Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлеріне келетін иммигранттар мен қандастарға қатысты уақтылы шаралар қабылдау жөніндегі мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомстваның ӘМ-де мем. тіркелуге жатпайтын бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлеріне келетін иммигранттар мен қандастарға қатысты уақтылы шаралар қабылдау жөніндегі мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасында көзделген талаптар мен шарттардың сақталуын қамтамасыз ету және көші-қон бақылауын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлеріне келген иммигранттар мен қандастардың Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасында көзделген талаптарды бұзу жағдайларына қатысты уақтылы шаралар қабылдау жөніндегі мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, осы бірлескен бұйрықты астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, полиция департаменттерінің назарына жұмыста басшылыққа алу үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.

    3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бірлескен бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бірлескен бұйрықтың 3-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және ішкі істер Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

    6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

    7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

    А. Ертаев

    Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

    Е. Саденов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрінің

    2026 жылғы 29 мамыр

    № 221

    Қазақстан Республикасы

    Ішкі істер министрлігі министрінің

    2026 жылғы 9 маусым

    № 407

    бірлескен бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлеріне келген иммигранттар мен қандастарға қатысты уақтылы шаралар қабылдау жөніндегі мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау қағидалары

    1-тарау. Жалпы қағидалар

    1. Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлеріне келген иммигранттар мен қандастарға қатысты уақтылы шаралар қабылдау жөніндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасында көзделген міндеттемелерді бұзу жағдайларында, Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлеріне келген иммигранттарға қатысты уақтылы шаралар қабылдау жөніндегі мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды, соның ішінде:

    1) қоныстану өңірінен бес жыл ішінде көшіп кеткен, қоныстану өңірінде уақытша болмаған тұрақты тұруға арналған рұқсатта көрсетілген тіркеу орны бойынша тұрмағаны;

    2) еңбек және кәсіпкерлік қызметті нақты жүзеге асырмаған не нақты жүзеге асырғанын растауы жоқ;

    3) олардың қоныстану өңірлерінде іс жүзінде болуы анықталмауы.

    2. Осы Қағидалар мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылдың мыналар бойынша тәртібін айқындайды:

    1) қоныстандыру өңірлеріне келген көшіп-қонушылардың Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына мониторингі;

    2) болу, тұру шарттарының, еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтің шарттарын бұзу фактілерінің анықталуы;

    3) мемлекеттік органдар, ұйымдар және ақпараттық жүйелер арасында мәліметтер алмасу;

    4) тексеру іс-шараларын жүргізу;

    5) Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ден қою шараларын қабылдау;

    6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына берілген рұқсаттың күшін жою туралы шараларын қолдану.

    3. Ведомствоаралық өзара іс-қимылдың қатысушылары мыналар болып табылады:

    1) жергілікті атқарушы органдар (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері);

    2) ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері;

    3) мемлекеттік еңбек испекциясының аумақтық органдары;

    4) өз құзыреті шегіндегі өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар.

    4. Өздеріне қатысты талаптардың сақталуын тексеру жүзеге асырылатын қоныстандыру өңірлеріне келген көшіп келушілер мониторинг объектілері болып табылады, оның ішінде олардың:

    1) қоныстану өңірінде тұруы;

    2) тіркелген жері бойынша тұруы;

    3) еңбек қызметін жүзеге асыру және кәсіпкерлік қызметтің түрлері;

    4) нақты орналасатын жері бойынша іс жүзінде болуы;

    5) көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауы.

    5. Осы Қағидалардың мақсаты мыналарды қамтамасыз ету болып табылады:

    1) Қазақстан Республикасының аумағында көшіп келушілердің және қандастардың болуының заңдылығы;

    2) тұрғылықты жері мен еңбек және кәсіпкер қызметтің түрлері туралы мәліметтердің анықтығы;

    3) мемлекеттік органдар арасында ведомствоаралық мәліметтер алмасу;

    4) көші-қон заңнамасының бұзылуын уақтылы анықтау;

    5) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде ден қою шараларын қабылдау.

    2-тарау. Мәліметтермен алмасу тәртібі

    6. Мониторингті, тексеруді не ден қоюды бастау үшін келесі келіп түскен мәліметтер негіздеме болып табылады:

    1) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен түскен;

    2) жұмыс берушілерден, салық органдарынан, жергілікті атқарушы органдардан, ішкі істер органдарынан алынған мәліметтерді ведомствоаралық автоматты түрде салыстыру нәтижелері бойынша, сондай-ақ атаулы тексерулердің қорытындылары бойынша, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша және заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздерден мәліметтер.

