-жоғын тексеру үшін ЭҮП-ға жібереді.

    12. МЦБ-да ықтимал көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі болмағанда ЭҮП қызмет көрсету процесін тоқтату туралы бастама танытады. Абоненттік нөмірдің бар-жоғы туралы жазба тіркеу журналында жазылады.

    МАБ-да көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі болғанда одан әрі осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес қызмет көрсету туралы көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефон құрылғысына SMS-хабарлама жіберіледі. SMS-хабарлама жіберу туралы жазба тіркеу журналында жазылады.

    13. Қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетіледі.

    14. SDU АТЖ осы Алгоритмнің 9-тармағы нәтижесінде жасалған ықтимал көрсетілетін қызметті алушыға қатысты «АХАТ» ЦЖ-да, «ҰББДҚ» ЦЖ-да, «ЖББП» ЦЖ-да қайтыс болуды тіркеуге жүгінген адамның қайтыс болған адаммен туыстық байланысын тексереді:

    1) көрсетілетін қызметті алушының жұбайы/зайыбы (некеде тұрған);

    2) қайтыс болған адамның қазіргі некеден туған 18 жасқа дейінгі балалары – көрсетілетін қызметті алушы екінші ата-ана/қамқоршы;

    3) қайтыс болған адамның басқа некеден туған 18 жасқа дейінгі балалары – қызмет алушы екінші ата-ана/қамқоршы;

    4) қайтыс болған адамның кез келген оқу орнында күндізгі оқу бөлімде білім алатын қазіргі некеден туған 18 – 23 жас аралығындағы балалары – көрсетілетін қызметті алушы;

    5) қайтыс болған адамның кез келген оқу орнында күндізгі оқу бөлімде білім алатын басқа некеден туған 18 – 23 жас аралығындағы балалары – қызмет алушы.

    15.Қайтыс болған адамда туыстық байланыс болмағанда (жеке тұлғаның қайтыс болуы туралы акт жазбасын тіркеуге жүгінген және мәйітті алған адам туралы мәліметте туыстық байланысы болмағанда), SDU АТЖ «АХАТ» ЦЖ-да, «ҰББДҚ» ЦЖ-да, «ЖББП» ЦЖ-да қайтыс болған адамда туыстық байланыстың бар-жоғын тексереді:

    1) көрсетілетін қызметті алушының жұбайы/зайыбы (некеде тұрған);

    2) қайтыс болған адамның қазіргі некеден туған 18 жасқа дейінгі балалары – көрсетілетін қызметті алушы екінші ата-ана/қамқоршы;

    3) қайтыс болған адамның басқа некеден туған 18 жасқа дейінгі балалары – көрсетілетін қызметті алушы екінші ата-ана/қамқоршы;

    4) қайтыс болған адамның кез келген оқу орнында күндізгі оқу бөлімде білім алатын қазіргі некеден туған 18 – 23 жас аралығындағы балалары – көрсетілетін қызметті алушы;

    5) қайтыс болған адамның кез келген оқу орнында күндізгі оқу бөлімде білім алатын басқа некеден туған 18 – 23 жас аралығындағы балалары – көрсетілетін қызметті алушы.

    16. SDU АТЖ Алгоритмнің 14, 15-тармақтары бойынша жасалған ықтимал көрсетілетін қызметті алушыға қатысты «ЖТ МДК» ЦЖ-да, «АХАТ» ЦЖ-да, «ТТТ» ЦЖ-да мынадай өлшемшартты тексереді:

    1) ықтимал көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады;

    2) ықтимал көрсетілетін қызметті алушы «Тірі адам» мәртебесінде;

    3) ықтимал көрсетілетін қызметті алушы басқа елде тұрақты тұрмайды;

    4) ықтимал көрсетілетін қызметті алушы бас бостандығынан айыру орнында болмауын растау;

    5) ықтимал көрсетілетін қызметті алушы әрекетке қабілетті болып табылады (психикалық ауыруы немесе ақыл-ой кемістігі салдарынан әрекет ету қабілетінің мәнін түсінбейтін немесе оны басқара алмайтын азамат сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін, осыған орай оған қамқоршылық белгіленген).

