Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 518 «2026-2028 жылдарға арналған Әйтеке би кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №518 «2026-2028 жылдарға арналған Әйтеке би кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Әйтеке би кентінің бюджеті туралы» 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №518 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. 2026-2028 жылдарға арналған Әйтеке би кентінің бюджеті 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

    1) кірістер – 1282801 мың теңге, оның ішінде:

    салықтық түсімдер – 824900 мың теңге;

    салықтық емес түсімдер – 9226 мың теңге;

    негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 73605 мың теңге;

    арнаулы түсімдер – 0;

    трансферттер түсімі – 375070 мың теңге;

    2) шығындар – 1339809,9 мың теңге, оның ішінде;

    3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

    бюджеттік кредиттер – 0;

    бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

    4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

    қаржы активтерін сатып алу – 0;

    мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

    5) бюджет тапшылығы (профициті) – -57008,9 мың теңге;

    6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0;

    7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 57008,9 мың теңге;

    қарыздар түсімі – 0;

    қарыздарды өтеу – 0;

    бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 57008,9 мың теңге.».

    2. Аталған шешімнің 1, 4 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы

    Ғ. Әліш

    Қазалы аудандық мәслихатының

    2026 жылғы «02» маусымдағы

    №588 шешіміне 1-қосымша

    Қазалы аудандық мәслихатының

    2025 жылғы «23» желтоқсандағы

    №518 шешіміне 1-қосымша

    2026 жылға арналған Әйтеке би кенті бюджеті

    Санаты
    Сомасы, мың теңге
    Сыныбы
    Кіші сыныбы
    Атауы
    1. КІРІСТЕР
    1282801
    1
    Салықтық түсімдер
    824900
    01
    Табыс салығы
    658506
    2
    Жеке табыс салығы
    658506
    04
    Меншiкке салынатын салықтар
    155064
    1
    Мүлiкке салынатын салықтар
    3289
    3
    Жер салығы
    9460
    4
    Көлiк құралы салығы
    142315
    05
    Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар
    11330
    3
    Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер
    4400
    4
    Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар
    6930
    2
    Салықтық емес түсімдер
    9226
    01
    Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер
    8226
    5
    Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер
    8226
    04
    Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
    1000
    1
    Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
    1000
    3
    Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
    73605
    03
    Жердi және материалдық емес активтердi сату
    73605
    1
    Жерді сату
    64695
    2
    Материалдық емес активтерді сату
    8910
    5
    Трансферттердің түсімдері
    375070
    02
    Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер
    375070
    3
    Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер
    375070
    Функционалдық топ
    Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi
    Бағдарлама
    Атауы
    2. ШЫҒЫНДАР
    1339809,9
    1
    Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер
    342688
    124
    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
    342688
    001
    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
    245995
    022
    Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
    78600
    032
    Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары
    18093
    7
    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
    770371,5
    124
    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
    770371,5
    008
    Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру
    108197
    009
    Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету
    101627
    011
    Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру
    560547,5
    8
    Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк
    91161
    124
    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
    91161
    006
    Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау
    91161
    12
    Көлiк және коммуникация
    134750
    124
    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
    134750
    013
    Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету
    130231
    045
    Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу
    4519
    15
    Трансферттер
    839,4
    124
    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
    839,4
    048
    Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару
    839,4
    3. Таза бюджеттік кредиттеу
    0
    Бюджеттік кредиттер
    0
    Бюджеттік кредиттерді өтеу
    0
    4. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо
    0
    Қаржы активтерін сатып алу
    0
    Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер
    0
    5. Бюджет тапшылығы (профициті)
    -57008,9
    7.Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
    57008,9
    9
    Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары
    57008,9
    01
    Бюджет қаражаты қалдықтары
    57008,9
    1
    Бюджет қаражатының бос қалдықтары
    57008,9

    Қазалы аудандық мәслихатының

    2026 жылғы «02» маусымдағы

    №588 шешіміне 2-қосымша

    Қазалы аудандық мәслихатының

    2025 жылғы «23» желтоқсандағы

    №518 шешіміне 4-қосымша

    2026 жылға арналған аудандық бюджетте Әйтеке би кенті бюджетіне аудандық бюджет қаражаты есебінен берілетін нысаналы трансферттер

