Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі
Н. Сауранбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
2026 жылғы 1 маусымдағы
№ 129 бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 55-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2729 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз портының капитаны туралы ережесінде:
7-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 361 бұйрығымен бекітілген Кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу, кемелердің порт акваториясы шегінде жүзуі мен портта тұру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10896 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 162 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12193 болып тіркелген) талаптарын сақталуын бақылауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 187 бұйрығымен бекітілген Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32248 болып тіркелген) сәйкес суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беруді қамтамасыз ету.».
2. «Кемелерді жөндеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 201 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6938 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді жөндеу қағидаларында:
6-тармақ:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) кемені жаңғырту – орындау нәтижесінде кеменің жекелеген элементтері олардың негізгі мақсаты бұрынғы күйінде сақтала отырып өзгеретін, оларда қолданылған техникалық құралдардың және жиынтықтаушы бұйымдардың ескірген үлгілерін жаңа, неғұрлым қазіргі заманғы үлгілермен ауыстырумен (немесе жаңа техникалық шешімдер қолданумен) сипатталатын, үлгінің техникалық сипаттамаларын жақсартуға бағытталған жұмыстар кешені;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) кеме элементтері – Кеме қатынасы тіркелімінің қағидасында регламенттейтін кеменің құрылымдық бөлшектері: корпус, қондырмалар, кеме құрылғылары, жабдықтар, жабдықтаушы заттар, өртке қарсы қорғаныс құралдары, қозғалтқыштар, қазандар, жүйелер, жылу айналым аппараттары, күштелген, палубалық механизмдер, электр жабдықтары, радио және навигациялық жабдықтар, мұздатқыш қондырғылар, автоматтау құралдары, жүк көтергіш қондырғылар, ластанудың алдын алатын жабдық;
12-2) кемені қайта жабдықтау – кеменің конструкциясы немесе элементтерінің өзгеруі, оның функционалдық мақсатын өзгертумен байланысты;»;
88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«88. Сынақтарды үзілген режимде қайталау немесе қайта бастау туралы шешімді құжаттамалық расталған себептер болған кезде Кеме қатынасы тіркелімі өкілінің келісімі бойынша комиссия қабылдайды.»;
103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«103. Басты кемені қабылдауды Кеме қатынасы тіркелімінің өкілдерін қоса отырып кеме иесі қалыптастыратын комиссия жүргізеді.»;
4-қосымшада:
Кемені пайдалануға қабылдау актісі нысанында:
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кеменің элементтер бойынша техникалық жай-күйі (Кеме қатынасы тіркелімінің бағалауы бойынша)».
3. «Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидалары:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген кеме иесінің кінәсінен қайтадан куәландыруды осы Қағидалардың 8-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген куәландыру түрлері бойынша Кеме қатынасы тіркелімі жүзеге асырады.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Кезектен тыс куәландыру мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) осы Қағиданың 6-тарауына сәйкес пайдаланудағы кеменің қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейтін бүлінулерден кейін;
2) бүлінулерді жойғаннан кейін, бұл ретте куәландыру кезінде қойылған талаптардың барлығы осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес орындалғаннан кейін жүзу жарамдылығы жөніндегі құжаттар ресімделеді;
3) жүзу қауіпсіздігіне қатер төндіретін ақаулар анықталған жағдайда және қажет болғанда кеменің техникалық жай-күйін немесе жүзу ауданын тексеру, сондай-ақ Кеме қатынасы тіркелімінің күшін жойған құжаттарын бұрынғы қалпына келтіру;
4) тәжірибелік объектілердің техникалық жай-күйін бақылаумен тексеру мақсатында;
