Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 мамыр 2026 ж.

    Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін (бұдан әрі – Тізбе).

    2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының тоғынызшы және оныншы абзацы, Тізбенің 2-тармағының тоғызыншы, оныншы, он үшінші, он төртінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтары, Тізбенің 3-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, он екінші және он үшінші абзацтары, Тізбенің 4, 5 және 6-тармақтары, Тізбенің 7-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    2026 жылғы 12 шілдеден бастап:

    Тізбенің 2-тармағының сегізінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:

    «3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 1-қосымшасы на сәйкес «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсына отырып, ауысу туралы еркін нысандағы өтінішпен көрсетілетін қызметті берушіге не «цифрлық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі – Портал) жүгінеді.»;

    Тізбеге 1, 2, 3, 6, 9, 11 және 12-қосымшалар осы бұйрыққа 2, 3, 4, 5, 6, 7, және 8-қосымша ларға сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін.

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі

    Ж. Сулейменова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Оқу-ағарту министрі

    2026 жылғы 29 мамырдағы

    № 148-НҚ Бұйрыққа

    1-қосымша

    Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі

    1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10475 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 47) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияла жазылсын:

    «1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 47) тармақшасына сәйкес және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру тәртібін айқындайды.»;

    2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына сәйкес әскери қызметке шақыруды растау туралы мәліметтер.»;

    12 тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «12. Көрсетілетін қызметті беруші Заңың 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізілуін қамтамасыз етеді.»;

    көрсетілген Қағидаларға 1- қосымша осы Тізбеге 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидаларға 2 қосымша осы Тізбеге 2 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    2. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 47) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 47) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдаудың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.»;

    3 тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 1-қосымшасы на сәйкес «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсына отырып, ауысу туралы еркін нысандағы өтінішпен көрсетілетін қызметті берушіге не «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі – Портал) жүгінеді.»;

    екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, тәсілдерін, мерзімін, нысанын, нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілерінің жұмыс кестесін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасы на сәйкес Тізбесінде келтірілген.»;

    бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Құжаттарды Портал арқылы ұсынған жағдайда, құжаттарды одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 2-қосымшасы на сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.»;

    24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «24. Көрсетілетін қызметті беруші Заңың 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізілуін қамтамасыз етеді.»;

    көрсетілген Қағидаларға 1 қосымша осы Тізбеге 3 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидаларға 2 қосымша осы Тізбеге 4 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтамалар беру тәртібін айқындайды.»;

    4 тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) осы Қағидалардың 2-қосымшасы на сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін қоса бере отырып, осы Қағидалардың 1-қосымшасы на сәйкес нысан бойынша өтініш береді.»;

    екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, тәсілдерін, мерзімін, нысанын, нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілерінің жұмыс кестесін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны осы Қағидалардың 2-қосымшасы на сәйкес Тізбеде келтірілген.»;

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Көрсетілетін қызметті беруші Заңың 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізілуін қамтамасыз етеді.»;

    көрсетілген Қағидаларға 1 қосымша осы Тізбеге 5 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидаларға 2 қосымша осы Тізбеге 6 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    3. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидалары мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы (бұдан әрі – ТКОБКБ ұйымдары) меншік құқығына тиесілі немесе өзге заңдық негізде ұйымдардың иелігінде тұрған жатақханалардағы орындарды бөлу тәртібін айқындайды.»;

    2-1-тармақтың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

    2) www.egov.kz «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады;

    3) «цифрлық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жүзеге асырылады.

    8 - тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Конкурстық комиссия ТКОБКБ ұйымдары жатақханаларынан орын бөлуді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш негізінде немесе порталға электрондық түрде берілген өтініш негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Тізбенің 9-тармағында көрсетілген қызметті алушының мәртебесін растайтын құжаттарды қоса бере отырып жүзеге асырады.»;

    8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8-1. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәлікті (жетім балалар үшін), жылжымайтын мүлкінің бар (жоқ) екендігі туралы ақпаратты, жасына байланысты зейнетақы/жәрдемақы алушының куәлігі (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін), «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32885 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына сәйкес өтініш берушінің (отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы алады.»;

    16 тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «16. Көрсетілетін қызметті беруші Заңың 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізілуін қамтамасыз етеді.»;

    көрсетілген Қағидаларға 2 - қосымша осы Тізбеге 9 - қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидаларға 5 - қосымша осы Тізбеге 10 - қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

    4. «Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17540 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларында:

    11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беру ұйымдарының қызмет сапасы;

    тәуелсіз аккредиттеуден өтуі;

    соңғы 3 жылдағы қаржы шығындарын көрсетіп, құрылған және қайта жабдықталған зертханалар және шеберханалар саны;

    мамандықтар бойынша цифрлық білім беру ресурстарының, оқу - әдістемелік құралдардың саны;

    оқытудың цифрлық технологияларын енгізу;

    оқытушыларды біліктілікті арттырумен және тағылымдалармен қамту, оның ішінде шетелде;

    техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлау мамандықтары бойынша сатып алынған жаңа және/немесе шетел әдебиетінің саны;

    техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім туралы үздік диплом алған түлектердің үлесі;

    веб-сайттың бар болуы, толтырылуы және бірнеше тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде) сайттың қызмет етуі;»;

    23 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «23. Конкурстық негізде «Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім беретін үздік ұйым» грантын алған мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары грантты білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықтауды жақсартуға және білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге жұмсайды.»;

    5. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 қазандағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30099 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздерінде:

    2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) білім беру бағдарламаларының тізілімі – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКОББ) әзірлеген ББ қамтитын білім беру саласындағы уәкілетті органның цифрландыру объектісі.».

