Маңғыстау облысы бойынша 2026 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Маңғыстау облысы бойынша 2026 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2026 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

    2. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

    Маңғыстау облысының әкімі

    Н. Қилыбай

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2026 жылғы «____»______

    № ______ қаулысына қосымша

    Маңғыстау облысы бойынша 2026 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Қо­сым­ша бі­лім бе­ру ба­ғыт­та­ры­ның түр­ле­рі
    Бі­лім алушы­лар­дың және (неме­се) тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің са­ны
    Ай­ы­на бір бі­лім алушы­ға және (неме­се) тәр­би­е­ле­ну­ші­ге жұм­са­ла­тын шы­ғы­стар­дың ор­та­ша құ­ны, тең­ге
    1
    Ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық
    780
    17123
    2
    Ту­ризм және өл­ке­та­ну
    210
    17123
    3
    Эко­ло­ги­я­лық-био­ло­ги­я­лық
    157
    17123
    4
    Көр­кем­дік-эс­те­ти­ка­лық
    355
    17123
    5
    Әле­умет­тік-пе­да­го­ги­ка­лық
    645
    17123
    6
    Гу­ма­ни­тар­лық
    1875
    17123
    7
    Жа­ра­ты­лы­ста­ну-ма­те­ма­ти­ка­лық
    1978
    17123
    Барлығы
    6000
    -

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.