5) кеменің дайындығын тексеруге: осы Қағиданың 7-тарауына сәйкес белгіленген жүзу ауданынан тыс жерде бір жолғы өту, осы Қағиданың 8-тарауына сәйкес жолаушы емес кемелерде ұйымдасқан адамдар тобын тасымалдау, осы Қағиданың 9-тарауына сәйкес ірі ауқымды және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдау қауіпті жүктерді тасымалдауға, жем және жем емес тиелген жүктер (Кеме қатынасының тіркелімі бұрын берген куәлігінде көзделген), ауық-ауық жоғарғы разрядты бассейндерде жүзуге;
6) кеменің техникалық жай-күйі жыл сайынғы, сыныптамалық куәландыру кезінде қойылған талаптарды орындағаннан кейін жарамсыз болып табылу нәтижесінде. Келесі жыл сайынғы, сыныптамалық куәландырудың мерзімі алдыңғы жыл сайынғы, сыныптамалық куәландырудың күнінен бастап есептеледі;
7) Кеме қатынасы тіркелімінің қолданыстағы құжаттары бар кемелерді сыныптау есебіне қою және есептен шығару;
8) кеменің техникалық жай-күйін алдын ала анықтау, сондай-ақ алдағы куәландыруға байланысты мәселелерді шешу;
9) оны жаңарту, жетілдіру немесе жөндеу кезінде кеменің типі мен міндетін өзгертпей;
10) Кеме қатынасының тіркелімі құжаттарында белгіленген ішкі және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелер үшін жүзу аумағын пайдаланған және мерзімдік шектеулерді жіберілген қателіктер;
11) кезекті куәландыру мерзімін ауыстырған жағдайда.»;
76-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«76. Кеме сыныбы көздеген жүзу ауданынан айтарлықтай ерекшеленетін жүзу ауданында жүзіп өтуге жататын кеме үшін кеме иесі ЖТБҚ-ға 10-қосымшаның 15-тармағына сәйкес жүзіп өту жобасын әзірлейді.»;
211-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері куәландыру алдында қажетті құжаттармен (сызбалар, сипаттаулар, нобайлар, формуляр, паспорттар), машина журналымен, пайдаланылған газдардан зиянды (ластаушы) заттар шығарындылары мен түтіннің техникалық паспортымен, сондай-ақ осы Қағиданың 782-тармағында көзделген салыстырып-тексеру әдісімен жүзеге асырылған зиянды (ластаушы) заттар мен түтіннің құрамын бақылау нәтижесімен танысады.»;
220-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«220. Тіреуіш, аралық және есу біліктерін қарауда шпондық жік саңылауларының ауданында, есу біліктерінің конусы, мұрынды және артқы мойынтіректердің мойын арасындағы есу біліктері, әсіресе галтелдер учаскелеріндегі мойындардың жұмыс беттерінің, тіреуіш ескектердің, білік учаскелерінің техникалық жай-күйіне көңіл аударылады, ол үшін білікөткізу мойынтіректері ашылады, бұранда алынады және есу білігі дейдвуд құбырдан шығарылады. Дөңгелекті қозғағышы бар есу біліктері мойынтіректерден көтеріп алынады.
Бөлшектелген есу біліктеріне шаршау жарықтарын анықтау үшін ақаулау жүргізіледі.
Біліктердің ақауы жарықтарды, ақауларды анықтауға арналған тиісті аспаптар мен құралдарды қолдана отырып жүргізіледі.»;
256-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«256. Егер куәландыру кезінде едәуір тозу анықталса, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне өлшеу аспаптарын және құралдарды қолдана отырып немесе Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген тәсілмен қысыммен жұмыс істейтін ыдыстың корпусының және құбырларының қалдық қалыңдығын өлшеу нәтижелері ұсынылады, бұл ретте ыдыс қабырғалардың қалыңдығын өлшегеннен кейін, қауіпсіз жұмыс қысымы мен гидравликалық сынақтың негіздемесін (қажет болған жағдайда есептеу арқылы) одан әрі пайдалануға рұқсат етіледі.»;
278-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«278. Кезекті тоңазыту қондырғысын куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің жұмыскері өлшеу аспаптарын, құралдарды қолдана отырып мыналарды жүргізеді:
1) қондырғының ақаулық нәтижесін және кеме иесімен орындалған жауапты бөліктердің өлшеуін тексеру;
2) қозғалтқыштарды, желдеткіштерді, майлы, айналмалы және қышқыл сорғыларды, конденсаторларды, булағыштарды, ауа салқындатқыштарды, құбырларды, олардың арматураларын және жалғауларын, компрессорлардың сақтандырғыш клапандары және жылу ауыстырғыш аппараттарын жетектейтін бөлік және торап түріндегі жауапты бөліктерді түсіндірілген күйінде таңдап қарау;
3) Жүк салқындату бөлімінің оқшаулануын қарау, оқшауланудың техникалық жай-күйін мүмкін болатын зақымдану және жоғары дымқылды белгілеу мақсатында тексеру.
