«Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 мамыр 2026 ж.

    «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларында:

    2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

    1) автоматтандырылған дактилоскопиялық цифрлық жүйе (бұдан әрі – АДЦЖ) – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) цифрлық жүйесі, онда қолдың саусақ таңбалары бойынша қалыптастырылатын дактилоскопиялық ақпаратты жүргізу, жинақтау, өңдеу және ұсыну жүзеге асырылады;

    2) ақпараттық есепке алу құжаты (бұдан әрі – АЕҚ) – белгіленген үлгідегі құқықтық статистикалық ақпараттың материалдық (қағаз, магниттік, оптикалық, электрондық) жеткізгіші, оның негізінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректері қалыптастырылады;

    3) арнайы есепке алу – мемлекеттiк құқықтық статистика саласындағы құжатталған ақпаратты мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету үшiн жинау, тiркеу, өңдеу, жинақтау, жүйелеу, сыныптау, сақтау;

    4) арнайы есепке алу субъектілері – қылмыстық қудалауды, қылмыстық жазаны орындауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, арнайы мекемелер, сот органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік және көші-қон полициясының бөлімшелері;

    5) графикалық көшірме – jpeg, jpg, tiff, png форматтарындағы (фотобейнелерді сақтау үшін форматтар) мәліметтерді қамтитын графикалық ақпарат;

    6) Комитеттің аумақтық және оған теңестірілген орган (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық органы) – облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаменттер және оларға теңестірілген мамандандырылған бөлімшелері (әскери, көлік);

    7) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі (бұдан әрі – ҚАО ААЖ) – қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың қызметкерлері мен (немесе) жұмыскерлеріне мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдардың цифрлық жүйелерінен цифрлық ресурстарды беруге арналған, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңға сәйкес өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде олардың сұрау салулары бойынша ғана цифрлық ресурстарды алуға мүмкіндік беретін құпия цифрлық жүйе;

    8) орталықтандырылған автоматтандырылған деректер базасы (бұдан әрі – ОАДБ) – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарымен (бұдан әрі – ҚР ІІМ ҚАЖ) мәлімет енгізілетін автоматтандырылған деректер базасы;

    9) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – СДТБТ) – Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 180-бабының бірінші бөлігінде аталған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері, олар бойынша қабылданған процестік шешімдер, жүргізілген әрекеттер, қылмыстық іс жүргізудің қозғалысы, арыз иелері мен қылмыстық процестің қатысушылары туралы мәліметтер енетін, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізуді жүзеге асыратын цифрлық жүйе;

    10) «Талдау орталығы» цифрлық жүйесінің «Арнайы есепке алу» (бұдан әрі – ТО АЕА) – ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету шеңберінде арнайы есепке алудың мәліметтерін жүргізу, жинақтау, өңдеу және ұсыну жүзеге асырылатын «Талдау орталығы» Комитеттің цифрлық жүйесінің кіші жүйесі;

    11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).

    12) url-сілтеме – интернет цифрлық ресурсқа жүгіну тәсілі.»;

    3. Тегі бойынша және дактилоскопиялық есепке алуды Комитет және оның аумақтық органдары ТО АЕА және АДЦЖ-ды электрондық форматта, тегі бойынша және дактилоскопиялық картотекаларды қағаз жеткізгіште жүргізу жолымен жүргізеді.

    ТО АЕА және АДЦЖ-ды жүргізуді Комитет және оның аумақтық органдары барлық Қазақстан Республикасы бойынша бірыңғай цифрлық жүйелерде іске асырады.»;

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Электрондық тасымалдағыштағы АЕҚ-ның нысандары:

    1) электрондық әліпбилік есепке алу карточкасы – СДТБТ мәліметтерінің негізінде ТО АЕА-да автоматты түрде қалыптастырылатын, әліпбилік есепке алу карточкасы;

    2) сотталған (күзетпен қамауға алынған) туралы электрондық хабарлама (бұдан әрі – электрондық хабарлама) – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылатын электрондық құжат, ҚР ІІМ ҚАЖ-дың органдарымен ОАДБ-да және электрондық әліпбилік есепке алу карточкасының деректемелерін автоматты толтыру үшін ТО АЕА-ға жіберіледі;»;