    Атауы
    Сомасы, мың теңге
    Ағымдағы нысаналы трансферттер
    375 070
    1
    Мемлекеттік қызметшілердің іссапар шығындарына
    1 377
    2
    Мәдени іс-шараларға қосымша
    4 052
    3
    Қ.Ерімбет көшесінде түнгі жарықшам бағаналарын жөндеу жұмыстары
    0
    4
    Р.Сабырбаев көшесі бойындағы түнгі жарықшамдарға жарықдиотты лента орнату
    5 170
    5
    Әйтеке би кенті көшелеріне автобус аялдамаларын орнату
    34 000
    6
    Әйтеке би кенті бойынша орналасқан спорттық ойын алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмысы
    15 500
    7
    Әйтеке би кентіне спорттық ойын алаңын орналастыру
    34 000
    8
    Әйтеке би кенті бойынша алаңдарды көркейту мақсатында гүл егу жұмысы
    15 000
    9
    Т.Сереев №2, В.Счастнов №2 «А» және Желтоқсан №44 мекен жайлардағы 2 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласын абаттандыруға
    21 000
    10
    Аудан әкімдігі маңындағы скверді абаттандыру, Жанқожа батыр көшесін көгалдандыру жұмыстары
    13 500
    11
    Т.Бөріқұлақов –Даулеткерей көшесі аралығындағы аяқ су арықтарына дамбы салуға
    10 902
    12
    Әйтеке би кенті көшелеріне бейне бақылау камераларын орнату
    5 000
    13
    Жетес би көшесін абаттандыру жұмыстары (жаяу жүргіншілер жолын салу)
    37 530
    14
    Қ.Пірімов көшесінің соңындағы стелла, көше бойындағы ескерткіштер және «Тәуелсіздік» монументіне ағымдағы жөндеу жұмыстары
    12 500
    15
    “Қазалы абаттандыру” КММ-сі теңгеріміндегі қызметтік автокөлікті ағымдағы жөндеу жұмыстарына
    3 300
    16
    Әйтеке би кентіндегі қоқыс алаңына (полигон) ағымдағы жөндеуге қажетті құрал жабдықтар сатып алуға
    10 000
    17
    Әйтеке би кентінің 10 көшесіне қиыршық тас қабатты ағымдағы жөндеу жұмысы
    22 500
    18
    Әйтеке би кентінің 6 көшесіне қиыршық тас қабатты ағымдағы жөндеу жұмысы
    45 407
    19
    Автомобиль жолдарын асфальт қабатты ағымдағы жөндеуге
    20 000
    20
    Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған контейнер сатып алуға
    6 000
    21
    Кеңсе жиһаздарын сатып алуға
    8 000
    22
    Сыртқы жиындар мен іс шараларға қажеттіліктерге байланысты 2 дана шатыр сатып алуға
    4 300
    23
    Әйтеке би кенттік мәдениет Үйіне музыкалық аппаратура сатып алуға
    9 413
    24
    Аудан аумағында пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға смарт білезікпен қамтамасыз етуге (20 білезік)
    5 000
    25
    Әйтеке би кентіндегі қиыршық тас төселген көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстарына қосымша
    946
    26
    Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке кентінің 7 көшесінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу және сараптамадан өткізу жұмыстарына
    4 519
    27
    Кенттің солтүстік батыс теміржолы өткелі жанындағы Қазақстан туы бейнеленген стелланы жөндеу (көлемі 20х4)
    2 680
    28
    Наурыз мерекесі қарсаңында орталық алаңға безендіру жұмыстарына
    6 000
    29
    Мәдени демалыс кешені алаңына егілген газондарға және гүлдерге тыңайтқыштар сатып алуға
    4 500
    30
    Әйтеке би кентінің бас қақпасын, «Таға» типтес арка және орталық көшелердегі аркаларды күтіп ұстау, жөндеу жұмыстарына (жарықдиодты ленталарды ауыстыру)
    3 000
    31
    Әйтеке би кенті бойынша орталық көшелердегі және алаңдарда орналасқан су бұрқақтарды (фонтан) күтіп ұстауға
    3 000
    32
    Бөріқұлақов көшесіне жасыл желекке қоршау жұмыстарына қажетті құрылыс материалдарын сатып алуға
    3 000
    33
    Әйтеке би кенті көшелеріндегі жарықшам бағаналарында орналасқан жарық диодты ленталарды күтіп ұстау жұмыстарына
    500
    34
    Әкімшілік теңгеріміндегі қызметтік үйга қажетті құрылыс материалдарын сатып алуға
    820
    35
    Қазалы мөлтек ауданын абаттандыру және парктік түнгі жарықшамдарын орнату жұмыстарына
    2 654

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.