Қарау кезінде гигроскопиялық немесе кемуге бейім материалдардан орындалған, оқшауланудың жағдайына аса назар аударады. Қажет болған жағдайда оқшаулауды жергілікті ашады немесе сыртқы бетін Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген тәсілмен кеседі. Люктердің, есіктердің және желдеткіш каналдардың жабылу тығыздығы тексеріледі;
4) тоңазытқыш машиналық үй-жайдың және тоңазытқыш агенттердің артық қорын сақтауға арналған үй-жайдың, сондай-ақ осы үй-жайлардың өзінің ауа өткізгіш желдеткішін қарау.»;
30-қосымшаға 3-қосымшада ескертпенің 1) тармақшасы алып тасталсын;
31-қосымшаның 7-тарауы алып тасталсын.
4. «Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6982 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидаларында:
6-тармақ:
мынадай мазмұндағы 93-1) тармақшамен толықтырылсын:
«93-1) кемені жаңғырту – орындау нәтижесінде кеменің жекелеген элементтері олардың негізгі мақсаты бұрынғы күйінде сақтала отырып өзгеретін, оларда қолданылған техникалық құралдардың және жиынтықтаушы бұйымдардың ескірген үлгілерін жаңа, неғұрлым қазіргі заманғы үлгілермен ауыстырумен (немесе жаңа техникалық шешімдер қолданумен) сипатталатын, үлгінің техникалық сипаттамаларын жақсартуға бағытталған жұмыстар кешені;»;
мынадай мазмұндағы 132-1) тармақшамен толықтырылсын:
«132-1) кеме элементтері – Кеме қатынасы тіркелімінің қағидасында регламенттейтін кеменің құрылымдық бөлшектері: корпус, қондырмалар, кеме құрылғылары, жабдықтар, жабдықтаушы заттар, өртке қарсы қорғаныс құралдары, қозғалтқыштар, қазандар, жүйелер, жылу айналым аппараттары, күштелген, палубалық механизмдер, электр жабдықтары, радио және навигациялық жабдықтар, мұздатқыш қондырғылар, автоматтау құралдары, жүк көтергіш қондырғылар, ластанудың алдын алатын жабдық;»;
мынадай мазмұндағы 179-1) тармақшамен толықтырылсын:
«179-1) кемені қайта жабдықтау – кеменің конструкциясы немесе элементтерінің өзгеруі, оның функционалдық мақсатын өзгертумен байланысты;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Кеме қатынасы тіркелімі оны жасау кезінде куәландыру нәтижелері бойынша кеме сыныбын беруі мүмкін, сондай-ақ пайдаланудағы кемеге сынып береді немесе жаңартады.
Кемеге сынып беру үшін ұсынылатын құжаттар:
1) кеме иесінің еркін нысандағы өтініші;
2) дайындаушы зауыт берген кеменің паспорты;
3) кеменің орнықтылығы және суға батпауы туралы ақпарат, кемені тиеу және түсіру жөніндегі нұсқаулық;
4) кеменің меншік құқығын немесе жалдау шартын растайтын құжат (түпнұсқа және көшірме);
5) алдыңғы сыныптау қоғамының құжаттары (куәліктер мен куәландыру актілері (болған жағдайда);
Құжаттардың түпнұсқалары Кеме қатынасы тіркелімінің жұмыскері салыстырып-тексергеннен кейін кеме иесіне қайтарылады.
Шет тілінде жасалған құжаттарға мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аударма қоса беріледі.
Тазартылған немесе сөздері сызылған және онда айтылмаған түзетулері бар құжаттар, қарындашпен толтырылған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын оқу мүмкін болмайтындай етіліп зақымдалған құжаттар қабылдауға жатпайды.».