    6. «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 497 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31134 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларында:

    6 тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Басқа қаладан келген студенттер мен бітірушілерге жол жүру өтемақысы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды ұсынбай, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын «Ұлттық білім беру дерекқоры» цифрлық жүйесінде қалыптастырылған деректер негізінде төленеді.»;

    7. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 82 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32226 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Заң) және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну тәртібін айқындайды.»;

    5 - тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын::

    «5. Көрсетілетін қызметті алушы тегін тамақтануды алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі не www.egov.kz «цифрлық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы) немесе ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы өтініш береді.»;

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбие туралы мәліметтерін, (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы алады.»;

    8 - тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 2-қосымшасы ның 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;

    9 - тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет проактивті тәсілмен, қызметті берушінің бастамасымен көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін www.egov.kz «цифрлық үкімет» веб-порталында тіркеген кезде көрсетілетін қызметті берушінің және мемлекеттік органдардың электрондық жүйелері арқылы, проактивті жолмен көрсетілуі мүмкін және оған:»;

    12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «12. Көрсетілетін қызметті беруші Заңың 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізілуін қамтамасыз етеді.»;

    көрсетілген Қағидаларға 1- қосымша осы Тізбеге 11 - қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидаларға 2 - қосымша осы Тізбеге 12 - қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидаларға 3 - қосымша осы Тізбеге 13 - қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы Тізбеге 14-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.».

    Тізбеге 1-қосымша

    Техникалық және кәсіптік, орта

    білімнен кейінгі білім беру

    ұйымдарында білім алушыларға

    академиялық демалыстар беру

    қағидаларына 1-қосымша

    Нысан

    ____________________________

    /көрсетілетін қызметті беруші

    басшысының ТАӘ (ол болған

    жағдайда)/

    _______________________

    _________________________

    /көрсетілетін қызметті

    алушының ТАӘ (ол болған

    жағдайда)/

    ____________________________

    /көрсетілетін қызметті

    алушының байланыс деректері/

    ____________________________

    Өтініш

    Сізден _____________________________________________________________ / білім алушының ТАӘ (ол болған жағдайда), курс, мамандығын көрсету/

    ___________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________ /себебін көрсету/

    ___________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________

    байланысты академиялық демалыс беруді сұраймын.

    *Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануғакелісім беремін.

    20___жылғы «____»___________ ________________ /қолы/

    * Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде

    Тізбеге 2-қосымша

    Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларына

    2-қосымша

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    1
    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
    Техникалық және кәсiптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
    2
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы
    жоқ
    3
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін
    Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
    2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
    4
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімін
    1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 2 (екі) жұмыс күні.
    Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір күннен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді;
    2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;
    3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.
    5
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысанын
    Қағаз жүзінде
    6
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесін
    Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 3-тармағында белгіленген негіздер бойынша білім алушыға оның басталу және аяқталу мерзімдерін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығының белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмесі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
    7
    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген жағдайларда оны алу тәсілдері
    Тегін
    8
    Жұмыс кестесі
    1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13:00-ден 14:00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:00-ға дейін.
    2) Мемлекеттік корпорация: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары:
    1) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсы: www.edu.gov.kz;
    2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсы: www.gov4c.kz.
    9
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
    Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
    Көрсетілетін қызметті беруші арқылы:
    1. Сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін академиялық демалыс беру үшін:
    1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
    2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық демалыс беру туралы өтініш;
    3) Амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы ОДКК қорытындысы, ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшін.
    2. Туберкулезге қарсы ұйымның ОДКК шешімімен ауруына байланысты академиялық демалыс беру үшін:
    1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

    3) туберкулезге қарсы ұйымның ОДКК шешімі, білім алушыларға академиялық демалыс беру үшін.
    3. Әскери қызметке шақыруға байланысты академиялық демалыс беру үшін:

    3) әскери қызметке шақыруды растау туралы мәліметтер.
    4. Үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша академиялық демалыс беру үшін:

    3) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
    Мемлекеттік корпорация арқылы:
    1. Сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін академиялық демалыс беру үшін:
    1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
    2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық демалыс беру туралы өтініш;
    3) амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы ДКК қорытындысы, ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшін.

    Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, баланың (балалардың) тууы туралы куәліктерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады және көрсетілетін қызметті берушіге беру үшін қағаз тасымалдағышта басып шығарады.
    Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалған құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім алады.
    Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ, құжаттар дұрыс болмаса және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
    10
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
    1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
    2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады;
    3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
    11
    Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
    1) Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдаралуды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін кызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметтері 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шығумен жүргізеді.
    2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты 1414, 8 800 080 77777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
    3) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің : www.edu.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

    Тізбеге 3-қосымша

    «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау»

