2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі «Әлеуметтік кодексінің» 142-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 3 маусымдағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» №281 бұйрығына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметттердің осы қаулының 1, 2 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан қаласы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Аудан әкімі
А. Абдуллаев
Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 02 маусымдағы
№223 қаулысына
1 - қосымша
2026 жылға көрсетілетін 18 жасқа дейін психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға оңалту орталығында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қызметтерінің тарифтері
1. Жартылай стационар жағдайда әлеуметтік қызметтер көрсету;
|
№
|
Атауы
|
Қызмет алушыларға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге)
|
|
1.
|
Психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектігі бар балаларға оңалту орталығында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастан18 жасқа дейін)
|
504712,6
|
|
2.
|
Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға оңалту орталығында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастан 18 жасқа дейін)
|
504712,6
|
Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 02 маусымдағы
№223 қаулысына
2 - қосымша
2026 жылға көрсетілетін 1,5-18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға және жалғызілікті қарттар мен І-ІІ топ мүгедектігі бар азаматтарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету қызметтерінің тарифтері
1. Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
|
№
|
Атауы
|
Қызмет алушыларға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге)
|
|
1.
|
1,5-18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
|
96471,84
|
|
2.
|
Жалғызілікті қарттар мен І-ІІ топ мүгедектігі бар азаматтарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
|
96471,84
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.