«Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Павлодар қалалық мәслихатының 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 314/41 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 маусым 2026 ж.

    «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Павлодар қалалық мәслихатының 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 314/41 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Павлодар қалалық мәслихатының 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 314/41 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген, Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

    жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

    «Павлодар қалалық

    мәслихатының

    2026 жылғы 9 сәуірдегі

    № 314/41

    шешімімен бекітілген»;

    4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.

    5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

    1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

    2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

    3) 26 сәуір - радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күні;

    4) 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні;

    5) 9 мамыр - Жеңіс күні;

    6) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

    7) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні;

    8) 1 қазан- Карттар күні;

    9) 25 қазан - Қазақстан Республикасының күні;

    10) 16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

    Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді және күнтізбелік бір жылда бір рет тағайындалады.

    Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.»;

    7-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «8) ақшалай түрдегі әлеуметтік көмек:

    Жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқу мерзімінің аяқталуына дейін оқуға әлеуметтік көмек алғандарға оқу қызметтерін көрсету туралы үш жақты келісімшарттағы соманың мөлшерінде, өтінішпен құжаттарды қоса отырып;

    Жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқу мерзімінің аяқталуына дейін оқуға әлеуметтік көмек алғандарға тұруға, тамақтануға және оқу орнына тұру орнына жету үшін оқу кезеңінде ай сайын 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде;

    18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға бір реттік әлеуметтік көмек 3 (үш) АЕК мөлшерінде;»;

    13 және 14-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

    «13. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Павлодар қаласы бюджетінде ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

    Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.

    Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.

    Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.

    14. Мынадай:

    1) алушы қайтыс болған;

    2) алушы тұрақты тұру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге кеткен;

    3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген;

    4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің анық еместігі анықталған;

    5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.

    Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Қағидалардың 7-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.

    Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

    Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.»;

    19 және 20-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

    «19. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім негізінде мемлекеттік корпорация:

    біржолғы төлемдер бойынша – күн сайын;

    ай сайынғы және тоқсан сайынғы төлемдер бойынша төлем жасалатын айдың алдындағы айдың - 27-і күні әлеуметтік көмек төлеу үшін бюджет қаражатына сұранысты қалыптастырады.

    20. Сұраныс қалыптастырылғаннан кейін мемлекеттік корпорация келесі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім жібереді.

    Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомалары туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражат аударады.

    Айдың 27-і күнінен кейін түскен әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомалары туралы өтінімдер бойынша ақшалай қаражатты әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган келесі айдың 1-і күнінен кейін мемлекеттік корпорацияға аударады.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы

    Қ. Кожин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.