Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына, «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттары айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Б. Исабаев
Жетісу облысы әкімдігінің
2026 жылғы «___» ______
№ ____ қаулысына
қосымша
Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттары
1. Жергілікті атқарушы органдардың борыштық міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша төлемдер.
2. Жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер.
3. Жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді, оның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысын және жалақыдан барлық ұсталымдар.
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақылар.
5. Алименттер, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар.
6. Тұрғын үй төлемдері, жеке тұлғаларға трансферттер, шәкіртақылар, банктік қызметтерге ақы төлем, бюджеттік субвенциялар, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
7. Тамақтануды ұйымдастыру және азық-түлік өнімдерін сатып алу жөніндегі қызметтер, дәрілік заттарды, киім-кешек пен жанармайды (ғимараттарды жылыту бөлігінде) сатып алу, коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, көлік қызметтері.
8. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және олардың салдары туындаған жағдайда жүргізілетін төлемдер.
9. Қызметтік іссапарлар мен қызметтік жол жүрулер.
10. Атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.