«Білім беру саласында жеке әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 141 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім беру саласында жеке әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34500 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру саласында жеке әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу қағидаларында:
105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«105. Жекеше 1-әріптес жиһаз өніміне, ЖСҚ-ға сәйкес салынып жатқан объектіні монтаждауға, жарақтандыруға жататын құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын, жабдықтарын өнім берушілерді дербес таңдайды. Өнім сапасы мен жеткізілімі тең жағдайда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тауар өндірушілер тізіліміндегі және (немесе) қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі (үзінді негізінде тізілім) және (немесе) «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаты және (немесе) «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген индустриялық сертификаты бар жеке және заңды тұлғаларға артықшылық беріледі. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат және индустриялық сертификат 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өз күшін сақтайды.»;
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инвестициялық саясат және инфрақұрылымды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.