«Цифрлық үкіметтің» сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарды бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 маусым 2026 ж.

    «Цифрлық үкіметтің» сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарды бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 83-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған «Цифрлық үкіметтің» сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидалары мен техникалық талаптары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 124 «Электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарды бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16775 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3) осы бұйрық тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі

    Ж. Мадиев

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары –

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрі

    2026 жылғы 2 маусымдағы

    № 277/НҚ

    Бұйрықпен бекітілген

    «Цифрлық үкіметтің» сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидалары мен техникалық талаптары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Цифрлық үкіметтің» сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидалары мен техникалық талаптары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Цифрлық кодекстің 83-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және «Цифрлық үкіметтің» сыртқы шлюзінің жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) кеңейтілетін белгілеу тілі (eXtensible Markup Language) (бұдан әрі – XML) – құрылымдық және машинада оқылатын форматтағы мәліметтерді сақтау және тасымалдау үшін қолданылатын кеңейтілетін белгілеу тілі;

    2) кеңейтілген көліктік хаттамасы (HyperText Transfer Protocol Secure) (бұдан әрі – HTTPS) – қауіпсіздікті арттыру мақсатында шифрациялауды қолдайтын деректерді беру хаттамасы;

    3) көліктік қолтаңба – ЦЖ-ның ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде веб-сервистер қауіпсіздігі (Web Service Security) ерекшілігін қолданумен жіберілетін хабарламалардың тұтастығы мен авторлығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба;

    4) мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы – «цифрлық үкіметтің» инфрақұрылымына кіретін және киберқауіпсіздіктің талап етілетін қажетті деңгейі сақтала отырып, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған цифрлық ортаның өзге де субъектілерінің жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі болып табылады;

    5) цифрлық жүйе (бұдан әрі – ЦЖ) – цифрлық деректерді құруды, жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық инфрақұрылым объектілерін пайдаланатын, сондай-ақ цифрлық орта субъектілерінің өзара іс-қимылын автоматтандыратын және (немесе) цифрлық ортада қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін функционалдық байланысты цифрлық ресурстар кешені цифрлық жүйе болып табылады;

    6) цифрлық объектілерді интеграциялау – деректерді берудің стандартты хаттамалары пайдаланыла отырып, интеграциялық сервистер арқылы цифрлық объектілер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

    7) цифрлық объектілері – цифрлық технологиялар арқылы құрылған, пайдаланылатын немесе берілетін, бірегей цифрлық сипаттамаларға ие және цифрлық орта субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көлемде иелену, пайдалану не билік ету құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін цифрлық ортаның ерекшеленген элементі;

    8) «цифрлық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЦҮШ) – цифрлық объектілерін өзге де цифрлық объектілермен интеграциялауға арналған цифрлық объект;

    9) «цифрлық үкіметтің» сыртқы шлюзі (бұдан әрі – ЦҮСШ) – Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасындағы цифрлық объектілердің мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасынан тыс орналасқан цифрлық объектілермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған;

    10) «цифрлық үкiметтiң» (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын, «цифрлық үкiмет» цифрлық объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға.

    2-тарау. «Цифрлық үкіметтің» сыртқы шлюзінің жұмыс істеу тәртібі

    3. Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 98-бабына сәйкес, ЦҮСШ арқылы ЦЖ өзара іс-қимылы ақпараттарды криптографикалық қорғауды қамтамасыз етеді.

    4. МО БКО-дан тыс орналасқан ЦЖ-нің ЦҮШ интеграциясы ЦҮСШ арқылы жүзеге асырылады. ЦҮСШ МО БКО-дан тыс орналасқан ЦЖ-нің HTTPS хаттамасы бойынша сервирлер арасында XML хабарламаларды беру арқылы жүзеге асырылады. ЦҮСШ ЦЖ-нің өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді және ол арқылы өзара іс-қимыл жасайтын ЦЖ-нің ішкі архитектурасына тәуелді.