    17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «17. ҚР ІІМ ҚАЖ-дың органдары бес жұмыс күні ішінде электрондық хабарламаларды қалыптастырады және әліпбилік есепке алу карточкасының деректемелерін ТО АЕА-да автоматты түрде толтыру үшін оларды ТО АЕА-ға мына жағдайларда:

    ҚР ҚПК-нің 151 және 153-баптарына сәйкес күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын жою немесе өзгерту;

    үкімнің көшірмесімен бірге үкімнің орындалуы туралы өкім алу;

    бірінші сатыдағы сот шығарған үкім алу;

    адамды соттаудан кейін не сотталған адам жазаны өтеу орнына кеткеннен кейін тергеу изоляторында, гауптвахтада қалдырғанда жібереді.

    Органдардың цифрлық жүйелерінің ТО АЕА-мен интеграциясы болмаған жағдайда тергеу изоляторы, гауптвахта бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына хабарлама жібереді.

    Тергеу изоляторы, гауптвахта хабарламаны/электрондық хабарламаны қоюмен бір уақытта Комитеттің аумақтық органына қағаз жеткізгіште растайтын құжаттар (жеке басты куәландыратын құжат, заңды күшіне енген үкім, үкімнің көшірмесімен бірге үкімнің заңды күшіне енуі туралы қаулы немесе өкім) жібереді.»;

    22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «22. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында орналасқан ҚР ІІМ ҚАЖ-дың мекемесінен ҚР ІІМ ҚАЖ-дың мекемесіне келген адам туралы бес жұмыс күні ішінде сол облыстағы Комитеттің аумақтық органы үшін электрондық хабарлама қалыптастырылады.

    Басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың сотымен сотталған, сол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ҚР ІІМ ҚАЖ-ның мекемесіне жазасын өтеуге келген адамға әліпбилік есепке алу карточкасының бір данасы құрастырылады және сол облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы Комитеттің аумақтық органына жіберіледі. Бес жұмыс күні ішінде ТО АЕА-дың деректемелерін автоматты түрде толтыру үшін электрондық хабарлама қалыптастырылады.

    ТМД-ға қатысушы мемлекеттің сотымен сотталған, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ҚР ІІМ ҚАЖ-дың мекемесіне жазасын өтеуге келген адамға заңды күшіне енген тағайындалған жаза туралы сот үкімінің және ҚР ҚК сәйкес оның әрекетін саралау туралы Қазақстан Республикасының соты шығарған сот актісінің көшірмелерін қоса бере отырып әліпбилік есепке алу карточкасының бір данасы құрастырылады, келген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сол облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы Комитеттің аумақтық органына жіберіледі.

    Бес жұмыс күні ішінде ТО АЕА-дың деректемелерін автоматты түрде толтыру үшін электрондық хабарлама қалыптастырылады.

    Транзиттік-жөнелтілуші сотталғанға электрондық хабарлама ТО АЕА-да деректемелерін автоматты түрде толтыру үшін, оның жазаны өтеу орнына келгеннен кейін қалыптастырылады.»;

    24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «24. ҚР ІІМ ҚАЖ-дың мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушыға қатысты үкім өзгерген жағдайда ҚР ІІМ ҚАЖ-дың мекемесі тиісті сотқа оның орындалуы туралы хабарлайды және үкімге енгізілген өзгерістер туралы қағаз жүзіндегі сот қаулысын бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына жібереді және енгізілген өзгертулер туралы мәліметтерді көрсете отырып, ТО АЕА-дың деректемелерін автоматты түрде толтыру үшін электрондық хабарлама қалыптастырады.

    Басқа өңірде сотталған адамға, сондай-ақ соттың істі қайта қарау бойынша тиісті үкімі (қаулысы) келіп түскенге дейін, сол мерзімде (сотталу жері бойынша Комитеттің аумақтық органы үшін) тиісті мәліметтермен электрондық хабарлама қалыптастырылады.»;

    26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «26. Сотталушы босатылса немесе қайтыс болса, өзгерту жөнінде сот шешімі, оның ішінде ҚР ІІМ ҚАЖ-дың мекемесінің түрі өзгерсе, жазаның мерзімі қысқартылса, бас бостандығынан айыру түріндегі өтелмеген жазаның бөлігі жеңіл жазаға ауыстырылса, рақымшылық қолданса, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылса, бас бостандығынан айыру орнына қайтарылса және басқа жағдайларда ҚР ІІМ ҚАЖ-дың мекемесі (тергеу изоляторы, гаупвахта) бес жұмыс күні ішінде ТО АЕА-дың деректемелерін автоматты түрде толтыру үшін хабарлама және электрондық хабарлама қалыптастырады.

