Шардара ауданы әкімінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 10 «Шардара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШТІМ:
1. Шардара ауданы әкімінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 10 «Шардара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443-13 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шардара ауданы аумағындағы сайлау учаскелерінде:
№ 858 сайлау учаскесінің орталығы жаңа редакцияда жазылсын:
«Орталығы: Шардара қаласы, И.Тайманов көшесі, №1Б үй, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің «№ 3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.»
№ 868 сайлау учаскесінің орталығы жаңа редакцияда жазылсын:
«Орталығы: Ұзын ата ауылдық округі, Ұзын ата ауылы, Ынтымақ көшесі, № 2А үй, Түркістан облысы Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Шардара аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынының Ұзын ата ауылдық «Мәдениет үйі» мекемесінің ғимараты.»
№ 908 сайлау учаскесінің орталығы жаңа редакцияда жазылсын:
«Орталығы: Алатау батыр ауылдық округі, Қазақстан ауылы, Абай көшесі, №2В үй, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің «Қазақстан жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.»
№ 871 сайлау учаскесінің орталығы жаңа редакцияда жазылсын:
«Орталығы: Қызылқұм ауылдық округі, Қызылқұм ауылы, Ә.Молдағұлова көшесі, № 17 үй, Түркістан облысы Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Шардара аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынының Қызылқұм ауылдық «Мәдениет үйі» мекемесінің ғимараты.»
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шардара ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
А. Карсыбаев
КЕЛІСІЛДІ:
Шардара аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
_________________С.Кошалиев
« » ________ 2026 жыл
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.