    1
    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
    Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)
    2
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы
    «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру»
    «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша қайта қабылдау»
    3
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
    2) «электрондық үкіметтің» www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал).
    4
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімін
    1. Ауыстыру үшін:
    1) бір білім беру ұйымында бір мамандықтан екіншісіне немесе бір оқу нысанынан екіншісіне – 3 (үш) жұмыс күні;
    2) бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына – 10 (он) жұмыс күні;
    3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымнан жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымға – 3 (үш) жұмыс күні;
    4) ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға – 8 (сегіз) жұмыс күні;
    5) бір оқу нысанынан басқа білім беру ұйымына – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
    6) шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымына ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
    2. Қайта қабылдау үшін:
    1) бұрын білім алған білім алушы басқа білім беру ұйымына – 10 (он) жұмыс күні;
    2) білім беру ұйымында оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде білім алушылар оқудан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда – 3 (үш) жұмыс күні;
    3) шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымына - 2 (екі) жұмыс күні.
    5
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысанын
    Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде
    6
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесін
    Осы Қағидаларға 3, 4-қосымша ларға сәйкес ауыстыру немесе қайта қабылдау туралы хабарлама не себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
    Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат (бұдан әрі - ЭЦҚ) нысанында жолданады.
    7
    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген жағдайларда оны алу тәсілдері
    Тегін
    8
    Жұмыс кестесі
    1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.
    2) Порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің www.gov.kz/memleket/entities/edu интернет-ресурсында;
    2) www. egov. kz порталында орналасқан.
    9
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
    Көрсетілетін қызметті берушіге:
    Ауыстыру үшін:
    1. Бір білім беру ұйымында бір мамандықтан екіншісіне немесе бір оқу нысанынан екіншісіне:
    1) білім алушының (заңды өкілінің) ауыстыру туралы еркін нысандағы өтініші.
    2. Бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына:
    1) білім алушының (заңды өкілінің) ауыстыру туралы еркін нысандағы өтініші;
    2) білім алушының ауысып кететін білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі.
    3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымнан орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымға:

    2) басқа білім беру ұйымына келгені туралы талон.
    4. Ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға:

    5. Бір оқу нысанынан басқа білім беру ұйымына басқа нысанға:

    Шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымына ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде:
    1) меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама);
    2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтетін алдыңғы білім деңгейін аяқтағаны туралы құжат;
    3) шетелдік білім беру ұйымдарына түсу кезіндегі түсу сынақтарының нәтижелері.
    Қайта қабылдау үшін:
    Бұрын білім алған білім алушы басқа білім беру ұйымына:
    1) қайта қабылданушының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
    2) «Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың көшірмесі.
    2. Білім беру ұйымында оқу ақысын төлемегені үшін семестр ішінде оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушылар оқудан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда:

    2) төлем бойынша қарызын өтегені туралы құжат.
    Порталға:
    Ауыстыру үшін:
    1. Бір білім беру ұйымында бір мамандықтан екіншісіне немесе бір оқу нысанынан екіншісіне:
    1) білім алушының (заңды өкілінің), көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы ауыстыру туралы өтініші.
    2. Бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына:
    1) білім алушының (заңды өкілінің), көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы ауыстыру туралы өтініші;
    2) білім алушының ауысып кететін білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) электрондық көшірмесі.
    3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымнан жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымға:

    2) басқа білім беру ұйымына келгені туралы талонның электрондық көшірмесі.
    4. Ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға:
    1) білім алушының (заңды өкілінің), көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы ауыстыру туралы өтініші;
    5. Бір оқу нысанынан басқа білім беру ұйымына басқа нысанға:
    1) білім алушының (заңды өкілінің), көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы ауыстыру туралы өтініші;
    2) білім алушының ауысып кететін білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) электрондық көшірмесі.
    6. Шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымына:
    1) меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжаттың (академиялық анықтама) электрондық көшірмесі;
    2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтетін алдыңғы білім деңгейін аяқтағаны туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
    3) шетелдік білім беру ұйымдарына түсу кезіндегі түсу сынақтары нәтижелерінің электрондық көшірмесі.
    Қайта қабылдау үшін:
    1. Бұрын білім алған білім алушы басқа білім беру ұйымына:
    1) қайта қабылданушының (заңды өкілінің), көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
    2) «Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың электрондық көшірмесі.

    2) төлем бойынша қарызын өтегені туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
    3. Шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымына:

    Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен Портал арқылы алады.
    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
    10
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
    1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
    2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
    3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
    4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
    11
    Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
    Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда электрондық нысанда Портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін Порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының «1414», 8 800 080 7777 телефондары арқылы алады.

    Тізбеге 4-қосымша

    «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, оқу орнының атауы (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

    Жоқ құжаттардың атауы:

    1) ________________________________________;

    2) ________________________________________;

    3) ________________________________________.

    Орындаушы: ТАӘ (ол болған жағдайда) __________________(қолы)

    Телефон __________________________________________

    Алды: ТАӘ (ол болған жағдайда)/ көрсетілетін қызметті алушының қолы

    «___» _________ 20__ жыл

    Тізбеге 5-қосымша

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    ____________________________

    Техникалық және кәсіптік, орта

    білімнен кейінгі білім беру

    ұйымы басшысының тегі, аты,

    әкесінің аты (бар болған

    жағдайда)

    _____________________курстың

    ____________________тобының

    __________мамандығы бойынша

    _______________оқу нысанында

    _________________оқуға түскен

    ___________оқудан шығарылған

    көрсетілетін қызмет алушы

    ____________________________

    тегі, аты, әкесінің аты

    (бар болған жағдайда) толық

    ____________________________

    тегі, аты, әкесінің аты

    (бар болған жағдайда)

    өзгерген жағдайда

    ____________________________

    ____________________________

    көрсетілетін қызметті

    алушының байланыс деректері

    Өтініш

    Маған _____________________________________________________________

    себебін көрсету _____________________________________________________

    техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді аяқтамағаным туралы анықтама беруді сұраймын.

    Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, цифрлық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

    «____»______________20__ ж. _____________________ /қолы/

    Ескертпе: мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес баспа әріптермен толтырылады

    Тізбеге 6-қосымша

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    1
    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
    Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
    2
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы
    жоқ
    3
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
    2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
    4
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімін
    1) көрсетілетін қызметті берушіге, көрсетілетін қызметті беруші орналасқан жер бойынша Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні, көрсетілетін қызметті беруші орналаспаған жер бойынша – 8 (сегіз) жұмыс күні.
    Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.
    2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияға – 15 (он бес) минут;
    3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.
    5
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысанын
    Қағаз түрінде
    6
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесін
    Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама.
    7
    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген жағдайларда оны алу тәсілдері
    Тегін
    8
    Жұмыс кестесі
    1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
    2) Мемлекеттік корпорация: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
    Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) Оқу-ағарту министрлігінің www.gov.kz/memleket/entities/edu интернет-ресурсында.
    2) Мемлекеттік корпорацияның: www. gov4c. kz интернет-ресурсында орналасқан.
    9
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
    Көрсетілетін қызметті берушіге:
    1) осы Қағидаларға 1 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына анықтама беру туралы көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) өтініші;
    2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін). Мемлекеттік корпорацияға:
    1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына анықтама беру туралы көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) өтініші;
    2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін). Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады және көрсетілетін қызметті берушіге береді. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
    Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
    Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
    10
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
    1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
    2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады;
    3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
    4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
    11
    Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
    Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінген кезде олардың тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы алады. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.gov.kz/memleket/entities/edu және Бірыңғай байланыс орталығының www. egov. kz интернет-ресурсында орналастырылған.

    Тізбеге 7-қосымша

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    ____________________________

    көрсетілетін қызметті алушының

    ТАӘ (ол болған жағдайда)

    немесе ұйымның атауы)

    ____________________________

    ____________________________

    (көрсетілетін қызметті

    алушының мекенжайы)

    Құжаттарды қабылдау туралы қолхат

    ____________________________________________________________________ / білім алушының ТАӘ (ол болған жағдайда)/

    ____________________________________________________________________ /білім беру ұйымының атауын көрсету/

    Анықтама беру үшін қабылданған құжаттардың тізбесі:

    1. __________________________________________________________________

    2. __________________________________________________________________

    3. __________________________________________________________________

    Қабылдаған:

    ________________________________ 20___жылғы «____»___________

    (орындаушының ТАӘ) (ол болған жағдайда), (қолы, байланыс телефоны)

    Тізбеге 8-қосымша

    «Техникалық және кәсіптік,

    орта білімнен кейінгі білім

    алуды аяқтамаған адамдарға

    анықтама беру» мемлекеттік

    қызмет көрсету қағидаларына

    4 – қосымша

    Нысан

    көрсетілетін қызметті

    алушының ТАӘ

    (ол болған жағдайда)

    немесе ұйымның атауы)

    ______________________

    ______________________

    (көрсетілетін қызметті

    алушының мекенжайы)

    Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы филиалының коммерциялық емес акционерлік қоғамының №______ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінде көзделген құжаттардың топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесіне сәйкес көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

    Жоқ құжаттардың атауы:

    1)_______________________________;

    2)_______________________________.

    Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.

    ТАӘ (болған жағдайда) _____________________ мемлекеттік корпорацияның

    қызметкері (қолы) __________

    Орындаушы: ТАӘ (ол болған жағдайда) ________________ (қолы)___________

    Телефоны _____________

    Алдым: ТАӘ (ол болған жағдайда) / көрсетілетін қызметті алушының

    қолы «___» _________ 20__ ж.

    Тізбеге 9-қосымша

    Білім беру ұйымдарының

    Жатақханаларындағы

    орындарды бөлу қағидаларына

    2-қосымша

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    1
    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
    Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
    2
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы
    жоқ
    3
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін
    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
    1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
    2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады;
    3) «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жүзеге асырылады.
    4
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімін
    Қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні.
    5
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысанын
    Электронды (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде/проактивті/ «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін.
    6
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесін
    Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама не дәлелді бас тарту.
    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз/проактивті.
    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып жауап жолдайды.
    Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне жүгінбеген кезде көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.
    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі проактивті нысанда көрсетілетін қызметті алушының мобильді азаматтар базасында тіркелген мобильді нөміріне sms-хабарлама арқылы жіберіледі.
    7
    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген жағдайларда оны алу тәсілдері
    Тегін
    8
    Жұмыс кестесі
    1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.
    2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
    2) www.egov.kz порталында орналастырылған
    9
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
    Көрсетілетін қызметті берушіге:
    1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйым басшысының атына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақханадан орын беру туралы өтініш;
    2) қандас мәртебесі туралы құжаттың көшірмесі;
    3) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
    Порталда:
    1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жатақханадан орын беру туралы өтініш;
    2) қандас мәртебесі туралы құжаттың электрондық көшірмесі; жеке басын куәландыратын құжаттар, ата-анасының (ата-анасының) қайтыс болуы, жылжымайтын мүлкінің бар (жоқ) екендігі туралы мәліметтер, (жетім балалар үшін), жасына байланысты зейнетақы/жәрдемақы алушының куәлігі (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін), «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген), «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32885 болып тіркелген) өтініш берушінің (отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
    10
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
    1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
    2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарының қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
    3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
    11
    Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
    Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
    Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
    Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинет», көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
    Үшінші тұлғалардың қызмет алу шарттары:
    Порталдағы «жеке кабинеттен», сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы проактивті нысанда ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған адамның келісімі болған жағдайда үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
    Қызметті проактивті форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушының мобильді нөмірін мобильді азаматтар базасында тіркеу қажет.

