«Электрондық топырақ карталарын жасау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 186 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 мамыр 2026 ж.

    «Электрондық топырақ карталарын жасау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 186 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Электрондық топырақ карталарын жасау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 186 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28453 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық топырақ карталарын жасау жөніндегі әдістемеде:

    2-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) географиялық цифрлық жүйе (бұдан әрі – ГЦЖ) – Жер туралы, жер бетінің объектілері, табиғи, техногендік және қоғамдық процестер туралы кеңістіктік ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды, модельдеуді, сақтауды, таратуды және өзгеше пайдалануды қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;

    2) географиялық цифрлық жүйенің дерекқоры (бұдан әрі – ГЦЖ дерекқоры) – нақты бір аумақты және онда орналасқан объектілерді сипаттайтын кеңістіктік және кестелік деректердің ұйымдастырылған жиынтығы;

    3) графикалық қабат – географиялық цифрлық жүйедегі картографиялық ақпарат;»;

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Электрондық топырақ картасы ГЦЖ-да жасалады.

    Электрондық топырақ картасын жасау процесінде ГЦЖ дерекқоры қолданылады.

    ГЦЖ дерекқоры ауылдық округтердің шекаралары туралы ақпаратты және жергілікті жерге дәл орайластырылған нақты қималардың топырақтарының қасиеттері туралы деректерді (топырақ кешеніндегі құрамбөліктер, түйіршіктер өлшемі, тұздану дәрежесі, қиыршық тастың, топырақтағы тастың болуы мен мөлшері) қамтиды.»;

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Бастапқы картографиялық материалдың сканерленген кескіні таңдалған картографиялық проекцияда және координаттық есептеу жүйесінде растрлық кескінді одан әрі векторлау мақсатында ГЦЖ-да тіркеледі.

    Бастапқы картографиялық материалдың сканерленген кескіні мемлекеттік жер кадастры жүргізілетін координаттық есептеу жүйесіне не бастапқы картографиялық материалдың (фотожоспарлар, топографиялық жоспарлар және жоспарлар) координаттар жүйесіне байланыстырылып жүргізіледі. Бұл ретте, растрлық төсемді дәл байланыстыру үшін картографиялық материал масштабының дәлдігі шегінде ең аз орташа квадраттық қатенің жіберілуін қамтамасыз ету қажет.

    Растрлық кескінді байланыстыру ГЦЖ құралдарының көмегімен, координаттар бойынша растрдағы тірек нүктелерін салу арқылы жүргізіледі.

    Растрлық кескінді координаттар жүйесіне байланыстыру аяқталғаннан кейін осы растрлық кескінді фотожоспарларға салу дәлдігі тексеріледі.»;

    7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Топырақ контурларын векторлау процесі ГЦЖ құралдарының көмегімен электрондық топырақ картасында бейнеленетін атрибуттық мәліметтерді толтыру және графикалық қабаттармен аумақтық объектілердің контурларын, полигондарын құру болып табылады. Электрондық топырақ картасында көрсетілуі тиіс барлық нысандар электрондық топырақ картасы құрамындағы элементтер бойынша бөлінеді. Элементтердің әрбір тобы жеке аты мен құрылымы бар тиісті графикалық қабатқа енгізіледі. Барлық топырақ контурлар жиектеме шектерінен шықпай, шекара сызығымен дәл келіп түйіседі.»;

    8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Дұрыс емес деректер немесе қателер анықталған жағдайда, ГЦЖ құралдарын пайдалана отырып, түзетулер жүзеге асырылады.»;

    9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «ГЦЖ дерекқоры деректердің тұтастығын тексеру ережелерін, топологияға қатысатын кеңістіктік объектілердің (топырақ контурларының) топологиялық тәртібін пайдалануға мүмкіндік беретін топологиялық деректер моделін (топология қабаттары) қамтиды және топологиялық қатынастарды, қателер мен алып тастауларды көрсетеді.»;

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Сапаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.