    Сотталушы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған немесе қайтыс болған жағдайда, бөлек қағаз жеткізгіште босату туралы сот қаулысының немесе қайтыс болу туралы актінің көшірмелері жіберіледі.

    Жол бойында қайтыс болған сотталушыға қайтыс болғаны туралы актіні алғаннан кейін сотталушы шыққан ҚР ІІМ ҚАЖ-дың мекемесімен электрондық хабарлама қалыптастырылады.

    Кешiрiм жасау актісі орындалған адамға қатысты ҚР ІІМ ҚАЖ-ның мекемесі бес жұмыс күні ішінде ТО АЕА-да деректемелерді автоматты түрде толтыру үшін электрондық хабарлама қалыптастырады.

    27. Айдаудағы сотталушы жол бойындағы айдауда ауырып қалған жағдайда тергеу изоляторы, гаупвахта ол орналастырылған емдеу мекемесіне орналасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ТО АЕА-дың деректемелерін автоматты түрде толтыру үшін электрондық хабарлама қалыптастырады.»;

    29, 30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «29. Пробация қызметі шартты түрде сотталған, үкiмнiң орындалуын кейiнге қалдырумен, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартуға, бас бостандығын шектеуге сотталған адамды пробациялық есепке алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде ТО АЕА-дың деректемелерін автоматты түрде толтыру үшін электрондық хабарлама қалыптастырады және Комитеттің аумақтық органына бөлек қағаз жеткізгіште үкімнің көшірмесін және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.

    Пробация қызметі қылмыстық қудалау органында немесе тергеу изоляторында дактилоскопиялық тіркеуден өтпеген адамды (жекеше айыптау істері) пробациялық есепке алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, дактилоскопиялық картаның бір данасын ұсынады.

    30. Басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың сотымен сотталған адамға пробация қызметі бес жұмыс күні ішінде ТО АЕА-дың деректемелерін автоматты түрде толтыру үшін электрондық хабарлама қалыптастырады және қағаз жеткізгіште әліпбилік есепке алу карточкасының бір данасын, үкімнің және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.

    31. Есепке алуда тұрған адам жазадан босатылған немесе оған қатысты үкім өзгерген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да негіздер бойынша есепке алудан алынған жағдайда, пробация қызметі тиісті процестік шешімді алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сотталушыны пробация қызметінің есепке алудан алу негізі немесе үкімнің өзгеруі туралы толық мәліметтерді көрсете отырып, ТО АЕА-дың деректемелерін автоматты түрде толтыру үшін электрондық хабарлама қалыптастырады және бөлек қағаз жеткізгіште заңды күшіне енген сот қаулысының көшірмесін ұсынады.»;

    42, 43, 44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «42. ТО АЕА-да электрондық әліпбилік есепке алу карточкасы осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес қалыптастырылады.

    43. Әліпбилік есепке алу карточкалары қағаз жеткізгіштен келіп түскен кезде Комитеттің аумақтық органы бес жұмыс күні ішінде деректерді ТО АЕА-мен салыстырады және мәліметтерде алшақтық болған жағдайда бір жұмыс күні ішінде оларды нақтылау және жою бойынша шаралар қабылдайды (егер қате ТО АЕА-да анықталса, СДТБТ-да тиісті түзетулерді жүргізеді, егер қате АЕҚ-да болса, оның себебін көрсете отырып, әліпбилік есепке алу карточкасын арнайы есепке алу субъектісіне қайтарады).

    44. Қағаз жеткізгіштегі дактилоскопиялық карталар және әліпбилік есепке алу карточкалары (олар ТО АЕА-да болмаған жағдайда) ТО АЕА растайтын құжаттардың (үкім, қаулы, хабарлама, үкімнің орындалуы туралы өкім, жеке куәлік, паспорт, ҚАО ААЖ-ның мәліметтері немесе басқа құжат) графикалық көшірмелерін сала отырып, Комитеттің аумақтық органдарына келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен асырмай осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша АДЦЖ және ТО АЕА-ға енгізілуге жатады.