    7. Мәліметтер алмасу осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес автоматтандырылған режимде ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы, ведомствоаралық электрондық өзара іс-қимыл сервисі арқылы, цифрлық алмасудың техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда құжаттық нысанда жүзеге асырылады.

    8. Мәліметтер алмасуға:

    1) тұрғылықты жері бойынша тіркеу;

    2) тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару;

    3) мемлекеттік шекараны кесіп өту;

    4) еңбек қатынастарын ресімдеу, тоқтату не бұзу;

    5) міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың болуы;

    6) жеке табыс салығының болуы;

    7) дара кәсіпкер ретінде тіркелген жағдай;

    8) салық есептілігін ұсыну;

    9) нақты тұрғылықты жері;

    10) еңбек не кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың нақты орны;

    11) көшіп келуші немесе қандаспен байланыстың болуы не болмауы туралы деректер жатады.

    9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген мәліметтермен автоматтандырылған алмасу:

    1) нақты уақыт режимінде не тәулігіне кемінде 1 (бір) рет;

    2) ведомствоаралық сұрау салуды 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жіберу;

    3) 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жауапты ұсыну;

    4) шұғыл жағдайлар бойынша (белгіленбеуі орналасқан жері, кетуі) 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

    3-тарау. Тексерулер мерзімділігінің нысаны

    10. Мониторинг бастапқы, жоспарлы, жоспардан тыс тексерісі нысанында жүзеге асырылады.

    11. Бастапқы мониторинг көшіп келуші қоныстану өңірінде тіркелген күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде жүргізіледі және тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін, нақты қоныстанғанын, байланыс деректерінің бар-жоғын, жұмысқа орналасқанын не кәсіпкерлік қызметпен айналысу ниетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткені туралы тексеруді қамтиды.

    12. Жоспарлы мониторинг ай сайын алғашқы алты айда, тоқсан сайын алты айдан он екі айға дейін, жарты жылда бір рет бір жылдан 5 (бес) жылға дейін жүргізіледі.

    13. Жоспардан тыс мониторингтің негіздері мыналар болып табылады:

    1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлеріндегі тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару;

    2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту;

    3) тұрақты тұруға арналған рұқсатта көрсетілген тіркеу орны бойынша тұру талабы сақталмағаны туралы мәліметтердің келіп түсуі;

    4) 15 (он бес) жұмыс күнінен астам байланыстың болмауы;

    5) әлеуметтік төлемдер түспеуін растайтын еңбек және кәсіпкерлік қызмет туралы мәліметтері болмауы;

    6) бұзушылықтың өзге де белгілері.

    4-тарау. Тексерулерді жүргізудің тәртібі

    14. Мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік орган мыналарды жүргізу туралы келесі шешімдерді қабылдау туралы шешім қабылдайды:

    1) камералдық (цифрлық) ешқайда шықпай тексеру;

    2) тұрғылықты жері бойынша мекенжай арқылы тексеруі;

    3) жұмыс орны бойынша тексерулер;

    4) бақылау тексеру арқылы жүзеге асырылады.

    1-параграф. Камералдық (цифрлық) тексеру жүргізу

    15. Камералдық (цифрлық) тексеру шығусыз жүргізіледі және салық деректерінің мәліметтерін, әлеуметтік төлемдерді, еңбек шарттарын, шекарадан өтуді және мобильді/байланысқа қолжетімділік мәліметтерін (заңды негіздер болған жағдайда) салыстыруды қамтиды.

    16. Камералдық (цифрлық) тексеруді тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық органдары жүзеге асырады.

    17. Камералдық (цифрлық) тексерудің нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады, оған тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қол қояды, содан кейін тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумақтық ішкі істер органдарына құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлайды.

    2-параграф. Атаулы тексеруді жүргізу

    18. Мекенжайды тексеру иммигранттың немесе қандастың тіркелген жері бойынша жүргізіледі.

    19. Тексеру барысында көшіп келушілердің/қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің тұру фактісі, көршілердің, пәтер иелері кооперативінің/мүлік иелері бірлестігінің және жалға берушінің мәліметтеріне сәйкес нақты болмау кезеңі белгіленеді.

    20. Мекенжайлық тексеруді аумақтық ішкі істер органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.

    Учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілері, көші-қон қызметінің қызметкерлері:

    1) ішкі істер органдарында тұрақты тұруға рұқсат ресімдеген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың тұрғылықты жері бойынша – жарты жылда бір рет;

    2) көші–қон заңнамасының бұзылуы туралы ақпарат алған жағдайларда - дереу;

    3) жедел-профилактикалық іс–шараларды жүргізу барысында - жүргізу кезеңінде жүзеге асырылады.

    Учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілері бір тәулік ішінде көші-қон қызметі бөлімшелеріне анықталған бұзушылықтар мен қабылданған шаралар туралы растайтын мәліметтерді қоса бере отырып, тексеру нәтижелері туралы есеп беру арқылы тексеру нәтижелері туралы рапортпен хабарлайды (әкімшілік материалдар көшірмесі, сауалнамалар, фотоесеп және басқалар).

    21. Қазақстан Республикасының Үкімет анықтаған басқа қоныстандыру өңірлерінен шетел азаматтары анықталған жағдайларда бұзушылықтар тіркеледі, бұзушылық туралы ақпарат көші-қон қызметіне жіберіледі, ол кейіннен иммигранттың тұрақты тіркелген жері бойынша аумақтық полиция органына хабарлайды.

    3-параграф. Жұмыс орны бойынша тексеру жүргізу

    22. Жұмыс орны бойынша тексеруді мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық органдары жұмысқа орналасу туралы мәліметтер болған жағдайда жүргізеді.

    23. Жұмыс орны бойынша тексеру барысында мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық органдары:

    1) жұмыс берушіден еңбек қатынастары туралы мәліметтерді сұратады;

    2) еңбек шартының, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың, жұмыс уақытын есепке алу табелінің көшірмелерін талап етіп алдырады;

    3) еңбекақының есептелуін тексереді;

    4) міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтерді тексереді;

    5) адамның жұмыс орнында болу фактісін анықтайды;

    6) еңбек міндеттерін нақты атқару фактісін белгілейді.

    24. Тексеру нәтижелері бойынша жұмыс орны бойынша анықтама не тексеру актісі жасалады.

    4-параграф. Орналасқан жері айқындалмаған жағдайда және тіркелген жері бойынша уақытша болмауы кезінде тексеру жүргізу

    25. Орналасқан жері бойынша айқындалмаған жағдайда байланысты жоғалту актісі жасалады, ақпарат барлық мүдделі органдарға беріледі және көші-қон шаралары туралы мәселені қарау басталады.

    26. Уақытша болмаған кезде осы болмауының мерзімі белгіленеді, растайтын құжаттар сұратылады, күнтізбелік 30 (отыз) күннен асатын мерзімде ескерту жасалады немесе бақылау тексерісі тағайындалады.

    27. Расталған дәлелді себептер болған және иммигрант немесе кандаспен байланыс сақталған жағдайда уақытша болмау бұл бұзушылық болып табылмайды.

    3-тарау. Еңбек қызметі бойынша жалған мәліметтерді тіркеуге жол бермеу алгоритмі

    28. Шетел азаматтарымен еңбек қатынастарын жалған тіркеуге жол бермеу мақсатында сұранысқа ие кәсіптерге шетелдік жұмыс күшін тартуға негіздердің бар-жоғын тексеруді көздейтін ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмі енгізіледі:

    1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен талап етілетін кәсіптер бойынша шетелдік жұмыскерді тартуға ниет білдірген жұмыс беруші уәкілетті органға өтінішхат жібереді;

    2) шетелдік азаматпен еңбек шартын жұмыс беруші еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі - ЕШЕБЖ) тіркеген кезде орталықтандырылған тізілімде (интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы) тиісті өтінішхаттың болуын тексеру жүзеге асырылады;

    3) орталықтандырылған тізілімде келісілген өтінішхат туралы мәліметтер болмаған жағдайда, шетел азаматымен еңбек шартын тіркеуге жол берілмейді.

    4-тарау. Ден қою шаралары

    29. Тексеру нәтижелері бойынша мынадай ден қою шаралары қолданылады:

    1) хабарлама;

    2) ескерту;

    3) нұсқама;

    4) бақылаулық сүйемелдеу;

    5) жауапкершілік шараларына бастама жасау;

    6) рұқсат беру құжаттарының күшін жою не қолданысын жою;

    7) жазбаша түсініктемелерді талап ету.

    30. Ден қою шаралары бұзушылықтың сипатын, оның ұзақтығын, дәлелді себептердің болуын не болмауын, сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзудың тәуекел дәрежесін ескере отырып қолданылады.

    31. Көшіп-келушілер бұрын берілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты жою Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

    5-тарау. Қорытынды қағидалар

    32. Ден қою шараларының материалдары көші-қонды бақылаудың ақпараттық жүйесінде міндетті түрде есепке алынуға тиіс.

