Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің «Тайынша Тазалық» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының таза табысының бір бөлігін аудару нормативі туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 мамыр 2026 ж.

    Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің «Тайынша Тазалық» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының таза табысының бір бөлігін аудару нормативі туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің «Тайынша Тазалық» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының таза табысының бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

    2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен:

    1) бағынысты кәсіпорынның аудандық бюджетке таза табысының тиісті бөлігін толық әрі уақтылы аударуына тұрақты бақылау орнатсын;

    2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде оны жариялауға жіберуді және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізуді қамтамасыз етсін;

    3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін, Тайынша ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылсын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Б. Әлжанов

    Тайынша ауданы әкімдігінің

    2026 жылғы «28» 05 № 217

    қаулысына қосымша

    Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің «Тайынша Тазалық» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының таза табысының бір бөлігін аудару нормативі

    3 000 000 теңгеге дейінгі таза кіріс
    Таза кіріс сомасының 5 пайызы
    3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейінгі таза кіріс
    150 000 теңге + 3 000 000 теңгеден асатын таза кіріс сомасының 10 пайызы
    50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейінгі таза кіріс
    4 850 000 теңге + 50 000 000 теңгеден асатын таза кіріс сомасының 15 пайызы
    250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейінгі таза кіріс
    34 850 000 теңге + 250 000 000 теңгеден асатын таза кіріс сомасының 25 пайызы
    500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейінгі таза кіріс
    97 350 000 теңге + 500 000 000 теңгеден асатын таза кіріс сомасының 30 пайызы
    1 000 000 001 теңгеден және одан жоғары таза кіріс
    247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңгеден асатын таза кіріс сомасының 50 пайызы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.