    Қайтыс болу туралы актіні алғаннан кейін графикалық көшірме салына отырып бес жұмыс күні ішінде қайтыс болу туралы мәлімет ТО АЕА-ға және Комитетке тиісті жазбаны енгізу туралы сұрау салумен АДЦЖ-ға енгізіледі.

    45. Комитеттің аумақтық органдарында АЕҚ өңделгеннен, АДЦЖ-ға енгізілгеннен және ТО АЕА-мен салыстырылғаннан кейін осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес тегі бойынша және дактилоскопиялық картотекаларды құру тәртібіне сәйкес тегі бойынша және дактилоскопиялық картотекаларда сақталады.

    Картотекада әліпбилік есепке алу карточкаларын орналастырған кезде, оларда күн және осы жұмысты жүргізген қызметкердің тегі көрсетіледі, дактилоскопиялық карталардың келесі жағында сол жақ төменгі бұрышында дактилоскопиялық формуланы есептеген күн, қызметкердің тегі көрсетіледі.»;

    47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «47. Келіп түскен әліпбилік есепке алу карточкаларын және дактилоскопиялық карталарды орналастырғанға дейін Комитеттің аумақтық органының қызметкері картотекаларда оларды анықтау, күдікті, айыпталушы ретінде тарту мақсатында, бұрын сотталғандандығы, оның ішінде басқа да (ойдан шығарылған) сауалнамалық деректермен жасырынғандардың болуына адамдарды тексеруді жүргізеді.

    Тегі бойынша картотекада осы адамға қатысты, бірақ бұрын ТО АЕА-ға енгізілмеген әліпбилік есепке алу карточкалары анықталған жағдайда ТО АЕА-ға мәліметтер бұрын қойылған АЕҚ-дан енгізіледі.»;

    50, 51, 52, 53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «50. Комитеттің аумақтық органы күдікті деп тану туралы қаулы шығарылған адамдар туралы ақпаратты, сондай-ақ оларға қатысты қабылданған процестік шешімдер туралы мәліметтерді СДТБТ-да тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей СДТБТ-ның мәліметтерімен ТО АЕА-да электрондық әліпбилік есепке алу карточкасының автоматты қалыптастырылуының деректемелеріне мониторинг жүргізеді.

    Мониторинг барысында Комитеттің аумақтық органының қызметкері ТО АЕА-ға растайтын құжаттардың (заңды күшіне енген үкім, қаулы және басқа) графикалық көшірмелерін енгізеді. Шетел азаматтарына, сондай-ақ ЖСН-ні жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына ТО АЕА-ға жеке басты куәландыратын құжаттардың графикалық көшірмелері енгізіледі, жеке басты анықтаған кезде тиісті қаулының көшірмесі енгізіледі.

    Жеке басты куәландыратын құжаттарында қазақ және орыс тілдерінен өзге тілде толтырылған сауалнамалық деректері бар шетел азаматтарына қатысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органнан сауалнамалық деректердің аудармасы сұратылады.

    Қылмыстық істері қылмыстық қудалау жүзеге асыратын орталық органдардың іс жүргізуіндегі адамдардың мәліметтерін ТО АЕА-мен салыстыруды қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жердегі Комитеттің тиісті аумақтық органының қызметкері жүргізеді.

    Ұқсас түрде теріс қылықтар, бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралатын онша ауыр емес қылмыстар бойынша процестік шешімдер қабылданған не заңды күшіне енген үкімдер (қаулылар) бар адамдар бойынша мәліметтер салыстырылады (ҚР ҚПК-нің 37-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардан басқа).

    Комитеттің аумақтық органының қызметкері әліпбилік есепке алу карточкасының бір данасын құрастырады және бес жұмыс күнінен кешіктірмей Комитетке жіберетін, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылмаған, бірақ МАБ-қа жіберілуге жататын сотталғандарды қоспағанда, жоғарыда көрсетілген адамдардың санаттарына қағаз жеткізгіште карточкалар қолданылмайды.