5. «Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7000 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Теңіз кемелерінің экипаждарын кеме иесі тәулік бойы вахтада тұрмайтын және жағалау инфрақұрылымына қолжетімділігі бар теңіз порттарының акваториясы шегінде жұмыс істейтін порт (қосалқы) флоты кемелері экипажының мүшелерін қоспағанда, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес тамақтану рационымен қамтамасыз етеді.».
6. «Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 761 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8861 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидалардың іс-әрекеті «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 281) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның бұйрығымен кеме қатынасы санатына жатқызылған ішкі су жолдарына қолданылады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жер қазу керуені – құрамына көп жапырақшалы грейфермен жабдықталған арнайы түбін тереңдету снаряды немесе жүзбелі кран кіретін, түбін тереңдету (жер қазу) немесе түзету жұмыстарын орындауға тартылған техникалық флоттың қосалқы кемелер тобы;»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жол жұмыстары уәкілетті органның кәсіпорны ішкі су жолдарындағы кеме қатынасын құру, күтіп-ұстау, дамыту және қауіпсіз пайдалану мақсатында жүргізіледі.»;
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Навигация барысында кеме қатынасы су жолдарындағы гидрологиялық жағдайдың өзгеруіне қарай уәкілетті органның кәсіпорны уәкілетті органмен келісу арқылы жол жұмыстары жобасына әрбір жол учаскесі бойынша бұрын іске асыру жоспарланған жұмыстардың көлемдерін қайта бөлу, мерзімдерін (кезеңін), ұзақтығын, орындарын және орындалу кезектілігін өзгерту бөлігінде түзетулер енгізуге жол береді.»;
13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жол жұмыстарын жоспарлау уәкілетті органмен кеме жүретін күйде су жолдарын қамтамасыз ету және шлюздерді ұстау бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырманы әзірлеу шеңберінде уәкілетті орган кәсіпорны ұсынған деректер негізінде жүзеге асырылады және келесілерден тұрады:»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Арналық іздестірулер осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес кемелерінің құрамындағы арналық іздестіру партияларымен орындалады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Түп тереңдету (жерқазу) жұмыстары құрамы қолданылатын жерснарядтың түріне, өңделетін топырақтың қасиеттеріне, топырақты тасымалдау шарттарына, гидрологиялық жағдайлардың сипаттамаларына байланысты болатын жер қазу керуендерімен орындалады.
Жеңіл және ауыр топырақтарда жұмыс істеуге арналған жер қазу керуендері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес кемелерден тұрады.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Түзету жұмыстары түп тереңдету (жерқазу) жұмыстарымен кешенді түрде жер қазу керуендерімен жеркаравандармен және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес кемелерінің құрамындағы түзету бригадаларымен орындалады.»;
31-тармақ алып тасталсын;
44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Ішкі су жолдарының кеме жүретін учаскелерін күрделілік санаттары бойынша сыныптау кеме жүрісінің белгіленген кепілдендірілген габариттеріне және навигациялық жабдық құралдарының әрекет ету режиміне байланысты жүзеге асырылады.
Учаскелер мынадай санаттарға бөлінеді:
бірінші санат – арнасы тұрақсыз, шектейтін таяз өткелдері бар учаскелер;
екінші санат – гидроморфологиялық жағдайлары тұрақты учаскелер.
45. Ішкі су жолының кеме жүретін учаскесін жағдайлық бригадаға бекіту ұзындығы оның күрделілік санатына қарай айқындалады және:
бірінші санаттағы учаске үшін – 15-тен 50 километрге дейін;
екінші санаттағы учаске үшін – 51 және одан да көп километр қамтиды.»;
осы тізбеге қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
7. «Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12193 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидаларында:
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«56. Кеменiң портқа келуi Порттың теңiз әкiмшiлiгiнде шекаралық, кедендiк, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын сақтай отырып келген сәтiнен бастап 24 сағат iшiнде ресiмделедi.»;
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«61. Кеменің теңізге шығуға дайындығын Порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы теңіз портының капитаны бекітетін кемені тексеру актісінің (чек-парақ) нысаны бойынша тексереді.».
