«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 маусым 2026 ж.

    «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

    реттік нөмірі 171-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    171.
    То­пы­рақ­та­ғы ар­найы жұ­мыстар
    43123
    рес­пуб­ли­ка­лық мен­шік / ком­му­нал­дық мен­шік
    1) «Ем­бi­мұ­най­газ» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы;
    2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Су ре­сур­ста­ры және ир­ри­га­ция ми­ни­стр­лі­гі «Қаз­су­шар» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
    үне­мі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Су ре­сур­ста­ры және ир­ри­га­ция ми­ни­стр­лі­гі «Қаз­су­шар» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны­на қа­ты­сты 2028 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­ға дей­ін
    »;
    мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 187-1-жолмен толықтырылсын:
    «
    187-1.
    Ба­лық және ба­лық өнім­де­рі­нің кө­тер­ме са­уда­сы
    46381
    рес­пуб­ли­ка­лық мен­шік / ком­му­нал­дық мен­шік
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Су ре­сур­ста­ры және ир­ри­га­ция ми­ни­стр­лі­гі «Қаз­су­шар» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны
    Қа­ра­ған­ды және Пав­ло­дар об­лы­ста­ры
    2028 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­ға дей­ін
    ».
    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.