    17. SDU Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерінің отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем тағайындау үшін жасалған көрсетілетін қызметті алушылар тізімін МЦБ-да көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірінің бар-жоғын тексеру үшін ЭҮП-ға жібереді.

    18. МЦБ-да ықтимал көрсетілетін қызмет алушының абоненттік нөмірі болмағанда ЭҮП қызмет көрсету процесін тоқтату туралы бастама танытады. Абоненттік нөмірдің бар-жоғы туралы жазба тіркеу журналында жазылады.

    МАБ-да көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі болғанда одан әрі осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес қызмет көрсету туралы қызмет алушының ұялы телефон құрылғысына SMS-хабарлама жіберу жүзеге асырылады. SMS-хабарлама жіберу фактісі туралы жазба тіркеу журналында жазылады.

    19. Қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетіледі.

    20. Ұсынған деректердің дұрыс болуына мемлекеттік орган цифрлық жүйесінің иесі жауапты болады.

    21. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы қызмет көрсетудің үздіксіз және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.

    3-бөлім. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі

    22. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы қолданылатын цифрлық жүйесінің үздіксіз және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.

    23. Берілетін деректердің толық, түпнұсқалы, нақты болуын және бұрмаланбауын цифрлық жүйе тарапы – ақпарат беретін сервис иесі қамтамасыз етеді.

    24. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар цифрландыру, киберқауіпсіздік, цифрлық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуын және цифрлық жүйе пайдаланушылары қалыптастырған мәліметтер қауіпсіздігін және өзгермейтінін және форматтық-логикалық уақтылы бақылануын белгілеуді қамтамасыз етеді.

    Қайтыс болған зейнеткердің отбасы мүшелеріне «Қорғаныс министрлігінің зейнеткері қайтыс болған отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша пилоттық жобаны «Smart Data Ukimet» цифрлық -талдамалық жүйесін пайдалану арқылы проактивті форматта хабарлама беру бөлігінде іске қосу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау алгоритміне

    1-қосымша

    Ықтимал көрсетілетін қызметті алушыға Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерінің отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем тағайындау бойынша көрсетілетін қызмет үшін жүгіну қажеттілігі туралы хабарлама

    SMS-хабарлама мәтіні:

    Құрметті азамат(ша)!

    «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 51-бабының 6-тармағына сәйкес Сізге Қорғаныс министрлігінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алушы қайтыс болған сәттегі үш айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде жерлеу рәсіміне біржолғы төлем алу құқығы берілді.

    Сізге біржолғы төлем алу үшін www.egov.kz цифрлық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінім беру қажет.

    Барлық сұрақ бойынша 1414 нөмірі арқылы Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуыңызға болады. Қоңырау шалу тегін.

    Қайтыс болған зейнеткердің отбасы мүшелеріне «Қорғаныс министрлігінің зейнеткері қайтыс болған отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша пилоттық жобаны «Smart Data Ukimet» цифрлық-талдамалық жүйесін пайдалану арқылы проактивті форматта хабарлама беру бөлігінде іске қосу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау алгоритміне

    2-қосымша

    Ықтимал көрсетілетін қызметті алушыға Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерінің отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақы тағайындау бойынша көрсетілетін қызмет үшін жүгіну қажеттілігі туралы хабарлама

    SMS-хабарлама мәтіні:

    Құрметті азамат(ша)!

    «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 51-бабының 6-тармағына сәйкес Сізге Қорғаныс министрлігінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған біржолғы жәрдемақы алу құқығы берілді.

    Сізге біржолғы жәрдемақы алу үшін www.egov.kz цифрлық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінім беру қажет.

    Барлық сұрақ бойынша 1414 нөмірі арқылы Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуыңызға болады. Қоңырау шалу тегін.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.