8. «Кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, Теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15577 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңізшілерге диплом беру қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қағидалар әскери-теңіз флоты, балық аулауға арналған кемелер, коммерциялық мақсаттарда пайдаланбайтын серуендік яхталар, қарапайым пішінді ағаш кемелер экипаждарының қазіргі мүшелерінен басқа сауда мақсатында теңізде жүзетін кемелерінде жұмыс істейтін немесе жұмыс істеуге үміттенген Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға, бейінді әскери-теңіз білімі бар запасқа (отставкаға) шығарылған әскери қызметшілерге қолданылады.
3. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:
1) аға механик – қозғалтқыш қондырғысы, сондай-ақ кемедегі механикалық және электр қондырғыларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жауапты, лауазымы бойынша аға механик;
2) басқару құрамының адамы – капитан болып табылмайтын, басқару лауазымдағы экипаж мүшесі;
3) екінші механик – аға механик қабілетсіз болған жағдайда жауапкершілікті жүктей алмайтын қозғалтқыш қондырғысы, сондай-ақ кемедегі механикалық және электр қондырғыларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жауапты лауазым бойынша аға механиктен кейінгі механик;
4) жеңілдік рұқсаты – кеме экипажының мүшесіне тиісті кәсіби дипломында көрсетілмеген лауазымды атқаруға 6 айдан аспайтын мерзімге рұқсат ететін құжат;
5) жүзу өтілі – сауда мақсатында пайдаланылатын теңіз кемелерінде, сондай-ақ сауда мақсатында пайдаланылатын теңіз кемелері экипажы мүшелерінің міндеттеріне баламалы орындалатын функциялары мен атқаратын лауазымдары құжаттамалық расталған жағдайда, және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін растау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдері мен кемелерінде міндеттерді орындау кезеңі;
6) капитан – кемені басқаратын адам;
7) капитанның аға көмекшісі – лауазымы бойынша капитаннан кейінгі, капитан кемені басқаруға қабілетсіз болған жағдайда оған кемені басқару жүктелетін басқару құрамының адамы;
8) кәсіби диплом – кеме экипажы мүшесіне берілген және оның біліктілігін растайтын диплом;
9) кәсіби диплом растамасы – шетелдік кәсіби дипломды танитынын немесе кәсіби дипломның берілуін куәландыратын құжат (қатардағы құрамның дипломдарын қоспағанда);
10) қатардағы құрамның адамы – капитан немесе басқару құрамының адамы болып табылмайтын кеме экипажының мүшесі;
11) радиооператор – Электрбайланыс халықаралық одағы 1995 жылы Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясында қабылданған Радиобайланыс регламентінің (бұдан әрі – Радиобайланыс регламенті) негізінде берілген немесе танылатын тиісті дипломы бар адам;
12) теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі – кәсіби диплом болып табылмайтын ТДВА талаптары орындалғанын растайтын теңізшіге берілген құжат;
13) Теңіз портының әкімшілігі – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;
14) теңізші – теңіз кемесі экипажының мүшесі;
15) уәкiлеттi орган – сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
16) электромеханик – ТДВА III/6 ережесіне сәйкес біліктілігі бар басшы құрамның адамы.»;
13-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) осы Қағидалардың 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 және 32-тармақтарында көзделген жүзу өтілін растайтын құжаттар, бар болса, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдері мен кемелерінде қызмет өтілін растайтын құжаттарды қоса алғанда.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитаны вахталық көмекшісінің кәсіби дипломын алған кезде ТДВА II/1 қағидаларының 2-тармағына сәйкес кандидатта:
1) куәландырылған білім беру ұйымы берген кеме жүргізу саласында жоғары немесе орта кәсіптік білім алу туралы құжат немесе бейінді әскери-теңіз білімі туралы құжат;
2) дайындықты тіркеу кітапшасында расталған ТДВА кодексінің А-II/1 бөліміне сәйкес кемедегі дайындықты қоса алғанда теңіз көлігі маманын даярлаудың бөлігі ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдері мен кемелерінде қызмет өтілін қоса алғанда 36 айдан кем емес жүзу өтілі және ТДВА кодексінің А-II/1 бөліміне сәйкес куәландырылған ұйымда мақұлданған даярлықтан өткені туралы құжат. 6 айдан кем емес өтілі уақытта кемеде капитанның немесе командалық құрамның басқа адамының басшылығымен көпірде вахтаны атқару жөніндегі міндеттер орындалады;
3) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар болады.
