«Қаржылық құралдар аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне жеңілдетілген кредит беру аясында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 507 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 маусым 2026 ж.

    «Қаржылық құралдар аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне жеңілдетілген кредит беру аясында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 507 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қаржылық құралдар аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне жеңілдетілген кредит беру аясында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 507 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37798 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

    осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі қаржылық қолдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Сапаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау және

    реформалар агенттігі

    Ұлттық статистика бюросы

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы

    министрі

    2026 жылғы 1 маусымдағы

    № 214

    бұйрығына 5-қосымша

    Әкімшілік деректерді жинауға

    арналған нысан

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz мемлекеттік интернет-ресурсында орналастырылған

    Әкімшілік нысанның атауы:

    «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық және/немесе тікелей сатып алуға жеңілдетілген кредит беру және/немесе субсидиялау бойынша ақпарат

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанның индексі: ФТС-01

    Кезеңділігі: ай сайын

    Есептік кезең: 20__ жылғы_________

    Нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

    Нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей

    Жеке сәйкестендіру нөмірі /

    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

    Деректерді жинау тәсілі: электрондық түрде

    1-бөлім. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру туралы ақпарат

    Об­лыс
    Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер жік­те­уі­ші бой­ын­ша об­лы­стың ко­ды
    Өті­нім­дер­дің жал­пы пу­лы
    Өті­нім­дер са­ны
    аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен субъ­ек­ті­ле­рі­нің са­ны
    егіс ала­ңы, гек­тар
    со­ма, мың тең­ге
    қа­ра­лу­да
    Об­лы­стар­дың үй­ле­сті­ру ке­ңе­сте­рі­нің бе­кіт­ке­ні
    бе­рі­л­ге­ні
    аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен субъ­ек­ті­ле­рі­нің са­ны
    егіс ала­ңы, гек­тар
    со­ма, мың тең­ге
    аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен субъ­ек­ті­ле­рі­нің са­ны
    егіс ала­ңы, гек­тар
    со­ма, мың тең­ге
    аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен субъ­ек­ті­ле­рі­нің са­ны
    егіс ала­ңы, гек­тар
    со­ма, мың тең­ге
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    Бар­лы­ғы
    2-бөлім. Облыстар бөлінісінде түпкілікті қарыз алушыларды қаржыландыру туралы ақпарат
    «Азық-тү­лік ке­лі­сім­шарт кор­по­ра­ци­я­сы» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы» АҚ фи­ли­а­лы
    Түп­кі­лік­ті қарыз алушы­ның ата­уы (аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен субъ­ек­ті­сі)
    Түп­кі­лік­ті қарыз алушы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес­с­әй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Со­ма, мың тең­ге
    Қарыз шар­ты­ның кү­ні мен нө­мі­рі
    Егіс ала­ңы, гек­тар
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры­ның түр­ле­рі
    Кө­ле­мі, тон­на
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    Жиы­ны
    3-бөлім. Ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша ақпарат
    Об­лыс
    Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер жік­те­уі­ші бой­ын­ша ко­ды
    Өті­нім­дер са­ны
    Би­дай
    Ар­па
    Күн­ба­ғыс
    Зығ­ыр
    аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен субъ­ек­ті­ле­рі­нің са­ны
    егіс ала­ңы, гек­тар
    со­ма, мың тең­ге
    сы­ны­бы
    гек­тар
    со­ма, мың тең­ге
    сы­ны­бы
    гек­тар
    со­ма, мың тең­ге
    гек­тар
    со­ма, мың тең­ге
    гек­тар
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    Жиы­ны
    кестенің жалғасы
    Зығ­ыр
    Рапс
    Жү­ге­рі
    со­ма, мың тең­ге
    гек­тар
    со­ма, мың тең­ге
    гек­тар
    со­ма, мың тең­ге
    16
    17
    18
    19
    20
    Мекенжайы ______________________
    Телефон _________________________________________
    Электрондық пошта мекенжайы __________________________
    Орындаушы ________________________________ ________________________
    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) электрондық цифрлық қолтаңба
    Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға______________________________________
    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) электрондық цифрлық қолтаңба
    М. О. _________________________________________

