Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 наурыздағы «Павлодар қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесінің жоғарылату туралы» № 363/50 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6279 болып тіркелген);
2) Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» № 9/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7239 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қалалық маслихатының төрағасы
Қ. Кожин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.