    Тізбеге 10-қосымша

    Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларына

    5-қосымша

    Нысан

    Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің негізгі талаптарының тізбесіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету), Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет Негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарға байланысты, атап айтқанда:

    Жоқ құжаттардың атауы:

    1) ____________________________________________________________

    2) ____________________________________________________________

    3) .....

    Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

    Орындаушының ТАӘ (ол болған жағдайда) ________ Қолы __________

    Телефон______

    Қабылдады: _______________________ «___» ___________ 20 ___ жыл

    (Көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (ол болған жағдайда), қолы)

    Тізбеге 11-қосымша

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    ____________________________

    (көрсетілетін қызметті

    берушінің атауы)

    білім беру ұйымының басшысы

    ____________________________

    (ТАӘ (ол бар болған жағдайда)

    ____________________________

    мекен-жайы бойынша тұратын

    ____________________________

    (көрсетілетін қызметті алушының

    ТАӘ (ол бар болған жағдайда)

    Өтініш

    Сізден ____________________________________________________________

    (оқу орнының атауы) ___ курсы _____ тобында білім алатын ұлым (қызым)

    _______________________________________________________________________ (ТАӘ (ол бар болған жағдайда) тегін тамақтандыруды ұсынуды сұраймын.

    Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

    20__ жылғы «___» ________

    __________________________ (қолы) (ТАӘ (ол бар болған жағдайда)

    Тізбеге 12-қосымша

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    1
    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
    Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
    2
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы
    жоқ
    3
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін
    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
    2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
    3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады;
    4) www. egov. kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы.
    4
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімін
    1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 5 жұмыс күні; Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді;
    2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін жеке тұлғаларға күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 20 минут, Мемлекеттік корпорацияға - 15 минут
    3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсеттілетін берушінің кеңсесі арқылы қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 30 минут, Мемлекеттік корпорация арқылы-15 минут.
    5
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысанын
    Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде/проактивті
    6
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесін
    Тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама не осы Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру нысаны: Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде/проактивті. Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жолданады және сақталады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі проактивті нысанда тегін тамақтандыруды ұсыну туралы көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөміріне хабарлама түрінде жіберіледі.
    7
    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген жағдайларда оны алу тәсілдері
    Тегін
    8
    Жұмыс кестесі
    1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.
    2) Мемлекеттік корпорация: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
    3) портал/ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
    2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
    3) www.egov.kz. порталында орналасқан.
    9
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
    Көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға:
    1) белгіленген нысандағы өтініш;
    2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
    3) қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалар - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін;
    4) мүгедектігі туралы анықтамалар - мүгедектігі бар адамдар және бала кезінен мүгедектігі бар адамдар үшін немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы - ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін;
    5) өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат;
    6) табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.
    Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер үшін:
    1) белгіленген нысандағы өтініш;
    2) оқу ұйымына қабылдау туралы бұйрық.
    2, 3-тармақтарда көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.
    Порталда:
    1) белгіленген нысандағы өтініш;
    2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
    3) жетім балалар мен отбасында тәрбиеленетін ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін-қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы электрондық анықтама;
    4) табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.

    Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, туу туралы куәлігі, қорғаншылық (қамқоршылық), отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін патронаттық тәрбие туралы мәліметті, (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын құжатты, мүгедектігі туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
    10
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
    1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
    2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған сот шешімінің болуы;
    3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
    11
    Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
    Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы, сонымен қатар www. egov. kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы алу мүмкіндігіне ие.
    Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www. edu. gov. kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Порталдағы «жеке кабинеттен» ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.

    Тізбеге 13-қосымша

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

    3-қосымша

    Тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама

    ____________________________________________________________________ (ТАӘ (ол бар болған жағдайда) __________________________________________________ білім беру ұйымында 20___20___ оқу жылында тегін тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылар тізіміне енгізілгені үшін берілді. «___» _____________20____ жылы ________________________________ (білім беру ұйымы басшысының қолы)

    Тізбеге 14-қосымша

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты Мемлекеттік корпорация (мекен-жайын көрсету) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады:

    Жоқ құжаттардың атауы:

    1)_______________________________________;

    2)_______________________________________;

    Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.

    _______________________________ ________________________________ (ТАӘ (ол болған жағдайда) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қолы)

    ________________________________________ _______________________ (көрсетілетін қызметті берушінің ТАӘ (ол болған жағдайда) (қолы)

    Алдым: ________________ ________________________________________ (ТАӘ (ол болған жағдайда) (көрсетілетін қызметті алушының қолы)

    «___»_________ 20__ жыл.