Осы тармақтың 1) тармақшасының талабы қатардағы құрам лауазымдарында сауда мақсатында теңізде жүзу кемесі экипажының құрамында жұмыс істеген кезде кемінде 36 ай расталған жүзу өтілі бар кандидатқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдері мен кемелерінде қызмет өткерген кезде қолданылмайды.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигінің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА III/1 қағидаларының 2-тармағына сәйкес кандидатта:
1) куәландырылған білім беру ұйымы берген кемелік күштік қондырғыларды пайдалану саласында жоғары немесе орта кәсіптік білім алғаны туралы құжат немесе бейінді әскери-теңіз білімі туралы құжат;
2) дайындықты тіркеу кітапшасында расталған ТДВА кодексінің А-IIІ/1 бөліміне сәйкес кемедегі дайындықты қоса алғанда теңіз көлігі маманын даярлаудың бөлігі ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдері мен кемелерінде қызмет өтілін қоса алғанда 36 айдан кем емес жүзу өтілі және ТДВА кодексінің А-ІII/1 бөліміне сәйкес куәландырылған ұйымда мақұлданған даярлықтан өткені туралы құжат. 6 айдан кем емес өтілі уақытта кемеде аға механиктің немесе командалық құрамның басқа адамының басшылығымен машина бөлімшесінде вахтаны атқару жөніндегі міндеттер орындалады;
3) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар болады.
Осы тармақтың 1) тармақшасының талабы қатардағы құрам лауазымдарында сауда мақсатында теңізде жүзу кемесі экипажының құрамында жұмыс істеген кезде кемінде 36 ай расталған жүзу өтілі бар кандидатқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдері мен кемелерінде қызмет өткерген кезде қолданылмайды.».
9. «Теңіз кемелерін куәландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 277 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32360 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз кемелерін куәландыру қағидаларында:
75-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) нәтижесінде кеменің техникалық жай-күйі осы Қағидалар мен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 273 бұйрығымен бекітілген Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6982 болып тіркелген) талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жыл сайынғы, сыныптамалық, аралық (доктық), кезектен тыс куәландыру кезінде қойылған талаптар орындалғаннан кейін.
Келесі куәландыру мерзімі кеменің сәйкессіздігі анықталған соңғы куәландыру күнінен бастап есептеледі;»;
75-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) кеменің техникалық жай-күйін алдын ала анықтау, сондай-ақ алдағы куәландыруға байланысты мәселелерді шешу мақсатында, оның ішінде кезекті және аралық (доктық) куәландыру мерзімін ауыстырған жағдайда;»;
167-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«167. Жыл сайынғы куәландырудың оң нәтижелері кезінде тұндырылған кеменің сыныбы сақталады және кемеге куәландыру аяқталған күннен бастап 12 айдан аспайтын тұндырылған кеменің жаңа куәлігі (MSC 0014 нысаны) беріледі.»;
182, 183 және 184-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«182. Кеменің сүңгуір бөлігін куәландыру және куәландыру нәтижелері Кемені куәландыру актісімен ресімделеді (MSА 003 нысаны).
183. Кемені куәландыру актісінде (MSА 003 нысаны) куәландыру нәтижелері егжей-тегжейлі көрсетіледі.
184. Куәландырудың оң нәтижелері болған кезде кемеге тұндыру үшін кемені тұндыру күнінен бастап 12 айдан аспайтын жарамдылық мерзімі бар Кеменің тұндыру куәлігі (MSC 0014 нысаны) беріледі.»;
186-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«186. Кемені куәландыру актісінде (MSА 003 нысаны) кемені тұндыруға шығару үшін куәландыру нәтижелері бойынша кемені тұндыруға шығарғанға дейін қолданыста болған жіктеу және басқа да куәліктердің қолданылуын тоқтату туралы көрсетіледі және «Кемені тұндыруға куәлік (MSА 003 нысаны) берілген» қосылады. Сондай-ақ, кемені тұндыру фактісі туралы қосымша ақпарат енгізіледі, оның шығу күні мен тұндыру орны көрсетіледі.»;
208 және 209-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«208. Кемені куәландыру нәтижелері Кемені куәландыру актісімен рәсімделеді (MSА 003 нысаны).
