«Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33571 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) көліктік қолтаңба – WSSecurity ерекшелігін қолдана отырып, цифрлық жүйелердің цифрлық өзара іс-қимылы кезінде берілетін хабарламалардың тұтастығы мен авторлығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба;
2) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелгендер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;
3) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін цифрлық объект;
4) «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын ақпараттандыру объектісі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік цифрлық жүйелерден портал арқылы алады, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензия беру үшін бюджетке лицензиялық төлемнің төленгені туралы мәліметтер (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік цифрлық жүйелерден ЦҮТШ арқылы ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан цифрлық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Портал мен цифрлық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 83-бабына сәйкес жүзеге асырылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі құжаттар жолданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көліктік қолтаңбамен қол қою арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына лицензияны, не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерiнiң импортына лицензияны, не осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды толығымен автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымның операторынына жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе оларға өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімнің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.»;
Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрі
2026 жылғы 1 маусымдағы
№ 212
бұйрығына қосымша
«Сандық шектеулер (квоталар)
енгізілген кезде жекелеген
тауарлар түрлерінің экспортына
және (немесе) импортына
лицензия беру»
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша
«Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
|
|
2.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері
|
«Цифрлық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал)
|
|
3.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
1 (бір) жұмыс күні ішінде
|
|
4.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Цифрлық (толық цифрландырылған)
|
|
5.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына лицензия не тауарлардың жекелеген түрлерiнiң импортына лицензия не мемлекеттiк қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
|
|
6.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Жеке немесе заңды тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензия бергені үшін лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма- қол және қолма-қол емес нысанда, сондай-ақ «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.
|
|
7.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
|
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. gov. kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
|
|
8.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі
|
Тауарлардың экспортына лицензия алу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Тізбеге қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына лицензия алуға өтініш;
2) шарттың (келісімшарттың), оның қосымшаларының және (немесе) оған толықтырулардың электрондық көшірмесі, немесе шарттан (келісімшарттан) мәліметтер: шарттың (келісімшарттың) нөмірі мен күні;
тауардың сипаттамасы; өлшем бірлігі көрсетілген тауардың саны, шарттың (келісімшарттың) валютасы көрсетілген тауардың құны;
тауардың межелі елі; тауар шыққан елі; шарттың (келісімшарттың) қолданылу мерзімі (шартта (келісімшартта) оның қолданылу мерзімі туралы ережелер болмаған жағдайда шарттың (келісімшарттың) мерзімсіз болып табылатындығы көрсетіледі); тауарды сатып алушы туралы ақпарат; мәміле түрі туралы ақпарат (экспорт);
3) ауыл шаруашылығы жануарларының экспорты кезінде – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10223 болып тіркелген) Жануарларды карантиндеу қағидаларына сәйкес берілген эпизоотикалық зерттеп-қарау актісі;
4. балықтарды және басқа да су жануарларын экспорттау кезінде:
шарт (келісімшарт) жасалған сәтте қолданыста болатын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 304 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14117 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама.
Тауарлардың импортына лицензия алу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған цифрлық құжат нысанында осы Тізбеге қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша жекелеген тауарлар түрлерінің импортына лицензия алуға өтініш;
2) шарттың (келісімшарттың), оның қосымшаларының және (немесе) оған толықтырулардың электрондық көшірмесі немесе шарттан (келісімшарттан) мәліметтер:
шарттың (келісімшарттың) нөмірі мен күні;
тауардың сипаттамасы;
өлшем бірлігі көрсетілген тауардың саны, шарттың (келісімшарттың) валютасы көрсетілген тауардың құны;
тауарды жөнелтуші ел;
тауар шыққан елі;
шарттың (келісімшарттың) қолданылу мерзімі (шартта (келісімшартта) оның қолданылу мерзімі туралы ережелер болмаған жағдайда шарттың (келісімшарттың) мерзімсіз болып табылатындығы көрсетіледі);
тауарды сатушы туралы ақпарат; мәміле түрі туралы ақпарат (импорт).
Көрсетілетін қызметті беруші шарттан (келісімшарттан) мәліметтердің дұрыс еместігі белгілерін анықтаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан шарттың (келісімшарттың) көшірмесін сұратуға құқылы.
Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік цифрлық жүйелерден портал арқылы алады, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензия беру үшін бюджетке лицензиялық төлемнің төленгені туралы мәліметтер (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті берушіге ЦҮТШ арқылы мемлекеттік цифрлық жүйелерден ұсынылады.
Цифрлық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
|
|
9.
|
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушының лицензия алу үшін ұсынған құжаттарында толық емес немесе дұрыс емес мәліметтердің болуы;
2) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының 10, 11, 12 және 22-тармақтарында көзделген талаптардың сақталмауы;
3) лицензия беру (ресімдеу) үшін негіз болып табылатын бір немесе бірнеше құжаттың қолданысын тоқтату немесе тоқтата тұру;
4) іске асыру үшін лицензия сұратылатын шартты (келісімшартты) орындау салдарынан туындауы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы
5) экспорттың және (немесе) импорттың сандық шектеулері ретінде экспорттық және (немесе) импорттық квотаның, арнайы қорғау шарасы ретінде импорттық немесе арнайы квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның таусылуы не олардың болмауы (квоталанатын тауарларға лицензия ресімделген жағдайда);
6) лицензиялық алымның енгізілмеуі;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
8) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
9) сот орындаушысының ұсынуы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге соттың уақытша тыйым салуы;
10) лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
11) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімнің болмауы.
|
|
10.
|
Мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар
|
«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 7-тармағына сәйкес экспортқа және (немесе) импортқа сандық шектеулер енгізілген тауарлар үшін лицензияның қолданылу кезеңі квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ 1414, 8 800 080 77 77 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www. gov. kz интернет-ресурсында орналастырылған.
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.