    Бұйрыққа 2- қосымша

    Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    ____________________________

    /көрсетілетін қызметті беруші

    басшысының ТАӘ (ол болған

    жағдайда)/

    _______________________

    _________________________

    /көрсетілетін қызметті

    алушының ТАӘ (ол болған

    жағдайда)/

    ____________________________

    /көрсетілетін қызметті

    алушының байланыс деректері/

    ____________________________

    Өтініш

    Сізден _____________________________________________________________ / білім алушының ТАӘ (ол болған жағдайда), курс, мамандығын көрсету/

    ___________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________

    /себебін көрсету/

    ___________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________

    байланысты академиялық демалыс беруді сұраймын.

    * Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануғакелісім беремін.

    20___жылғы «____»___________ ________________ /қолы/

    * Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде

    Бұйрыққа 3-қосымша

    Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларына

    2-қосымша

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
    1
    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
    Техникалық және кәсiптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
    2
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы
    жоқ
    3
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін
    Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
    2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
    4
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімін
    1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 2 (екі) жұмыс күні.
    Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір күннен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді;
    2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;
    3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.
    5
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысанын
    Қағаз жүзінде
    6
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесін
    Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 3-тармағында белгіленген негіздер бойынша білім алушыға оның басталу және аяқталу мерзімдерін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығының белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмесі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
    7
    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген жағдайларда оны алу тәсілдері
    Тегін
    8
    Жұмыс кестесі
    1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13:00-ден 14:00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:00-ға дейін.
    Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13:00-ден 14:00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:00-ға дейін жүзеге асырылады.
    Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
    2) Мемлекеттік корпорация: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары:
    1) Министрліктің интернет-ресурсы: www.edu.gov.kz;
    2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсы: www.gov4c.kz.
    9
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
    Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
    Көрсетілетін қызметті беруші арқылы:
    1. Сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін академиялық демалыс беру үшін:
    1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
    2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық демалыс беру туралы өтініш;
    3) Амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы ОДКК қорытындысы, ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшін.
    2. Туберкулезге қарсы ұйымның ОДКК шешімімен ауруына байланысты академиялық демалыс беру үшін:
    1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
    2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық демалыс беру туралы өтініш;
    3) туберкулезге қарсы ұйымның ОДКК шешімі, білім алушыларға академиялық демалыс беру үшін.
    3. Әскери қызметке шақыруға байланысты академиялық демалыс беру үшін:
    1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
    2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық демалыс беру туралы өтініш;
    3) әскери қызметке шақыруды растау туралы мәліметтер.
    4. Үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша академиялық демалыс беру үшін:
    1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
    2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық демалыс беру туралы өтініш;
    3) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі).
    Мемлекеттік корпорация арқылы:
    1. Сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін академиялық демалыс беру үшін:
    1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
    2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық демалыс беру туралы өтініш;
    3) амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы ДКК қорытындысы, ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшін.
    2. Туберкулезге қарсы ұйымның ОДКК шешімімен ауруына байланысты академиялық демалыс беру үшін:
    1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
    2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық демалыс беру туралы өтініш;
    3) туберкулезге қарсы ұйымның ОДКК шешімі, білім алушыларға академиялық демалыс беру үшін.
    3. Әскери қызметке шақыруға байланысты академиялық демалыс беру үшін:
    1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
    2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық демалыс беру туралы өтініш;
    3) әскери қызметке шақыруды растау туралы мәліметтер.
    4. Үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша академиялық демалыс беру үшін:
    1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
    2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық демалыс беру туралы өтініш;
    3) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі).
    Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, баланың (балалардың) тууы туралы куәліктерді «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады және көрсетілетін қызметті берушіге беру үшін қағаз тасымалдағышта басып шығарады.
    Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде цифрлық жүйелерде заңмен қорғалған құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім алады.
    Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ, құжаттар дұрыс болмаса және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
    10
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
    1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
    2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады;
    3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
    11
    Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
    1) Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдаралуды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін кызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметтері 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шығумен жүргізеді.
    2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты 1414, 8 800 080 77777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
    3) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің : www.edu.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

    Бұйрыққа 4-қосымша

    «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау»