209. Куәландырудың оң нәтижелері кезінде Кеме қатынасының тіркелімі кемені консервациялауға шығару мақсатында куәландыру аяқталған күннен бастап он екі айдан аспайтын жарамдылық мерзімі бар Кемені консервациялау туралы куәлікті (MSC 0015 нысаны) рәсімдейді және кеме иесіне береді. Бұл уақытта, кеменің классы консервацияға шығарылған кезде әрекет еткеніне немесе тоқтатылғанына қарамастан, кеме классының жай-күйі «СЫНЫПТАЛУ ТОҚТАТЫЛДЫ. КЕМЕ КОНСЕРВАЦИЯДА» класына ауыстырылады.»;
241-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Секциялық корпустары бар кемелер үшін бортаралық кеңістікті қарап тексеру және ақауын анықтау үшін қажетті көлемде секцияларды бөлшектеу қамтамасыз етіледі.»;
20-қосымшаның 7-тарауы алып тасталсын.
Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесіне қосымша
Ішкі су жолдарында кеме
қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз
ету жөніндегі жол жұмыстарын
жоспарлау және жүргізу
қағидаларына
қосымша
Жол жұмыстарын орындау үшін қолданылатын кемелердің құрамы
|
Р/с №
|
Атауы
|
Кеме түрі
|
Саны
|
|
1
|
Өзендердегі жабдықталған бригада
|
Жабдықталған кеме
|
1 бірлік
|
|
2
|
Су қоймаларындағы жабдықталған бригада
|
Буксирлік сүйрейтін кеме немесе жабдықталған кеме
|
1 бірлік
|
|
Жабдықталған баржа
|
1 бірлік
|
||
|
3
|
Арналық іздестіру партиясы
|
Іздестіру кемесі немесе өлшеу катері
|
1 бірлік
|
|
Мотоқайық
|
1 бірлік
|
||
|
Брандвахта
|
1 бірлік
|
||
|
Буксирлік сүйрейтін кеме*
|
1 бірлік
|
||
|
4
|
Түзету бригадасы
|
Грейферлі қалқымалы кран
|
1 бірлік
|
|
Мотозавозня
|
1 бірлік
|
||
|
Қызметтік-қатынау кемесі
|
1 бірлік
|
||
|
Мотоқайық
|
1 бірлік
|
||
|
Буксирлік сүйрейтін кеме*
|
1 бірлік
|
||
|
Экологиялық кеме*
|
1 бірлік
|
||
|
Мұнай құятын баржасы*
|
1 бірлік
|
||
|
5
|
Түбін тазарту бригадасы
|
Буксирлік кеме
|
1 бірлік
|
|
Кәріз жинайтын кеме (кран)
|
1 бірлік
|
||
|
6
|
Жеңіл топырақта жұмыс істеуге арналған жер қазу керуені
|
Рефулерлік немесе фрезерлік жерснаряд
|
1 бірлік
|
|
Мотозавозня
|
2 бірлікке
дейін
|
||
|
Брандвахта
|
1 бірлік
|
||
|
Буксирлік сүйрейтін кеме*
|
3 бірлікке
дейін
|
||
|
Экологиялық кеме*
|
1 бірлік
|
||
|
Мұнай құятын баржасы*
|
1 бірлік
|
||
|
7
|
Ауыр топырақта жұмыс істеуге арналған жер қазу керуені
|
Көпшөмішті жерснаряд немесе грейферлі қалқымалы кран
|
1 бірлік
|
|
Мотозавозня
|
2 бірлікке
дейін
|
||
|
Баржа немесе шаланда
|
2 бірлікке
дейін
|
||
|
Брандвахта
|
2 бірлікке
дейін
|
||
|
Буксирлік сүйрейтін кеме*
|
3 бірлікке
дейін
|
||
|
Экологиялық кеме*
|
1 бірлік
|
||
|
мұнай құятын баржасы*
|
1 бірлік
* - Аралас учаскелерде жұмыс істейтін бірнеше бригадаларға қызмет көрсетуге рұқсат етілген кемелер
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.