    5. МО БКО тыс тұрған АҚ-мен өзара іс-қимыл кезінде көліктік қолтаңбаны тексеру ЦҮСШ-те орындалады. ЦҮСШ көліктік қолтаңбасы уақыт белгісін қамтымайды.

    6. ЦҮСШ жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді, ЦҮСШ сервистерін басқару мен мониторингтеуді оператор ЦҮСШ үздіксіз жұмысын, цифрландыру объектілерінің үздіксіз өзара іс-қимылын, деректердің тұтастығын және оларды қорғауды қамтамасыз ету, цифрландыру объектілерінің өзара іс-қимылы кезіндегі қателіктерді пысықтау жолымен жүзеге асырады.

    7. ЦҮСШ тәуліктік режимде жұмыс істейді, цифрлық объектілер жоспарлы және жоспарлы емес жұмыстары бар технологиялық үзілістерді қоспағанда, хабарламаларды тұрақты негізінде қабылдайды. ЦҮСШ-дағы жоспарлы жұмыстар айына екі реттен көп емес жүргізіледі, ал жоспарлы емес жұмыстар ЦҮСШ-да тоқтаусыз жаңарту қажет болған жағдайда жүргізіледі.

    3-тарау. «Цифрлық үкіметтің» сыртқы шлюзіне қойылатын техникалық талаптар

    8. Цифрлық жүйелер арасында деректермен алмасу мынадай техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады:

    Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҚР ҰКО) берген сокеттің қорғалған деңгей сертификатын (Secure Sockets Layer) (бұдан әрі – SSL) пайдалана отырып, HTTPS (қауіпсіздікті арттыру мақсатында шифрлауды қолдай отырып, деректерді беру хаттамасы) кеңейтілген көліктік хаттамасы. HTTPS хаттамасындағы деректер SSL немесе көліктік деңгейді қорғау хаттамасы (Transport Layer Security) криптографиялық хаттамаларының 1.2-ден төмен емес нұсқасының үстінен беріледі;

    өзара іс-қимыл хаттамасы цифрлық жүйелерді интеграциялау кезінде хабарламалар беру үшін XML-ге негізделген объектілерге қол жеткізудің жай хаттамасы (Simple Object Access Protocol) (бұдан әрі – SOAP) және өкіл күйін беру (Representational State Transfer (REST));

    веб-тәсілдер мен олардың параметрлеріне арналған берілетін деректерінің форматы құрылымдық және машинада оқылатын форматтағы деректерді сақтау және тасымалдау үшін пайдаланатын кеңейтілетін белгілеу тілі (eXtensible Markup Language) (бұдан әрі – XML)және веб-әдістер мен олардың параметрлері үшін Java Script Object Notation;

    XML тілінде негізделген веб-сервистерді және оларға қол жеткізуді сипаттау тілі (Web Services Description Language);

    электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылатын, деректер құрылымдарын сипаттауға арналған XML тілі құжаттың құрылымын сипаттайтын тіл (XML Schema definition);

    ЭЦҚ қол қойылған XML-файлының құрылымы консорциумінің Дүниежүзілік тор консорциумы, Дүниежүзілік торға арналған технологиялық стандарттарды әзірлейтін және енгізетін ұйым (World Wide Web Consortium) синтаксис және XML қолтаңбасын өңдеу («XML-Signature Syntax and Processing») ерекшелігіне сәйкес келуі тиіс;

    ЭЦҚ веб-сервистер қауіпсіздігі (Web Service Security) технологияларын қолданатын жүйелерде – веб-сервистері арасындағы SOAP хабарламалармен алмасу кезіндегі қауіпсіздік функцияларын қолдану стандарты ҚР ҰКО берген;

    Деректерді беру үшін көліктік хаттамасы (Transmission Control Protocol) қолданылады ол интернеттегі деректерді берудің негізгі хаттамалардың бірі, деректерді беруді басқаруға арналған / сандық түрде ұсынылған деректерді беру желілік моделі Интернет хаттамасы (Internet Protocol);

    ЦҮСШ арқылы виртуалды жеке желілік туннельдің (Virtual Private Network) арқылы екі түйін арасында ақпаратымен алмасу.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.