«Железин ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезіңде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 наурыздағы № 98/8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Павлодар облысы Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Железин ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезіңде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 наурыздағы № 98/8 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7506-14 болып тіркелген).
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Железин аудандық мәслихатының төрағасы
Т. Даулетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.