Сандықтау ауданы әкімінің 2017 жылғы 3 мамырдағы № 1 «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 мамыр 2026 ж.

    Сандықтау ауданы әкімінің 2017 жылғы 3 мамырдағы № 1 «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Сандықтау ауданы әкімінің «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» 2017 жылғы 3 мамырдағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5945 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сандықтау ауданының әкімі

    С.Құдабай

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.