«Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/506–6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 маусым 2026 ж.

    «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/506–6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/506–6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 76 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 3-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

    «2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;»;

    қосымшада:

    кестеде:

    реттік нөмірлері 3, 13, 16, 18, 23, 29, 39, 41, 42, 50, 57, 61, 65, 68, 72, 76, 78 -жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    Маршруттың нөмірі
    Әлеуметтік маңызы бар қатынастар
    3
    4
    «Оңтүстік» шағын ауданы – Шәмші Қалдаяқов көшесі
    13
    19
    Әуежай – Төле би көшесі
    16
    23
    Сейтжан Құртаев көшесі – Қапал батыр көшесі
    18
    26
    Санжар Жандосов көшесі – «Ақниет» шағын ауданы
    23
    35
    «Арғымақ» шағын ауданы – «11 шағын ауданы» аялдамасы
    29
    51
    «Бекжан» базары – Түркістан көшесі
    39
    66
    «Ынтымақ-2» шағын ауданы – «Тұран-2» шағын ауданы
    41
    68
    «Күншығыс» шағын ауданы – Юрий Гагарин көшесі
    42
    69
    Саяжол көшесі – «Бекжан» базары
    50
    96
    «Сәуле» шағын ауданы – «Қазығұрт» шағын ауданы – «Көмешбұлақ» аялдамасы
    57
    122
    №7 емхана – №142 мектеп – Азаттық көшесі
    61
    138
    «Тұрлан» шағын ауданы – Тәуке хан даңғылы
    65
    143
    «Бадам-2» тұрғын алабы – «Ордабасы» алаңы
    68
    147
    «Ордабасы» алаңы – «Ақжар» тұрғын алабы – «Құлагер» шағын ауданы
    72
    158
    «Самал» шағын ауданы – «18 шағын аудан» аялдамасы – «№13 емхана» аялдамасы
    76
    180
    «Көкбұлақ» тұрғын алабы – «Арбат» аллеясы» аялдамасы
    78
    191
    «Қарабастау» тұрғын алабы – Бауыржан Момышұлы көшесі
    »;
    мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 80, 81, 82 - жолдармен толықтырылсын:
    «
    Маршруттың нөмірі
    Әлеуметтік маңызы бар қатынастар
    80
    5
    «Құрсай» шағын ауданы – Республика даңғылы
    81
    8
    «Көл» аялдамасы – Мұнайбарлаушылар көшесі
    82
    207
    «Сайрам» тұрғын алабы – Nursultan Nazarbaev даңғылы
    ».
    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы

    Б. Нарымбетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.