«Қосшы каласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қосшы қаласының мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 85/19-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 маусым 2026 ж.

    «Қосшы каласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қосшы қаласының мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 85/19-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    Қосшы қаласы мәслихатының «Қосшы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 85/19-8 (Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 16 қантарда № 8687-03 болып тіркелді) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

    7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздер мыналар болып табылады:

    1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

    2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

    3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

    Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.

    Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.

    10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    10. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей азаматтардың келесі санаттарына жылына 1 рет:

    1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:

    оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    2) Отан қорғаушылар күніне – 7 мамыр:

    1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    3) Женіс күніне – 9 мамыр:

    Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ны қорғау жөніндегі басқа да ұрыс қимылдары кезінде әрекет етуші армия мен флот құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда және мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;

    1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    4) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне – 31 мамыр:

    саяси қуғын-сүргін құрбандарына немесе саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    5) Халықаралық әйелдер күніне – 8 наурыз:

    «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    6) Қарттар күніне – 1 қазан:

    зейнетақының ең төменгі мөлшерін және ең төменгі мөлшерден төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, сондай-ақ тек мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алатын зейнеткерлерге 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    7) Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күніне – қазан айының екінші жексенбісі:

    мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    8) Тәуелсіздік күніне – 16 желтоқсан:

    1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда кісі өлтіргені және милиция қызметкері мен халық жасақшысының өміріне қол сұққаны үшін сотталған адамдарды қоспағанда, қылмыстық істерді қайта қараудың қолданыстағы тәртібі сақталатын, «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

    11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамсыздандырудағы адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына өтініш бойынша көрсетіледі:

    1) табысты есепке алмай:

    «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6 және 7-баптарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы шегінде санаторий-курорттық емделуге жолдама құнын төлеу туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6, 7 және 8-баптарында көрсетілген адамдарға коммуналдық қызметтерге жұмсалған шығыстардың бір бөлігін өтеуге ай сайын 3,5 (үш жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) алты айдан кешіктірмей біржолғы 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған, адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы, қатерлі ісіктер сияқты әлеуметтік мәні бар аурулары бар адамдарға (отбасыларға) ауру түрлерінің біреуі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    туберкулез әлеуметтік мәні бар ауруы бар адамдарға жылына 1 рет біржолғы 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    диспансерлік есепте тұрған, адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар инфекция жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) күнкөріс минимумы мөлшерінде;

    қатерлі ісіктері бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 15 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    жасына байланысты зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, оларға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу қызметтері әзірленген жағдайда, Қазақстан Республикасы шегінде санаторий-курорттық емделуге жолдама құнын төлеу туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    2) табысты есепке ала отырып:

    Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлерінің түлектеріне, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, Қосшы қаласын газдандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес газдандырылуға жататын жеке тұрғын үйлерде тұратын, оның меншік иелері немесе меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын, өздерінің және отбасы мүшелерінің басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанның күнкөріс минимумының екі еселенген мөлшерінен аспайтын болса, тұрғын үйді газдандыруға біржолғы 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы

    Ә. Қуатбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.