Алатау қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын белгілеу және бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 маусым 2026 ж.

    Алатау қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын белгілеу және бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1 тармағының 4-2 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Алатау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Алатау қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары – С.К. Шәуменге жүктелсін.

    Қала әкімі

    А. Өтенов

    Қала әкімдігінің

    2026 жылғы «___» _____

    № ___ қаулысына

    қосымша

    Алатау қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

    Сауда объектілерінің орналастыру орындары
    Аумағы (шаршы метр)
    Сауда қызметін жүзеге асыру мерзімі
    Өнім түрі
    1
    Алматы-Қонаев авто-трассасы бағытындағы 47 шақырымы (Алматы облысы, Алатау қаласы, Жаңаарна шағын ауданы, №24А)
    5000 м2
    1 жыл
    Ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы
    2
    Қонаев-Алматы авто-трассасы бағытындағы (Алматы облысы, Алатау қаласы, Жаңаарна шағын ауданы, №727)
    5000 м2
    1 жыл
    Ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.