    Комитетке жіберілуге жатпайтын растайтын құжаттардың (қағаз жеткізгіште) көшірмелері, оларды ұсыну және түзету бойынша хат алмасулар жеке номенклатуралық іске тігіледі (қалыптастырылады).

    51. Жекеше айыптау істері бойынша әліпбилік есепке алу карточкасы ТО АЕА-да автоматты түрде СДТБТ мәліметтері негізінде қалыптастырылады. Комитеттің аумақтық органының өкілдері әр он күндік сайын бесінші, он бесінші және жиырма бесінші күндері сот органдарының цифрлық жүйесінен жекеше айыптау істері бойынша процестік шешімдері заңды күшіне енген адамдардың тізімдерін (ҚР ҚПК-нің 37-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда) қалыптастырады және оларды ТО АЕА-мен салыстырып тексереді. Жетіспеген мәліметтер кейіннен ТО АЕА-да мәліметтерді жаңарту үшін бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды күшіне енген үкімнің (қаулының) графикалық көшірмелерін қоса бере отырып, СДТБТ-ға енгізіледі. Шетел азаматтарына, сондай-ақ ЖСН-і жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына ТО АЕА-да жеке басты куәландыратын құжаттардың графикалық көшірмелері қоса тіркеледі.

    52. Хабарламаның мәліметтері Комитеттің аумақтық органына келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ТО АЕА-ға енгізілуге жатады (растайтын құжаттардың графикалық көшірмелерін қоса сала отырып).

    Электрондық хабарламалардағы мәліметтер автоматты түрде ТО АЕА-да толтырылады. Комитеттің аумақтық органының қызметкері ОАДБ-дан келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық әліпбилік есепке алу карточкасындағы тиісті деректемелердің толтырылуының толықтығына, анықтығына ТО АЕА-мен салыстырып тексеруді жүргізеді.

    Хабарлама немесе электрондық хабарлама мен электрондық әліпбилік есепке алу карточкасы арасында алшақтық анықталған жағдайда, Комитеттің аумақтық органның қызметкері оны нақтылау және жою бойынша дереу шаралар қабылдайды.

    Анық емес мәліметтер ұсынылған немесе мәлімет мүлдем болмаған жағдайда Комитеттің аумақтық органы бес жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті органға хат жібереді.

    Комитеттің аумақтық органдары мәліметтерді әр айдың үшінші күні ҚР ІІМ ҚАЖ-дың аумақтық органдарымен өзара салыстырады.

    Көрсетілген мерзімде ОАДБ-мен қалыптастырылған электрондық хабарламалар мәліметтердің болуына, анықтығына және толықтығына ТО АЕА-дың мәліметтерімен салыстырып тексеріледі. Өзара салыстырып тексерудің нәтижелері осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Пробациялық есепке алудағы, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдардың саны бойынша салыстырып тексеру актісімен» екі данада рәсімделеді. Алшақтықтар анықталған жағдайда, бес жұмыс күні ішінде оларды анықтау және жою бойынша шаралар қабылданады.

    53. ТО АЕА-да автоматты түрде толтыруға барлық электрондық хабарламалар жатады, оның ішінде бас бостандығынан айыру орнына келу/кету, пробация қызметтерінің есепке алуына қою/шешу, босату туралы, шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру, жеңіл жаза түрін бас бостандығынан айыру және басқалары, режимнің түрінің өзгеруі, қайтыс болу және оның орнын тіркеу, заңды күшіне енген сот үкімінің өзгеруі туралы, айдаудағы сотталушының жол бойындағы айдауда ауруына байланысты тергеу изоляторының, тергеу изоляторының емдеу мекемесіне ауыстыру туралы, кешірім жасау актісі орындалған адамдарға, ТМД қатысушы мемлекеттерінің сотымен сотталғандарға, ҚР ІІМ ҚАЖ-ның мекемесіне жазасын өтеуге келгендерге, айрықша жазаны орындау туралы электрондық хабарламалар.

    ОАДБ-дан келіп түскен мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда, электрондық хабарлама бес жұмыс күні ішінде «Пысықтауға қабылдау/кері қайтару» функционалын пайдалану жолымен кері қайтарылуға жатады.

