Балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 маусым 2026 ж.

    Балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 43) тармақшасына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 426) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

    1. Мыналар:

    1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

    2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

    2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

    1) «Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 188 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21087 болып тіркелген);

    2) «Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 188 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 398 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24694 болып тіркелген).

    3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Сапаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2026 жылғы 1 маусымдағы

    № 213 бұйрығына 1-қосымша

    «Су тарту және ағызу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Су тарту және ағызу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 43) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-85) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Су тарту және ағызу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

    2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) балық қорғау құрылғысы – балық ресурстары мен басқа да су жануарларының су алу және ағызу құрылыстарына түсуін болдырмауға арналған құрылғы;

    2) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

    3) су тарту құрылысы – су объектілерінен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешені;

    4) ағызу құрылысы – су қоймасының артық толып кетуін болдырмау, сондай-ақ суды төменгі бьефке пайдалы өткізу үшін суды ағызуға (өткізуге) арналған су өткізу құрылысы;

    5) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін цифрлық объект;

    6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтімен және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған, электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).

    3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

    2-тарау. «Су тарту және ағызу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

    4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісуге арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш) береді.

    5. Су тарту және ағызу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 221 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18783 болып тіркелген) (бұдан әрі – су тарту және ағызу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптар) бекітілген.

    Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

    6. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты туралы хабархат көрсетіледі.

    Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаны куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

    7. Портал мен цифрлық жүйелердің өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 83-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

    8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері өтініш келіп түскен күні оны «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорының цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау») тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты қызметкерді айқындайды.

    Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    Қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар болған жағдайда, кеңсе жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады. Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушыға «Е-лицензиялау» цифрлық жүйесі арқылы жолданады.

    Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

    9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған уәжді бас тартуды көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.

    Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

    Көрсетілетін қызметті берушінің су тарту құрылысының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісуден бас тартуы көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуда көрсетілген ескертулерді жойғаннан кейін қайта өтініш беру мүмкіндігін жоққа шығармайды.

    10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жауапты құрылымдық бөлімше өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – су тарту құрылысының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісуді рәсімдейді.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы «Е-лицензиялау» жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

    11. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

    12. Уәкілетті орган Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты порталдың цифрлық инфрақұрылымы операторына жібереді.

    3-тарау. «Су тарту және ағызу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    13. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті орган ведомствосының, уәкілетті орган басшысының атына немесе мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

    Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды тұлғаға) жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды жоғары тұрған органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды тұлғаға) жібермейді.

    14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

    көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган ведомствосы, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

    мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

    Көрсетілетін қызметті берушінің, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

    1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не барып тексеру;

    2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

    Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау өкілеттігі берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз тасығышта берілген кезде) немесе электрондық түрде (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

    15. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

    «Су тарту және ағызу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    ____________________________

    (балық шаруашылығы саласындағы

    уәкілетті орган ведомствосының

    аумақтық бөлімшесінің атауы)

    ____________________________

    (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

    (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы

    ____________________________

    (мекенжайы, телефон және факс нөмірі)

    ____________________________

    (бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке

    сәйкестендіру нөмірі)

    Су тарту және ағызу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісуге арналған өтініш

    _____________________________________________орнатуға келісім беруіңізді

    сұраймын.

    _____________________________________________________________________

    Су тарту құрылысының түрі _____________________________________________

    _____________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________ (қысқаша сипаттамасы)

    Балық қорғау құрылғысының түрі _______________________________________

    _____________________________________________________________________ (қысқаша сипаттамасы)

    Су объектісінің (су айдыны, облыс, аудан, кент, ауыл) атауы және орналасқан жері:

    _____________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________

    Су айдынының атауы___________________________________________________

    Су тарту және ағызу құрылыстарының балық қорғау құрылғысын орнатуды

    жүргізу күні/мерзімі: ___________________

    _____________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________

    Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және цифрлық жүйелерде

    қамтылған, заңмен қорғалатын құпиялардан тұратын мәліметтерді пайдалануға

    келісім беремін.

    Өтініштің берілген күні 20__ жылғы «___» __________

    _____________________________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)

    «Су тарту және ағызу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    «Су тарту және ағызу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1
    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері
    2
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)
    «Цифрлық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы
    3
    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
    2 (екі) жұмыс күні
    4
    Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
    Цифрлық (ішінара цифрландырылған)
    5
    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
    Су тарту және ағызу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу не уәжді бас тарту
    6
    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
    Тегін
    7
    Жұмыс графигі
    1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 12.30-ден 14.0-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін;
    2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Кодекске және Заңның 5-бабына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.
    8
    Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұралатын құжаттар мен мәліметтердің тізімі:
    1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған су тарту және ағызу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісуге арналған өтініш;
    2) су тарту және құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына арналған жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі.
    Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
    9
    Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер
    1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және олардағы мәліметтердің дұрыс еместігінің анықталуы;
    2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметпен немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
    3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айыру туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.
    10
    Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
    Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алады.
    Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы хабархатты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігіне ие.

    Су тарту және ағызу құрылыстарына балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    [Уәкілетті
    органның атауы]
    [Наименование
    уполномоченного органа]
    Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
    Берілген күні: [берілген күні]
    [Көрсетілетін қызметті алушының атауы]
    Тіркеу орны: облыс:
    [Облыс] Ауданы: [Аудан]
    Қала / елді мекен: [қала/елді мекен]
    [жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі] [БСН/ЖСН]
    Мемлекеттік тіркеу күні [күні]
    Бас тарту себебі:
    [Бас тарту себебі] [қол қоюшы көрсетілетін қызметті берушінің лауазымы]
    [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]

    «Су тарту және ағызу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    Су тарту және ағызу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу

    Нөмірі: ___________ Берілген күні: ____________

    Берілді: ____________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

    Су тарту және ағызу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларының типтері

    _____________________________________________________________________

    Ұзындығы (метрмен) ___________________________________________________

    Ені (метрмен) _________________________________________________________

    Биіктігі (немесе су тарту және ағызу құрылыстарының балық қорғау

    құрылғыларын орнату тереңдігі) _________________________________________

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы

    комитетінің аумақтық бөлімшесінің басшысы

    _____________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2026 жылғы 1 маусымдағы

    № 213 бұйрығына 2-қосымша

    «Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және «Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-бабының 426) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін анықтайды.

