Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 маусым 2026 ж.

    Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

    Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 581-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

    2. Автотұрақтар (паркингтер) санаттарна қарай автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы

    Қ. Кожин

    Павлодар қалалық

    мәслихатының 2026 жылғы

    3 маусымдағы

    № 322/42 шешіміне

    1-қосымша

    Павлодар қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

    р/с №
    Автотұрақтардың (паркингтердің) типтері және түрлері
    Автотұрақтардың (паркингтердің) мақсаты
    Павлодар қаласындағы нысаналы мақсат жіктемесіне сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты
    Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты
    1
    Қызметтік автотұрақтар (паркингтер)
    Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын тегін негізде сақтау
    Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін
    1 санат
    2
    Айыппұл автотұрақтар
    Автокөлік құралдарын айыппұл автотұрақтарында сақтау
    Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін
    3
    Су көлік құралдарының тұрақтары
    Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі су көлік құралдарын сақтау
    Су көлік тұрақтарын пайдалану және қызмет көрсету үшін
    4
    Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының көлік құралдарын мен велокөлік парковкалары
    Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының автокөлік құралдарын мен велокөлігін сақтау
    Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін
    5
    Тәулік бойы бір орынға бірнеше жүк машиналары тұрақталатын және тәуліктік немесе сағаттық режим қолданатын автотұрақтар (паркингтер)
    Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жүк автокөлік құралдарын қысқа мерзімді сақтау
    Автотұрақтарды (паркингтер) пайдалану және қызмет көрсету үшін
    2 санат
    6
    Ғимараттардың цокольдық және (немесе) жерасты деңгейлерінде орналасқан және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер), тұрақ орындары
    Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын ақылы негізде сақтау
    Автотұрағы (паркингі) бар ғимаратты, құрылысты, имаратты пайдалану және қызмет көрсету үшін
    7
    Тұрақты бекітілген орындармен күрделі құрылыспен байланысты көп деңгейлі автотұрақтар (паркингтер)
    Жыл сайынғы белгіленген төлеммен жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын сақтау
    Көп деңгейлі автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін
    8
    Тәулік бойы бір орынға бірнеше жеңіл машина қойылатын және тәуліктік немесе сағаттық тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер)
    Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын қысқа мерзімді сақтау
    Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін
    3 санат

    Павлодар қалалық

    мәслихатының 2026 жылғы

    3 маусымдағы

    № 322/42 шешіміне

    2-қосымша

    Автотұрақтарға (паркингтерге) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту

    Автотұрақтың (паркингтің) санаты
    Базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту (есеге)
    1 санат
    1
    2 санат
    5
    3 санат
    10

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.