Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі
К. Аксакалов
Қостанай облысы әкімдігінің
2026 жылғы 5 маусымдағы
№ 155 қаулысына
қосымша
Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. «Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6206 болып тіркелген).
2. «Әкімдіктің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 149 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6980 болып тіркелген).
3. «Әкімдіктің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 61 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7566 болып тіркелген).
4. «Әкімдіктің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 161 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8389 болып тіркелген).
5. «Әкімдіктің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 227 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9904 болып тіркелген).
6. «Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 573 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10119-10 болып тіркелген).
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.