«Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі жаңа редакцияда бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» №97-VII Заңының 9 бабының 1-2 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Созақ аудан әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы «Созақ ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Созақ ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімінің аппараттары және Созақ ауданы әкімдігінің дербес бөлімдері мемлекеттік мекемелерінің ережелерін жаңа редакцияда бекіту туралы» №214 және Созақ ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 шілдедегі «Созақ ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы «Созақ ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Созақ ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімінің аппараттары және Созақ ауданы әкімдігінің дербес бөлімдері мемлекеттік мекемелерінің ережелерін жаңа редакцияда бекіту туралы» №207 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Оразовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы
С. Маманов
Созақ ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «__» _________
№ ____ қаулысына қосымша
Созақ ауданы әкімдігінің «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) Созақ аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округінің, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі ғимарат 16, почталық индексі 161000.
10. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлім қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік орган ведомствосының немесе ведомствосы аумақтық бөлімшесінің немесе аумақтық органның мақсаттары, өкілеттіктері, құқықтары мен міндеттері
13.Мақсаттары:
1) стратегиялық дамудың ағымдық және преспективалық міндеттерін шешуге бағытталған мемлекеттік саясатты және мемлекеттік бағдарламаларды Созақ ауданының аумағында жүргізу;
2) ауданда мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық саясат, инфрақұрлым және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
3) ауданның жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, аудан шегіндегі өзгеде елді мекендердегі көшелерді, тұрғын-үй коммуналдық саланы дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
4)ресурстық және технологиялық базаны қайта ұйымдастыру негізінде инфрақұрылымның дамуына, кәсіпорындарды реформалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға, осы салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілерін қайта құрылымдау жөніндегі ұсыныстар даярлауға көмектесу;
5) аудан әкімдігінің тапсырмасы бойынша аса маңызды бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға ат салысу;
6) өз құзіретінің шегінде кәсіпорындардың және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы шаруашылық қызметтерін мониторингілеу;
7) меншік нысанына қарамастан ауданды жылу энергиясымен, сумен, отынмен, газбен тұрақты қамтамасыз етуде барлық қатысушылармен (жеткізушілермен тұтынушылар) бірлесе отырып іс-қимыл жасауын жедел үйлестіру;
8) Созақ ауданының аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастырады;
10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындайды;
11) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келіседі;
12)кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады.
13) тұрғын үй инспекциясының міндетін жүзеге асырады:
14) елді мекендердің шекаралары шегіндегі әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде
тұрғын үй қорын басқаруды, газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылау;
15) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау болып табылады.
16) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады;
14. Құқықтары мен міндеттері:
1) аймақтың дамуының басымдықтары мен стратегиясын әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізуіне;
2) аудан әкіміне, жергілікті және облыстық органдарға ауданның дамуының стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруға кедергі жасайтын, олар қабылдаған актілерді өзгерту немесе күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізуіне;
3) өз құзыреті шегінде міндетті түрде орындалуы үшін нұсқаулар беруіне және өндірістік нормативтік актілер жобасын дайындауға;
4) бөлімнің құзыретіне қатысы бар мәселелерді шешу жөнінде аудан әкіміне; әкімдігіне және аудандық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізуіне;
5) өз құзіретінің шегінде сыртқы экономикалық байланыстар орнату жөнінде тиісті ведомствалармен және ұйымдармен келіссөздер жүргізуіне;
6) ауданның кәсіпорындар, ұйымдар, қоғамдық құрылымдар мамандарын олардың басшыларымен келісімі бойынша тексерулер мен сараптаулар жүргізу, конкурстық комиссияларға қатыстыру үшін тартуына;
7) өз құзыреті мәселелері жөнінде келіссөздер жүргізуіне және келісімдерге, басқада заң актілеріне қол қоюына;
8) басқада мемлекеттік органдармен бірлесе отырып кәсіпорындарды іске қосу жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысуына;
9) өз құзіреті шегінде аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық қызметінің барлық субъектілері орындалуы үшін міндетті болып табылатын энергетика және тұрғын үй саясатын жүзеге асыру мәселелері жөнінде шешімдер қабылдауына;
10) өз өкілеттіліктерін жүзеге асыруда жол, су және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының кез-келген объектілеріне баруына;
11) басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып кәсіпорындардың экономикалық сауықтыру жөніндегі шараларын әзірлеуге және іске асыруға қатынасуына;
12) бөлімге жүктелген міндеттерді орындауы үшін өз құзырының шегінде мемлекеттік биліктің тиісті органдарынан, статистика органдарынан, ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындарынан ақпарат сұратуына және алуына;
13) бөлімнің осы Ережеде көрсетілген құқықтарымен қатар қолданыстағы заңнамаларымен берілген басқа да құқықтары бар.
15. Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында және аудан әкімдігімен айқындалатын мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтерді бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) ауданның өзі басшылық жасайтын кәсіпорындарының қызметін талдауы;
2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселері жөнінде аймақьық бағдарламалардың, өз құзырындағы мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және Үкіметтің қаулыларын, аудан әкімдігінің қаулылары мен аудан әкімінің шешімдерін орындау жөніндегі есептердің орындалуына және даярлануына мониторингті жүзеге асыруды;
3) ауданның инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларын дамыту басымдық бағдарламаларына талдау, түзету жүргізуді және оларды іске асыруға көмек көрсетуді;
4) аудан кәсіпорындарын күз-қыс жағдайында және су тасқыны кезеңінде жұмыс істеуге даярлау жөніндегі жұмыс үйлестіруді жүзеге асыруды және бақылау жасауды;
5) тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, құрылыс және жобалау саласында бәсекелестік рынокты дамытуға көмек көрсетуді;
6) коммуналдық меншіктегі мемлекеттік тұрғын үй қорының, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары кәсіпорындарының және құрылыстарының пайдаланылуын бақылауды;
7) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының дамуы шараларының орындалуына басшылық жасауды және бақылауды;
8) ауданның тұрғын үй саясатының іске асырылуына, өндірістік инфрақұрылымның дамуына талдау жүргізуді, түзету енгізуді және көмек көрсетуді;
9) ауданның стратегиялық даму жоспарына енгізілген басымдық объектілерді салуды аяқтау және құрылысын индустриясын дамыту үшін ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуға ықпал етуді;
10) тендерлер өткізуге ат салысады, сондай-ақ өз құзыры шегінде конкурстар өткізуді;
11) өз құзыры шегінде шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне мониторингті жүзеге асыруды,
12) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобидь жолдары жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыруды;
13) бюджеттік бағдарламарды іске асыруды бағалау және мониторингті жүзеге асыруды;
14) бөлім өзі уәкілетті органы болып табылатын кәсіпорындармен қатынаста мемлекеттік басқару органы функцияларын орындайды;
15) бөлім өз уәкілетті органы болып табылатын кәсіпорындармен қатынаста оларға мүліктің мақсатымен пайдаланылуына және сақталуына бақылау жүргізуді;
16) әкімшілері болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алушылар шегінде ақша қаражаттарының пайдалнылуына бақылау жасауды;
17) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларын сапаның халықаралық стандарттарын енгізуге;
18) өзі басқаратын саласында халықаралық стандарттарға сәйкес сапа жүйесін енгізуде мониторингті жүзеге асыруға;
19) Созақ ауданының әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы, ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары, «Тұрғын үй» қатынастарына және «Елді мекендерді көркейту-көгалдандыру» жұмыстарына байланысты бағдарламалардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады, оның орындалуына дербес жауап береді;
20) Заңда белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағының газ, су жүйелерінің құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру, құрылысын жүргізу жөніндегі қызметін үйлестіру;
21) елді мекендердің тіршілігін (энергиямен, сумен, су бұру және пайдалану) қамтамасыз ету, мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы жүйелерін пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, спорттық-сауықтыру обьектілерін, мәдениет және демалыс саябақтарын пайдалану және елді мекендердің тіршілігін (жылумен жабдықтау коммуналдық қалдықтарды көму, қалдықтар полигонын құру және пайдалану) қамтамасыз ету.
22) тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылау кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкіне тексеру жүргізуі арқылы жүзеге асырылады. Тексеруді Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жүргізу болып табылады.
23) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау жүзеге асырады;
көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастырады.
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін айқындайды.
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісуді жүзеге асырады.
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы №108 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10528 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығарады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді мақсатты пайдалануын тексеруді жүзеге асырады.
24)Коммуналдық және жеке меншіктегі су шаруашылығы құрылыс жайларының техникалық паспортын тіркеуді жүргізеді;
25) қолданылып жүрген заңнамаларға қайшы келмейтін бөлімнің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін басқада функцияларды орындайды;
26)ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
27)Тапсырыс беруші «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы деп таныған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізуді жүзеге асыру;
28) Аудан аумағында дамудың негізгі бағыттары, мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды аудан әкімдігі мен әкімнің қарауына енгізу;
29) Ауданның аудан әкімдігімен айқындалатын мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету.
30) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
31) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаржыларды ұтымды және тиімді жұмсалуына қамтамасыз ету.
32) аудан әкімдігімен айқындалатын мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асырады;
33) тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған тапсырманы қарастырады;
34) тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;
35) конкурсттық және аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтыру енгізеді;
36) конкурсттық және аукциондық комиссияның құрамын айқындайды және бекітеді
37) заңнамада белгіленген тәртіппен сараптау комиссиясын құрады немесе сарапшыны айқындайды;
38) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастырады;
39) конкурсттық құжаттаманың және аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіреді;
40) тапсырыс берушіге мәліметтерді сатып алу туралы шарт жобасын конкурсттық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурсттық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді жібереді;
41) заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;
42) заңнамада көзделген жағдайда конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға енгізілген өнімді қамтамасыз етуді тиісті бюджеттің кірісіне есептеуді немесе әлеуетті өнім берушіге қайтаруды қамтамасыз етеді;
43) бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды табыс еткен әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жібереді;
44) бір көзден алу тәсілімен әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жібереді;
45) заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы сотқа ұсынымдарды жібереді.
46) аудан аумағында қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады;
3-тарау. Мемлекеттік орган ведомствосының немесе ведомствосы аумақтық бөлімшесінің немесе аумақтық органның қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
17. Бөлімді басқаруды бірінші басшысы жүзеге асырады, «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
18. Бөлімнің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
бөлім қызметіне жалпы басшылық жүргізеді және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болады;
дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің Ережесінде айқындалатын өз құзіретіне сәйкес дербес шешеді;
бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;
шарттар жасасады;
сенімхаттар береді;
бөлімнің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді оқу орталықтарында оқытуға және біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
банк шоттарын ашады;
барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
бөлімнің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
бөлімнің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
бөлімнің қызметкерлерінің міндеттер мен өкілеттік аясын айқындайды:
оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және жергілікті атқару органымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
«Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4-тарау. Мемлекеттік орган ведомствосының немесе ведомствосы аумақтық бөлімшесінің немесе аумақтық органның мүлкі
22. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе,«Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органның ведомствосын немесе ведомствосы аумақтық бөлімшесін немесе аумақтық органын қайта ұйымдастыру және тарату
25. «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік орган ведомствосының немесе ведомствосы аумақтық бөлімшесінің немесе аумақтық органның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Шолаққорған-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
2) «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Созақ сәулет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
3) «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Созақ аудандық газ инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.