Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/11 «Бурабай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бурабай аудандық мәслихатының «Бурабай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8686-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет, екі жылда 1 рет), өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері мен атаулы күндер тізбесі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
3) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;
4) 9 мамыр – Жеңіс күні;
5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
6) 1 қазан – Қарттар күні;
7) қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні;
8) 16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні.»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
4) ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.»;
10-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
10-тармақтың 4-тармақшасының 1 абзацы алынып тасталсын;
10-тармақтың 2) тармақшасы 2 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
10-тармақтың 2) тармақшасы 8 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
10-тармақтың 6-тармақшасы алынып тасталсын;
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына өтініш бойынша кірістерді есепке алмағанда көрсетіледі:
денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған және кешенді ем қабылдап жүрген қатерлі ісіктері бар адамдарға жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған және кешенді ем қабылдап жүрген қатерлі ісіктері бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
амбулаториялық емдеудегі туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын 6 айдан артық емес 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
амбулаториялық емдеудегі туберкулез ауруы бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 6 айдан артық емес 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6 және 7-баптарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;
абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде;
үлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, бір рет үш айдан кешіктірмей 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;
өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, бір рет үш айдан кешіктірмей 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;
аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге қалалық қоғамдық көлікте жол жүру билетінің толық құнын өтеуге ай сайын;
18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы мен төлем туралы құжаттарының негізінде, мүгедектігі бар балалардың бассейнге баруына арналған абонемент құнын өтеуге, ай сайын, жылына 6 (алты) айдан артық емес 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде.».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы
М.Нұрпанова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.