    1
    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
    Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
    2
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы
    «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру»
    «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша қайта қабылдау»
    3
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
    2) «цифрлық үкіметтің» www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал).
    4
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімін
    1. Ауыстыру үшін:
    1) бір білім беру ұйымында бір мамандықтан екіншісіне немесе бір оқу нысанынан екіншісіне – 3 (үш) жұмыс күні;
    2) бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына – 10 (он) жұмыс күні;
    3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымнан жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымға – 3 (үш) жұмыс күні;
    4) ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға – 8 (сегіз) жұмыс күні;
    5) бір оқу нысанынан басқа білім беру ұйымына – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
    6) шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымына ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
    2. Қайта қабылдау үшін:
    1) бұрын білім алған білім алушы басқа білім беру ұйымына – 10 (он) жұмыс күні;
    2) білім беру ұйымында оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде білім алушылар оқудан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда – 3 (үш) жұмыс күні;
    3) шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымына - 2 (екі) жұмыс күні.
    5
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысанын
    Электронды (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде
    6
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесін
    Осы Қағидаларға 3, 4-қосымша ларға сәйкес ауыстыру немесе қайта қабылдау туралы хабарлама не себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат (бұдан әрі - ЭЦҚ) нысанында жолданады.
    7
    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген жағдайларда оны алу тәсілдері
    Тегін
    8
    Жұмыс кестесі
    1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.
    2) Порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің www.gov.kz/memleket/entities/edu интернет-ресурсында;
    2) www. egov. kz порталында орналасқан.
    9
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
    Көрсетілетін қызметті берушіге:
    Ауыстыру үшін:
    1. Бір білім беру ұйымында бір мамандықтан екіншісіне немесе бір оқу нысанынан екіншісіне:
    1) білім алушының (заңды өкілінің) ауыстыру туралы еркін нысандағы өтініші.
    2. Бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына:
    1) білім алушының (заңды өкілінің) ауыстыру туралы еркін нысандағы өтініші;
    2) білім алушының ауысып кететін білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі.
    3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымнан орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымға:
    1) білім алушының (заңды өкілінің) ауыстыру туралы еркін нысандағы өтініші;
    2) басқа білім беру ұйымына келгені туралы талон.
    4. Ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға:
    1) білім алушының (заңды өкілінің) ауыстыру туралы еркін нысандағы өтініші;
    5. Бір оқу нысанынан басқа білім беру ұйымына басқа нысанға:
    1) білім алушының (заңды өкілінің) ауыстыру туралы еркін нысандағы өтініші;
    2) білім алушының ауысып кететін білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі.
    Шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымына ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде:
    1) меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама);
    2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтетін алдыңғы білім деңгейін аяқтағаны туралы құжат;
    3) шетелдік білім беру ұйымдарына түсу кезіндегі түсу сынақтарының нәтижелері.
    Қайта қабылдау үшін: Бұрын білім алған білім алушы басқа білім беру ұйымына:
    1) қайта қабылданушының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
    2) «Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың көшірмесі.
    2. Білім беру ұйымында оқу ақысын төлемегені үшін семестр ішінде оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушылар оқудан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда:
    1) қайта қабылданушының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
    2) төлем бойынша қарызын өтегені туралы құжат.
    Порталға: Ауыстыру үшін:
    1. Бір білім беру ұйымында бір мамандықтан екіншісіне немесе бір оқу нысанынан екіншісіне:
    1) білім алушының (заңды өкілінің), көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы ауыстыру туралы өтініші.
    2. Бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына:
    1) білім алушының (заңды өкілінің), көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы ауыстыру туралы өтініші;
    2) білім алушының ауысып кететін білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) электрондық көшірмесі.
    3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымнан жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымға:
    1) білім алушының (заңды өкілінің), көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы ауыстыру туралы өтініші;
    2) басқа білім беру ұйымына келгені туралы талонның электрондық көшірмесі.
    4. Ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға:
    1) білім алушының (заңды өкілінің), көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы ауыстыру туралы өтініші;
    5. Бір оқу нысанынан басқа білім беру ұйымына басқа нысанға: 1) білім алушының (заңды өкілінің), көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы ауыстыру туралы өтініші;
    2) білім алушының ауысып кететін білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) электрондық көшірмесі.
    6. Шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымына:
    1) меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжаттың (академиялық анықтама) электрондық көшірмесі;
    2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтетін алдыңғы білім деңгейін аяқтағаны туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
    3) шетелдік білім беру ұйымдарына түсу кезіндегі түсу сынақтары нәтижелерінің электрондық көшірмесі. Қайта қабылдау үшін:
    1. Бұрын білім алған білім алушы басқа білім беру ұйымына:
    1) қайта қабылданушының (заңды өкілінің), көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
    2) «Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың электрондық көшірмесі.
    2. Білім беру ұйымында оқу ақысын төлемегені үшін семестр ішінде оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушылар оқудан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда:
    1) қайта қабылданушының (заңды өкілінің), көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
    2) төлем бойынша қарызын өтегені туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
    3. Шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымына:
    1) меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжаттың (академиялық анықтама) электрондық көшірмесі;
    2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтетін алдыңғы білім деңгейін аяқтағаны туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
    3) шетелдік білім беру ұйымдарына түсу кезіндегі түсу сынақтары нәтижелерінің электрондық көшірмесі.
    Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерінен Портал арқылы алады.
    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
    10
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
    1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
    2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
    3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
    4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
    11
    Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
    Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда электрондық нысанда Портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін Порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының «1414», 8 800 080 7777 телефондары арқылы алады.

    Бұйрыққа 5-қосымша

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    1
    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
    Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
    2
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы
    жоқ
    3
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
    2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
    4
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімін
    1) көрсетілетін қызметті берушіге, көрсетілетін қызметті беруші орналасқан жер бойынша Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні, көрсетілетін қызметті беруші орналаспаған жер бойынша – 8 (сегіз) жұмыс күні.
    Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.
    2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияға – 15 (он бес) минут;
    3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.
    5
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысанын
    Қағаз түрінде
    6
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесін
    Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама.
    7
    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген жағдайларда оны алу тәсілдері
    Тегін
    8
    Жұмыс кестесі
    1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
    2) Мемлекеттік корпорация: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
    Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) Оқу-ағарту министрлігінің www.gov.kz/memleket/entities/edu интернет-ресурсында.
    2) Мемлекеттік корпорацияның: www. gov4c. kz интернет-ресурсында орналасқан.
    9
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
    Көрсетілетін қызметті берушіге:
    1) осы Қағидаларға 1 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына анықтама беру туралы көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) өтініші;
    2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін). Мемлекеттік корпорацияға:
    1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына анықтама беру туралы көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) өтініші;
    2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін). Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы алады және көрсетілетін қызметті берушіге береді. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
    Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
    Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
    10
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
    1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
    2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады;
    3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
    4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
    11
    Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
    Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінген кезде олардың тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы алады. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.gov.kz/memleket/entities/edu және Бірыңғай байланыс орталығының www. egov. kz интернет-ресурсында орналастырылған.