    33. Ведомствоаралық өзара іс-қимылға қатысатын мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынылатын мәліметтердің толықтығын, анықтығын және уақтылығын қамтамасыз етеді.

    34. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін кінәлі лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

    35. Осы Қағидалар ведомствоаралық өзара іс-қимылға қатысатын барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың орындауы үшін міндетті.

    Қазақстан Республикасының

    Үкіметі айқындаған қоныстандыру

    өңірлеріне келген иммигранттар

    мен қандастарға қатысты уақтылы

    шаралар қабылдау жөніндегі

    мемлекеттік органдардың

    өзара іс-қимыл жасау қағидаларына

    Қосымша

    Көшіп келушілердің және қандастар тарапынан бұзушылықтарды мониторингілеу үшін ведомствоаралық мәліметтер алмасу бойынша ИНТЕГРАЦИЯЛАР ЖОСПАРЫ

    Астана, 2026 ж.

    № р/с
    Ата­уы
    Аяқ­та­лу ны­са­ны
    Мер­зім орын­да­луы
    Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­лар
    1.
    Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық­тар жа­сал­ға­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер алу бө­лі­гін­де­гі ин­те­гра­ция (құқық бұ­зу­шы­лық өңі­рі көр­се­ті­ле оты­рып)
    Те­сті­леу ак­ті­сі
    2026 жы­л­ғы 2-тоқ­сан – 2026 жы­л­ғы 3-тоқ­сан
    (МО АЖ дай­ынды­ғы бой­ын­ша)
    ЕХ­ӘҚМ, ҚП БП ҚСжА­Е­АЖК
    2.
    Ауыр және аса ауыр қыл­мыстар жа­са­ған кез­де мә­лі­мет­тер алу бө­лі­гін­де­гі ин­те­гра­ция (қыл­мыстар өңі­рі көр­се­ті­ле оты­рып)
    Те­сті­леу ак­ті­сі
    2026 жы­л­ғы 2-тоқ­сан – 2026 жы­л­ғы 3-тоқ­сан
    (МО АЖ дай­ынды­ғы бой­ын­ша)
    ЕХ­ӘҚМ, ҚП БП ҚСжА­Е­АЖК
    3.
    Жол жү­рі­сі қа­ғи­да­ла­рын жүй­е­лі түр­де бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер алу бө­лі­гін­де ин­те­гра­ци­я­лау (құқық бұ­зу­шы­лық өңі­рі көр­се­ті­ле оты­рып)
    Те­сті­леу ак­ті­сі
    2026 жы­л­ғы 2-тоқ­сан – 2026 жы­л­ғы 3-тоқ­сан
    (МО АЖ дай­ынды­ғы бой­ын­ша)
    ЕХ­ӘҚМ, ҚП БП ҚСжА­Е­АЖК
    4.
    Ағым­да­ғы және та­ри­хи тұр­ғы­лық­ты ме­кен­жайы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді алу бө­лі­гін­де­гі ин­те­гра­ция
    Те­сті­леу ак­ті­сі
    2026 жы­л­ғы 2-тоқ­сан – 2026 жы­л­ғы 3-тоқ­сан
    (МО АЖ дай­ынды­ғы бой­ын­ша)
    ЕХ­ӘҚМ, Әді­лет­ми­ні
    5.
    Сұ­ра­ны­сқа ие кә­сіп­тер бой­ын­ша тар­ты­л­ған ше­тел­дік­тер бой­ын­ша қол­да­ухат­тың бо­луын тек­се­ру бө­лі­гін­де­гі ин­те­гра­ция
    Те­сті­леу ак­ті­сі
    2026 жы­л­ғы 2-тоқ­сан – 2026 жы­л­ғы 3-тоқ­сан
    (МО АЖ дай­ынды­ғы бой­ын­ша)
    ЕХ­ӘҚМ, ІІМ
    6.
    Ше­тел­дік­тер­дің сұ­ра­ны­сқа ие ма­ман­дық­тар тіз­бе­сі негі­зін­де тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат ал­ған­нан кей­ін­гі ең­бек қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­руы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді алу бө­лі­гін­де ин­те­гра­ция.
    Те­сті­леу ак­ті­сі
    2026 жы­л­ғы 2-тоқ­сан – 2026 жы­л­ғы 3-тоқ­сан
    (МО АЖ дай­ынды­ғы бой­ын­ша)
    ЕХ­ӘҚМ, ІІМ
    Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы
    ЕХӘҚМ – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
    ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
    Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
    ҚП БП ҚСжАЕАЖК – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.