Жетісу облысында жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 мамыр 2026 ж.

    Жетісу облысында жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 4-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 87 «Мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20396 болып тіркелген) сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жетісу облысында жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына (келісім бойынша) жүктелсін.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыстық мәслихаттың төрағасы

    Г. Тойлыбаева

    Жетісу облыстық мәслихатының

    2026 жылғы «29» мамырдағы

    № 37-227 шешіміне қосымша

    Жетісу облысында жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі

    № р/н
    Қалалар және елді мекендердің санаты
    Жалға алу ақысының мөлшерлемелері 1 шаршы метрге айлық есептік көрсеткіштерінде (ай сайын)
    Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері
    Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері
    Археология ескерткіштері, ансамбльдер мен кешендер, киелі объектілер
    Монументтік өнер құрылыстары
    1.
    облыстық маңызы бар қалалар*
    0,8
    0,6
    1,0
    2.
    аудандық маңызы бар қалалар*
    0,6
    0,4
    0,8
    3.
    кенттер*
    0,4
    0,4
    0,6
    4.
    ауыл*
    0,2
    0,2
    0,4
    Ескерту:
    Мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелері жалға алу ақысының мөлшерлемелерін жалға алынатын алаңның шаршы метрдегі көлеміне көбейту жолымен шығарылады.
    Жалға алу ақысының мөлшерлемелері "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сай қалалар мен елді мекендердің санаттарын ескере отырып анықталады.
    облыстық маңызы бар қалалар*, оларға iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар және халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекендер жатады;
    аудандық маңызы бар қалалар*, оларға аумағында өнеркәсiп орындары, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, оқу және мәдени-ағарту, емдеу мен сауда объектiлерiнiң дамыған желісi бар, халқының саны кемiнде 10 мың адам болатын, халқының жалпы санының үштен екiсiнен астамын жұмысшылар, қызметшiлер және олардың отбасы мүшелерi құрайтын елдi мекендер жатады;
    кенттер*, оларға өнеркәсiп орындарының, құрылыстардың, темiр жол стансаларының және басқа да экономикалық тұрғыдан маңызды объектiлердiң жанындағы, халқының саны кемiнде 3 мың адам болатын, олардың кемiнде үштен екiсiн жұмысшылар, қызметшiлер және олардың отбасы мүшелерi құрайтын елдi мекендер жатады;
    кемiнде 2 мың халқы бар, жыл сайын емделу және демалу үшiн келетiндердің саны кемiнде олардың жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де кенттерге теңестiрiледi; оларға қала тұрғындарының жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемiнде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттері де жатады;
    ауыл* – халқының саны кемінде 50 адам болатын, олардың кемінде жартысын ауыл, орман және аңшылық шаруашылығымен, бал ара шаруашылығымен, балық аулау мен балық өсіру шаруашылығымен айналысатын қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері және денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары құрайтын елді мекен.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.