    2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

    1) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында басқаруды, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салалараралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

    2) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін цифрлық объект;

    3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтімен және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған, электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).

    3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

    2-тарау. «Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

    4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беруге өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

    5. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

    6. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты туралы хабархат көрсетіледі.

    Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаны куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

    7. Портал мен цифрлық жүйелер арасындағы өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 83-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

    8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері өтініш келіп түскен күні оны «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорының цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау») тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты жұмыскерді айқындайды.

    Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    Қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар болған жағдайда, кеңсе жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады. Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушыға «Е-лицензиялау» цифрлық жүйесі арқылы жолданады.

    9. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбенің 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

    10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде уәкілетті адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.

    11. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

    Көрсетілетін қызметті берушінің бас тартуы көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуда көрсетілген ескертулерді жойғаннан кейін қайта өтініш беру мүмкіндігін жоққа шығармайды.

    12. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші «Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 304 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14117 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтаманы ресімдейді.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы «E-лицензиялауда» көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

    13. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

    14. Уәкілетті орган Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты порталдың цифрлық инфрақұрылымы операторына жібереді.

    3-тарау. «Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті орган ведомствосының, уәкілетті орган басшысының атына немесе мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

    Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды тұлғаға) жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды жоғары тұрған органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды тұлғаға) жібермейді.

    16. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

    көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган ведомствосы, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

    мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

    Көрсетілетін қызметті берушінің, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

    1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не барып тексеру;

    2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

    Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау өкілеттігі берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз тасығышта берілген кезде) немесе электрондық түрде (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

    17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

    «Балықтың қайдан ауланғаны

    туралы анықтама беру» мемлекеттік

    қызметін көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    ____________________________

    (балық шаруашылығы саласындағы

    уәкілетті орган ведомствосының

    аумақтық бөлімшесінің атауы)

    ____________________________

    (жеке тұлғаның аты,

    әкесінің аты (бар болса), тегі,

    жеке сәйкестендіру нөмірі,

    заңды тұлғаның атауы)

    мекенжайы___________________

    (индекс, облыс, қала, аудан,

    көше, үй №, пәтер № (бар болса),

    телефон нөмірі)

    ____________________________

    (бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

    Балықтың қайдан ауланғаны туралы өтініш

    Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беруіңізді сұраймын. Ауланған балық немесе басқа су жануарлары туралы ақпарат: табиғи мекендеу ортасынан алынған/ мелиоративтік аулау шеңберінде балық/басқа су жануарлары үшін (қажеттісін көрсету керек)

    _____________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________

    Ауланған жердің (су айдыны учаскесінің) атауы
    Балық ресурстарының және (немесе) басқа да су жануарларының түрлері
    20__ жылғы 1 қаңтардан
    20__ жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленген кво-а/лимит (тонна) (табиғи мекендеу ортасынан алынған балық ресурстары және (немесе) басқа да су жануарлары үшін)
    Мелио-ративтік аулау шеңбе-рінде (тонна)
    20__ жылғы «__» ____ жай-күй бойынша өтініш берген күні мәлімделген аулау көлемі (тонна)
    20__ жылғы «__» ___ жай-күй бойын-ша қалдық (тонна)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсаттың нөмірі мен күні ________________________________________________________
    Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
    Өтініш берілген күн 20___жылғы «___» ____________

    ___________________________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)

    «Балықтың қайдан ауланғаны

    туралы анықтама беру»

    мемлекеттік қызметін

    көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    «Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1
    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері
    2
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)
    «Цифрлық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал)
    3
    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
    2 (екі) жұмыс күні
    4
    Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
    Цифрлық (ішінара цифрландырылған)
    5
    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
    Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама не уәжді бас тарту
    6
    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республи-касының заңнамасын-да көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
    Тегін
    7
    Жұмыс графигі
    1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 12.30-ден 14.0-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін;
    2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Кодекске және Заңның 5-бабына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.
    8
    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұралатын құжаттар мен мәліметтердің тізімі:
    1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беруге арналған өтініш;
    2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37277 болып тіркелген) бекітілген Балық ресурстары және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес 1, 2 және 3-нысандар бойынша балық ресурстары және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсат.
    Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
    9
    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер
    1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және олардағы мәліметтердің дұрыс еместігінің анықталуы;
    2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметпен немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
    3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айыру туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.
    10
    Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
    Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық түрде алады.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы хабархатты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинет» арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері және Бірыңғай байланыс орталығы «1414», 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.

    «Балықтың қайдан ауланғаны

    туралы анықтама беру»

    мемлекеттік қызметін

    көрсету қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    [Уәкілетті
    органның атауы]
    [Наименование
    уполномоченного органа]
    Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
    Берілген күні: [Берілген күні]
    [Көрсетілетін қызметті алушының атауы]
    Тіркеу орны:
    Облыс: [Облыс]
    Ауданы: [Аудан]
    Қала/елді мекен: [Қала/елді мекен]
    [жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі] [БСН/ЖСН]
    Мемлекеттік тіркеу күні [Күні]
    Бас тарту себебі: [Бас тарту себебі]
    [Қол қоюшы көрсетілетін қызметті берушінің лауазымы]
    [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.