Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 15-113-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешiмiне өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 15-113-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешiмiне өзгерістер енгізу туралы

    Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 15-113-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін:

    6 және 7 – тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.

    7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін және алушылар санаттарының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдерін Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұсынуы бойынша Сарыағаш аудандық мәслихаты белгілейді. 9-тармақ, 2, 7, 8 - тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

    2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні:

    «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, жылына бір рет 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    7) 1 қазан – Қарттар күніне орай:

    Үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған жалғызілікті қарттарға, арнаулы әлеуметтік күтімге алынған бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жылына бір рет 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын 80 және 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға ай сайын 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

    8) Қазанның екінші жексенбісі – мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күніне орай:

    Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын мүмкіндігі шектеулі мүгедектігі бар балаларға жылына бір рет 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    10 – тармақ, 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    Ақшалай көмек түріндегі әлеуметтік көмек:

    оқу жылы кезеңінде үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедектігі бар балаларға ай сайын – 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    10 – тармақ, 5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру немес жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінен болған, олардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы, сонымен қатар адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған азаматтар мен 18 жасқа дейінгі балаларына, ай сайын – республикалық ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2,5 еселенген мөлшерінде;

    10 – тармақтың, 6-тармақшасы алынып тасталынсын;

    12 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

    1) дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

    2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

    3) әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы;

    4) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста Сарыағаш аудандық мәслихаты белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.

    Дүлей зілзала немесе өрт салдарынан мүлікке зиян келгенде әлеуметтік көмек меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан зиян тиген мүлік орналасқан жер бойынша көрсетіледі.

    Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесін Сарыағаш ауданының мәслихаты бекітеді.

    Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.";

    16 – тармақтың, 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде санамаланған құжаттардың бірі:

    дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

    өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

    әлеуметтік мәні бар сырқатының болу фактісін растайтын құжат.

    Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

    Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде осы қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

    Өтініш беруші әлеуметтік көмекке портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-на қажетті мәліметтерді алу үшін өтініш берушінің өзі сұрау салады.

    Бұл ретте мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-нан келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады.";

    Осы қағидалардағы «бір жолғы» деген сөздер, «жылына бір рет» деген сөздермен ауыстырылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихат төрағасы

    Р. Асылбекұлы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.