Импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 479-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрықтың көшірмесін оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мәдиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
бұйрығымен бекітілген/
Импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесі
|
№
|
Тауардың атауы
|
Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы
(СЭҚ ТН коды)
|
|
1.
|
Баспа машиналарының өзге де электрондық модульдері
|
8443991000
|
|
2.
|
Кем дегенде деректерді өңдеу орталық блогынан, пернетақта мен дисплейден тұратын, салмағы 10 килограмм аспайтын портативті есептеуіш машиналар
|
8471300000
|
|
3.
|
Бір корпуста кем дегенде деректерді өңдеудің орталық блогы және біріктірілген немесе біріктірілмеген енгізу және шығару құрылғысы бар өзге де есептеу машиналары
|
8471410000
|
|
4.
|
Жүйелер түрінде жеткізілетін өзге де есептеу машиналары
|
8471490000
|
|
5.
|
8471 41 немесе 8471 49 субпозициясында сипатталғандардан басқа, бір корпуста мына құрылғылардың біреуі немесе екеуі бар немесе жоқ деректерді өңдеу блоктары: есте сақтау құрылғылары, енгізу құрылғылары, шығару құрылғылары
|
8471500000
|
|
6.
|
Бір корпуста есте сақтау құрылғылары бар немесе жоқ өзге де енгізу немесе шығару құрылғылары
|
8471607000
|
|
7.
|
Орталық есте сақтау құрылғылары
|
8471702000
|
|
8.
|
Магнитооптикалықтарды қоса алғанда, оптикалық дискілерде есте сақтау құрылғылары
|
8471703000
|
|
9.
|
Қатты магнитті дискілерде есте сақтау құрылғылары
|
8471705000
|
|
10.
|
Дискідегі өзге де есте сақтау құрылғылары
|
8471707000
|
|
11.
|
Магниттік таспадағы есте сақтау құрылғылары
|
8471708000
|
|
12.
|
Өзге есте сақтау құрылғылары
|
8471709800
|
|
13.
|
Есептеу машиналарының құрылғылары, өзгелер
|
8471800000
|
|
14.
|
Есептеуіш машиналар және олардың блоктары; магниттік немесе оптикалық есептеуіш құрылғылар, деректерді кодталған нысандағы ақпарат тасығыштарға тасымалдауға арналған машиналар және осындай ақпаратты өңдеуге арналған, басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген машиналар
|
8471900000
|
|
15.
|
Есептеуіш машиналар мен олардың блоктарына аудиодабылдарды өңдеуге мүмкіндік беретін аппаратура (дыбыстық карталар); есептеуіш машиналар мен олардың блоктарын жаңғыртуға арналған, бөлшек саудаға арналған, кем дегенде дауыс зорайтқыштардан және/немесе микрофоннан және есептеу машинасына және оның блоктарына аудиодабылдарды өңдеуге мүмкіндік беретін электрондық модульден (дыбыстық карталар) тұратын жиынтықтар
|
8473302002
|
|
16.
|
8469-8472 екі немесе одан да көп тауар позицияларына кіретін машиналарға тең дәрежеде арналған электрондық модульдер
|
8473502000
|
|
17.
|
Жартылай өткізгіш құралдарды немесе электрондық интегралды схемаларды шығаруға арналған, ультрадыбыстық процестерді пайдалана отырып жұмыс істейтін станоктар
|
8486201000
|
|
18.
|
Жартылай өткізгіш құралдар өндірісінде пайдаланылатын лазерден басқа, жарық немесе фотонды сәулелену процестерін пайдалана отырып жұмыс істейтін өзге де машиналар мен аппаратура
|
8486209001
|
|
19.
|
Жартылай өткізгіш материалдардағы суретті құрғақ өңдеуге арналған, жартылай өткізгіш аспаптарды немесе электрондық интегралды схемаларды шығаруға арналған өзге де машиналар мен аппаратура
|
8486209002
|
|
20.
|
Жартылай өткізгіш құралдарды немесе электрондық интегралды схемаларды шығаруға арналған фоторезисті жоюға немесе жартылай өткізгіш пластиналарды тазалауға арналған қондырғылар
|
8486209003
|
|
21.
|
Жартылай өткізгіш аспаптар өндірісінде пайдаланылатын ию, жиекті ию, дұрыс (престерді қоса алғанда) машиналар
|
8486209004
|
|
22.
|
Сенсибилизацияланған жартылай өткізгіш материалдарға маска суретін кескіндеуге немесе түсіруге арналған аппаратура
|
8486209005
|
|
23.
|
Жартылай өткізгіш құралдарды немесе электрондық интегралды схемаларды шығаруға арналған өзге де машиналар мен аппаратура
|
8486209009
|
|
24.
