Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 1 қазан 2025 ж.
Мұсабек ауылдық округі, Мойынқұм бекетіндегі атауы жөқ көшеге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімішілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4)-тамақшасына сәйкес, тиісті аумақтық халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 15 тамыздағы қорытындысы негізінде Мұсабек ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұсабек ауылдық округі Мойынқұм бекетінің атауы жоқ көшеге-Ізбасар Ахметұлы болып аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұсабек ауылдық округі бас маманы З.Әлібайға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі
Е.Тантыбай
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.