Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Ордабасы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ордабасы ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Аудан әкімдігінің 26.01.2023ж «Ордабасы ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» №22 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

    Аудан әкімі

    А. Оралбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Ордабасы аудандық

    мәслихаты

    _________ М.Ақмұратов

    _________________ О.Бола

    _______________ Ж.Кадиев

    ________________ А.Сихымбаева

    Ордабасы аудан әкімдігінің

    2026 жылғы «08 » маусымдағы

    № 235 қаулысына қосымша

    Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

    1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

    1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы;

    2) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

    3) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;

    4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

    5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

    6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент;

    7) үйде қызмет көрсету ұйымы бөлімшесінің меңгерушісі;

    8) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

    9) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

    10) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

    2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

    1)мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

    2)мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;

    3) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;

    4) әдістемеші;

    5) көркемдік жетекші;

    6) барлық атаудағы әртістері;

    7) вокал;

    8) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

    9) дизайнер;

    10) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

    11) хореограф;

    12) бағдарламашы;

    13) гример-пастижер;

    14) кітапханашы;

    15) библиограф;

    16) барлық мамандық мұғалімдері.

    3. Спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

    1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы;

    2) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

    3) оқу өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбесінің спорт клубының жаттықтырушысы; әдіскері; жаттықтырушы-оқытушысы.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.