«Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының корғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 413 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 маусым 2026 ж.

    «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының корғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 413 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 413 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24835 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

    1 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Осы «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жолдама беру тәртібін айқындайды.»;

    3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «3. Электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беруге арналған өтінім (бұдан әрі - өтінім) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде «цифрлық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жіберіледі.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметке негізгі талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде баяндалған.

    Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы тиісті цифрлық жүйелерден алады.

    Көрсетілетін қызметті алушы өтінім берген кезде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

    Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.»;

    6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «6. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.»;

    1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын;

    2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі

    Е. Нысанбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Экология және табиғи

    ресурстар министрі

    2026 жылғы 9 маусымдағы

    № 109 бұйрығына

    1-қосымша

    «Марқакөл мемлекеттік табиғи

    қорығы мекемесінің қорғау

    аймағында тұратын жергілікті

    халықтың мұқтажы үшін рұқсат

    етілетін әуесқойлық (спорттық)

    балық аулауды жүргізуге жолдама

    беру» мемлекеттік қызмет

    көрсету Қағидасына

    1-қосымша

    Нысан

    ________________________________

    (көрсетілетін қызмет берушінің

    толық атауы)

    _______________________________

    (көрсетілетін қызмет алушының толық атауы)

    мекенжайы

    ___________________________

    (ауыл, көше, № үй, № пәтер

    (егер бар болса), телефон)

    қызмет алушының деректемелері

    Өтінім Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруді сұраймын

    Өті­нім бой­ын­ша де­ректер
    Өті­ніш нө­мі­рі
    Құ­ры­л­ған кү­ні
    Адам­ның негіз­гі ақ­па­ра­ты
    Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Те­гі
    Аты
    Әке­сі­нің аты (бар бол­са)
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың тү­рі
    Но­ме­ры
    Се­ри­я­сы
    Бе­рі­л­ген кү­ні
    Аяқ­та­лу кү­ні
    Бер­ген ор­ган
    Ме­кен­жайы
    По­шта ин­дек­сі
    Ел/Об­лыс/Аудан / Ел­ді ме­кен
    Кө­ше ата­уы
    Үй/ғи­ма­рат нө­мі­рі
    Үй ин­дек­сі
    Пәтер/кең­се нө­мі­рі
    Те­ле­фон нө­мір­ле­рі
    Факс нө­мір­ле­рі
    Ен­гі­зі­л­ген де­ректер­ді тек­се­ру
    Ел­ді ме­кен
    Жос­пар­лан­ған аулау
    Ба­лық тү­рі
    Са­ны (қо­ры­тын­ды, ки­ло­грамм­да)
    Ба­ға­сы (тен­ге)
    Ба­лық аулау тү­рі
    Транс­порт тү­рі
    Транс­порт мар­ка­сы
    Мем­ле­кет­тік нө­мір­лік бел­гі
    Өті­ніш тү­рі ко­ды
    Қол­да­ны­лу мер­зі­мі дей­ін
    Ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­леу
    Мем­ле­кет­тік баж со­ма­сы, ай­лық есеп­тік көр­сет­кі­ші
    Мем­ле­кет­тік баж со­ма­сы, тен­ге
    Тө­лем тү­рі
    Тө­лем мәр­те­бе­сі
    Тө­лен­ген со­ма
    Құ­жат нө­мі­рі
    Құ­жат­тың кү­ні
    Тө­лем Бан­кі
    Са­лық ор­га­ны
    Бюд­жет­тік сы­нып­та­ма ко­ды)
    Тө­лем мақ­са­ты­ның ко­ды
    Же­ке сәй­кестен­ді­ру ко­ды
    Тө­лем тап­сыр­ма­сы­ның ска­нер­лен­ген кө­шір­ме­сі
    Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін ____________________________________________________________________
    Өтінім берілген күн «___» ______________ 20 ___ жыл.
    _____________________________________________________________________________ (Тегі,
    Аты, Әкесінің аты (бар болса), ЭЦҚ)

    Қазақстан Республикасының

    Экология және табиғи

    ресурстар министрі

    2026 жылғы 9 маусымдағы

    № 109 бұйрығына

    2-қосымша

    «Марқакөл мемлекеттік табиғи

    қорығының қорғау аймағында

    тұратын жергілікті халықтың

    мұқтажы үшін рұқсат етілетін

    әуесқойлық (спорттық) балық

    аулауды жүргізуге жолдама

    беру» мемлекеттік қызмет

    көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі Ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы және жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі ко­ми­те­ті «Мар­қа­көл мем­ле­кет­тік та­би­ғи қо­ры­ғы» Рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту кі­ші тү­рі­нің ата­уы (бар болған­да)
    Та­лап етіл­мей­ді
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    «цифр­лық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz, (бұ­дан әрі - Пор­тал)
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    2 (екі) жұ­мыс кү­ні
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    (Цифр­лық (іші­на­ра цифр­лан­ды­ры­л­ған)
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
    Мар­қа­көл мем­ле­кет­тік та­би­ғи қо­ры­ғы­ның кү­зет ай­ма­ғын­да тұ­ра­тын жер­гі­лік­ті ха­лық­тың мұқ­та­жы үшін рұқ­сат еті­л­ген әу­ес­қой­лық (спорт­тық) ба­лық аула­уды жүр­гізу­ге ар­нал­ған жол­да­ма­лар неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ту қыз­мет нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: цифр­лық.
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ту қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Ақы­лы
    8
    Жұ­мыс кесте­сі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның (бұ­дан әрі-Заң) 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 12.00-ден 13.00-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 8.00-ден 17.00-ға дей­ін.
    2) Пор­тал-жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі Ко­дек­с­ке және Заң­ның 5-ба­бы­на сәй­кес жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры Пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ту қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Осы Қа­ғи­да­лар­дың 1-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның цифр­лық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­нім.
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті цифр­лық жүй­е­лер­ден «цифр­лық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту көр­се­ту­ден бас тар­ту Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген
    1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған мә­лі­мет­тер­дің дәй­ек­сіз­ді­гі анық­тал­ған;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) ұсы­ны­л­ған мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша;
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
    11
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті Пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ту қыз­мет тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол­жет­кі­зу ре­жи­мін­де Пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.