    Әкімшілік деректерді өтеусіз

    негізде жинауға арналған

    «Азық-түлік келісімшарт

    корпорациясы» ұлттық компаниясы»

    акционерлік қоғамының ауыл

    шаруашылығы өнімдерін

    форвардтық және/немесе

    тікелей сатып алуға жеңілдетілген

    кредит беру және/немесе

    субсидиялау бойынша ақпарат»

    нысанына қосымша

    Әкімшілік деректерді өтеусіз енгізде жинауға арналған «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық және/немесе тікелей сатып алуға жеңілдетілген кредит беру және/немесе субсидиялау бойынша ақпарат» нысанын толтыру бойынша түсіндірме

    (Индекс: нысан № ФТС-01, кезеңділігі: ай сайын)

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық және/немесе тікелей сатып алуға жеңілдетілген кредит беру және/немесе субсидиялау бойынша ақпарат» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.

    2. Нысанды «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы толтырады.

    3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

    4. Нысанды «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады.

    5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    6. 1-бөлімнің 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.

    7. 1-бөлімнің 2-бағанында тиісті облыс көрсетіледі.

    8. 1-бөлімнің 3-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші бойынша облыстың коды көрсетіледі.

    9. 1-бөлімнің 4, 5 және 6-бағандарында қаралып жатқан өтінімдер туралы ақпарат: агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің саны, егіс алаңы (гектар), сома (мың теңгемен) көрсетіледі.

    10. 1-бөлімнің 7, 8 және 9-бағандарында қаралып жатқан өтінімдер туралы ақпарат: агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің саны, егіс алаңы (гектар), сома (мың теңгемен) көрсетіледі.

    11. 1-бөлімнің 10, 11 және 12-бағандарында облыстардың Үйлестіру кеңестері бекіткен мақұлданған өтінімдер туралы ақпарат: агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің саны, егіс алаңы (гектар), сома (мың теңгемен) көрсетіледі.

    12. 1-бөлімнің 13, 14 және 15-бағандарында кредиттер бойынша қаржыландыру берілген өтінімдер туралы ақпарат: агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің саны, егіс алаңы (гектар), сома (мың теңгемен) көрсетіледі.

    13. 2-бөлімнің 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.

    14. 2-бөлімнің 2-бағанында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ филиалының атауы көрсетіледі.

    15. 2-бөлімнің 3-бағанында түпкілікті қарыз алушының (агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің) атауы көрсетіледі.

    16. 2-бөлімнің 4-бағанында түпкілікті қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

    17. 2-бөлімнің 5-бағанында алынған кредит сомасы (мың теңгемен) көрсетіледі.

    18. 2-бөлімнің 6-бағанында түпкілікті қарыз алушының қарыз шартының күні мен нөмірі көрсетіледі.

    19. 2-бөлімнің 7-бағанында егіс алаңы (гектар) көрсетіледі.

    20. 2-бөлімнің 8-бағанында ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері көрсетіледі.

    21. 2-бөлімнің 9-бағанында ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі, тоннамен көрсетіледі.

    22. 3-бөлімнің 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.

    23. 3-бөлімнің 2-бағанында тиісті облыс көрсетіледі.

    24. 3-бөлімнің 3-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші бойынша облыстың коды көрсетіледі.

    25. 3-бөлімнің 4, 5 және 6-бағандарында кредиттер бойынша қаржыландыру берілген өтінімдер туралы ақпарат: агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің саны, егіс алаңы (гектар), сомасы (мың теңгемен) көрсетіледі.

    26. 3-бөлімнің 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-бағандарында бидай, арпа, күнбағыс, зығыр, рапс және жүгері сияқты ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша кредитпен қамтылған гектарлардағы дақыл сыныбы, егіс алаңы (гектар) туралы мәліметтер көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.