|
Төмен температуралы дәнекерлеуге арналған дәнекерлеуіштер мен дәнекерлеуші пистолеттер
|
8515110000
|
|
25.
|
Радионавигациялық аппаратура: радионавигациялық қабылдағыштар
|
8526912000
|
|
26.
|
Радионавигациялық аппаратура: өзгелері
|
8526918000
|
|
27.
|
Өзге де қашықтықтан басқару радиоаппаратурасы
|
8526920008
|
|
28.
|
Тек қана немесе негізінен 8471 тауар позициясының есептеу жүйелерінде пайдаланылатын өзге де мониторлар
|
8528521000
|
|
29.
|
Өзге де мониторлар: түрлі-түсті
|
8528599009
|
|
30.
|
Тек қана немесе негізінен 8471 тауар позициясының есептеу жүйелерінде пайдаланылатын проекторлар
|
8528621000
|
|
31.
|
8471 тауар позициясының есептеу машиналарымен пайдалану үшін тікелей қосылатын және әзірленген проекторлар, өзгелері: жалпақ дисплей панелінің (мысалы, сұйық кристалдардағы құрылғылар) көмегімен жұмыс істейтін, есептеу машинасынан алынған цифрлық ақпаратты көрсете алатын
|
8528623000
|
|
32.
|
Өзге де түрлі-түсті, айқындығы 2048 х 1080 пиксель цифрлық проекторлар және 8471 тауар позициясының есептеу машиналарымен тікелей қосылатын және олармен бірге пайдалану үшін әзірленген проекторлар
|
8528629001
|
|
33.
|
Құрамына бейнедисплей немесе экран қосылмайтын телевизиялық байланысқа арналған қабылдау аппаратурасы: бейнетюнерлер, есептеуіш машиналарға кірістіруге арналған электрондық модульдер
|
8528711100
|
|
34.
|
Интернетке қол жеткізу үшін модемді қамтитын және интерактивті ақпараттық алмасу функциясы бар, телевизия сигналдарын (коммуникациялық функциясы бар телевизиялық қабылдағыштар) қабылдауға қабілетті, өз құрамына бейнедисплей немесе экранды қосуға арналмаған бейнетюнерлер, микропроцессор негізіндегі аспаптары бар аппараттар
|
8528711500
|
|
35.
|
Интернетке қол жеткізуге арналған модемді қамтитын және интерактивті ақпараттық алмасу функциясы бар, телевизия сигналдарын (коммуникациялық функциясы бар телевизиялық қабылдағыштар) қабылдауға қабілетті, өз құрамына бейнедисплей немесе экран енгізуге арналмаған модемді қамтитын микропроцессор негізіндегі құралдар мен өзге де аппараттар
|
8528719100
|
|
36.
|
Телевизиялық байланысқа арналған қабылдау аппаратурасы: сұйық кристалды дисплейлер технологиясы бойынша орындалған экраны бар өзге де түрлі-түсті суреттер
|
8528724000
|
|
37.
|
Телевизия байланысына арналған қабылдау аппаратурасы: плазмалық панельдер технологиясы бойынша орындалған экраны бар өзге де түрлі-түсті бейнелер
|
8528726000
|
|
38.
|
8524–8528 тауар позицияларындағы аппаратураға арналған бөліктер, өзге де: 8525 81 110 0, 8525 81 190 0, 8525 82 110 0, 8525 82 190 0, 8525 83 110 0, 8525 83 190 0, 8525 89 110 0, 8525 89 190 0 қосалқы субпозицияларындағы телевизиялық камералар үшін және 8527 және 8528 тауар позицияларындағы аппаратура үшін.
|
8529909200
|
|
39.
|
Электрондық интегралды схемалар: 32 нанометрден аспайтын технологиялық процесс бойынша өндірілген микропроцессорлар: осы топқа арналған 8б (ІІІ) ескертуде аталған есте сақтау құрылғыларымен, түрлендіргіштермен, логикалық схемалармен, күшейткіштермен, синхрондаушылармен немесе басқа да схемалармен біріктірілген немесе біріктірілмеген тауарлар
|
8542311001
|
|
40.
|
Аудармашының немесе сөздіктің функциялары бар электр машиналары: осы топтың басқа жерінде аталмаған немесе енгізілмеген жеке функциялары бар электр машиналары мен аппаратура
|
8543701000
|
|
41.
|
Осы топтың басқа жерінде аталмаған немесе енгізілмеген өзге де электрондық өлшеу немесе бақылау құралдары, құрылғылары мен машиналары
|
9031803800
Ескерту:
1. Қосылған құн салығынан босату мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген.
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.