Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 11/1 «Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 маусым 2026 ж.

    Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 11/1 «Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының «Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 27 наурыздағы № 11/1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8738-03 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Сандықтау аудандық мәслихатының төрайымы

    Г. Мұстафина

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.