Абай облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 маусым 2026 ж.

    Абай облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Абай облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. «Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Е. Ә. Садырға жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Абай облысының әкімі

    Б. Уәли

    Абай облысы әкімдігінің

    2026 жылғы «2» маусымдағы

    № 89 қаулысына

    қосымша

    Абай облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері

    № р/б
    Қала/аудан
    1 мың адамға шаршы метр
    1.
    Семей қаласы
    2
    2.
    Курчатов қаласы
    63
    3.
    Абай ауданы
    47
    4.
    Ақсуат ауданы
    34
    5.
    Аягөз ауданы
    10
    6.
    Бесқарағай ауданы
    37
    7.
    Бородулиха ауданы
    20
    8.
    Жаңасемей ауданы
    32
    9.
    Жарма ауданы
    19
    10.
    Көкпекті ауданы
    49
    11.
    Мақаншы ауданы
    25
    12.
    Үржар ауданы
    16

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.