    Бұйрыққа 6-қосымша

    Білім беру ұйымдарының

    Жатақханаларындағы

    орындарды бөлу қағидаларына

    2-қосымша

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    1
    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
    Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
    2
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы
    жоқ
    3
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін
    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
    1) көрсетілетін қызметті беруші;
    2) www.egov.kz «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады;
    3) Порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.
    4
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімін
    Қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні.
    5
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысанын
    Электронды (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде/проактивті/композиттік
    6
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесін
    Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама не дәлелді бас тарту.
    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып жауап жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне жүгінбеген кезде көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.
    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі проактивті нысанда көрсетілетін қызметті алушының мобильді азаматтар базасында тіркелген мобильді нөміріне sms-хабарлама арқылы жіберіледі.
    7
    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген жағдайларда оны алу тәсілдері
    Тегін
    8
    Жұмыс кестесі
    1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.
    2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
    2) www.egov.kz порталында орналастырылған
    9
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
    Көрсетілетін қызметті берушіге:
    1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйым басшысының атына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақханадан орын беру туралы өтініш;
    2) қандас мәртебесі туралы құжаттың көшірмесі;
    3) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
    Порталда:
    1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жатақханадан орын беру туралы өтініш;
    2) қандас мәртебесі туралы құжаттың электрондық көшірмесі; жеке басын куәландыратын құжаттар, ата-анасының (ата-анасының) қайтыс болуы, жылжымайтын мүлкінің бар (жоқ) екендігі туралы мәліметтер, (жетім балалар үшін), жасына байланысты зейнетақы/жәрдемақы алушының куәлігі (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін), "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген), «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32885 болып тіркелген) өтініш берушінің (отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы алады.
    10
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
    1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
    2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарының қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
    3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
    11
    Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
    Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
    Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
    Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинет», көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
    Үшінші тұлғалардың қызмет алу шарттары:
    Порталдағы «жеке кабинеттен», сондай-ақ «цифрлық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы проактивті нысанда ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған адамның келісімі болған жағдайда үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
    Қызметті проактивті форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушының мобильді нөмірін мобильді азаматтар базасында тіркеу қажет.

    Бұйрыққа 7-қосымша

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    ____________________________

    (көрсетілетін қызметті

    берушінің атауы)

    білім беру ұйымының басшысы

    ____________________________

    (ТАӘ (ол болған жағдайда)

    ____________________________

    мекен-жайы бойынша тұратын

    ____________________________

    (көрсетілетін қызметті алушының

    ТАӘ (ол болған жағдайда)

    Өтініш

    Сізден ___________________________________________________________________ (оқу орнының атауы) ___ курсы _____ тобында білім алатын ұлым (қызым)

    _____________________________________________________________________ (ТАӘ (ол болған жағдайда) тегін тамақтандыруды ұсынуды сұраймын.

    Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

    20__ жылғы «___» ________

    __________________________(қолы) (ТАӘ (ол болған жағдайда)

    Бұйрыққа 8-қосымша

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    1
    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
    Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
    2
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы
    жоқ
    3
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін
    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
    2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
    3) «цифрлық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады;
    4) порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.
    4
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімін
    1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 5 жұмыс күні; Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді;
    2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін жеке тұлғаларға күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 20 минут, Мемлекеттік корпорацияға - 15 минут 3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсеттілетін берушінің кеңсесі арқылы қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 30 минут, Мемлекеттік корпорация арқылы-15 минут.
    5
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысанын
    Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде/проактивті
    6
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесін
    Тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама не осы Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
    Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жолданады және сақталады.
    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі проактивті нысанда тегін тамақтандыруды ұсыну туралы көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөміріне хабарлама түрінде жіберіледі.
    7
    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген жағдайларда оны алу тәсілдері
    Тегін
    8
    Жұмыс кестесі
    1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.
    2) Мемлекеттік корпорация: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
    3) портал/ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
    2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
    3) www.egov.kz. порталында орналасқан.
    9
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
    Көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға:
    1) белгіленген нысандағы өтініш;
    2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
    3) қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалар - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін;
    4) мүгедектігі туралы анықтамалар - мүгедектігі бар адамдар және бала кезінен мүгедектігі бар адамдар үшін немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы - ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін;
    5) өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат;
    6) табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.
    Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер үшін:
    1) белгіленген нысандағы өтініш;
    2) оқу ұйымына қабылдау туралы бұйрық.
    2, 3-тармақтарда көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.
    Порталда:
    1) белгіленген нысандағы өтініш;
    2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
    3) жетім балалар мен отбасында тәрбиеленетін ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін-қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы электрондық анықтама;
    4) табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.
    Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер үшін:
    1) белгіленген нысандағы өтініш;
    2) оқу ұйымына қабылдау туралы бұйрық.
    Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, туу туралы куәлігі, қорғаншылық (қамқоршылық), отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін патронаттық тәрбие туралы мәліметті, (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын құжатты, мүгедектігі туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы алады.
    10
    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
    1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
    2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған сот шешімінің болуы;
    3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
    11
    Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
    Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы, сонымен қатар www. egov. kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы алу мүмкіндігіне ие.
    Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www. edu. gov. kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Порталдағы «жеке кабинеттен» ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.