2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 142-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесімен мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Меркі ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылдың 01 қаңтарынан бастап орындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі
Е.Жиенкулов
Меркі ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «30» наурыздағы
№91 қаулысына
қосымша
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
|
№
|
Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсететін мекеменің түрлері
|
Қызмет алушылардың түрлері
|
Бір қызмет алушыға шаққандағы күндік тариф (теңгемен)
|
|
1.
|
Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсететін үкіметтік емес ұйымдар
|
1) психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар;
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар.
|
1026
|
|
2
|
Жартылай стационарлық жағдайларда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін
үкіметтік емес ұйымдар
|
1) Егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар.
|
14275
|
|
2) 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар.
|
17785
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.