    Сотталған адамның қайтыс болуы туралы және айрықша жазаға сотталған адамға қатысты үкімдерді орындау туралы мәліметтер әліпбилік есепке алу карточкасына енгізілгеннен кейін мәліметтер дактилоскопиялық картаға енізіледі.

    54. Комитеттің аумақтық органы тергеу изоляторынан, гауптвахтадан экстрадициялық қамаққа алу тәртібінде күзетпен ұсталған адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы хабарлама/электрондық хабарлама келіп түскен сәттен бастап немесе ұстап беру (экстрадициялау) жүргізілмейтін жағдайлар анықталған болса, бес жұмыс күнінен кешіктірмей АДЦЖ және ТО АЕА-ға адамның тергеу изоляторынан, гауптвахтадан шығарылу уақыты мен себебі туралы мәліметтерді енгізеді және ТО АЕА-да тиісті деректемелердің автоматты түрде толтырылуын салыстырып тексереді. Экстрадициялық қамаққа алу тәртібінде күзетпен ұсталған адамға бұрын ұсынылған АЕҚ бақылау және тегі бойынша картотекалардан алынады. Комитетке ТО АЕА-да арнайы есепке алудан алу үшін адамды экстрадициялау туралы хабарлама жіберіледі.

    Күзетпен ұсталған адамды уақытша ұстап берген (экстрадициялаған) кезде, АЕҚ картотекалардан алынбайды және мәліметтер ТО АЕА-да есепке алудан шешілмейді.»;

    56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «56. Тегі бойынша және дактилоскопиялық картотекаларда АЕҚ және ТО АЕА мен АДЦЖ-да мәліметтер осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес «Ақпараттық есепке алу құжаттарын тегі бойынша және дактилоскопиялық картотекаларда және мәліметтерді ТО АЕА мен АДЦЖ-да сақтау мерзімдерінің тізбесіне» сәйкес сақталады.»;

    7-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «7-параграф. Комитеттің аумақтық органдарының АЕҚ-ны және тізімдерді Комитетке ұсыну тәртібі мен мерзімдері»;

    60 және 61-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «60. АЕҚ-ны (әліпбилік есепке алу карточкалары және дактилоскопиялық карталар) МАБ-қа жіберген кезде, Комитет ТО АЕА-да оларды РФ ІІМ БАТО-ға жіберген күні қойылады.

    МАБ-қа жіберілуге жататын электрондық хабарламалар Комитеттің қызметкерімен басып шығарылады, басып шығарылған хабарламаларға ТО АЕА-мен салыстырып, тексеруді жүргізген қызметкердің тегі және күні қойылады және тегі бойынша есепке алуға жетекшілік жасайтын Комитеттің бөлім бастығының қолы қойылады.

    61. Сот органдары ақпараттық өзара іс-қимылға сәйкес сот органдарының цифрлық жүйесінен Комитеттің цифрлық жүйелеріне мәліметтерді электрондық нысанда беру жүзеге асырылады.

    Соттар электрондық АЕҚ-ны жіберген кезде, сот органдарының цифрлық жүйесінде url-сілтемені алу үшін бір мезгілде келесі мазмұндағы сот актілері бар идентификатор жіберіледі:

    1) бірінші, апелляциялық және кассациялық соттармен шығарылған, қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген үкімдер (қаулылар), оның ішінде жекеше айыптау істері бойынша;

    2) сот актілерін орындауға байланысты материалдар бойынша:

    ҚР ІІМ ҚАЖ-дың мекемесінің түрінің өзгеруі, жазалау мерзімін қысқарту, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру, неғұрлым жеңiл жазаны бас бостандығынан айыруға және басқаларға ауыстыру, рақымшылық жасау, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату кезінде, бас бостандығынан айыру орнына қайтарылу, жасалған қылмысты қайта саралау, қылмысты қылмыссыздандыру туралы;

    сотталғандықты алып тастау туралы;

    сотталушылар мен құқық бұзушылардың сауалнамалық деректерін өзгерту туралы.»;

    65, 66, 67, 68, 69, 70, 71 және 72-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «65. Анықтамалық деректерін өзгерткен азаматтарға қатысты мәліметтер болған кезде, жаңа сауалнамалық деректері бойынша тегі бойынша картотекада орналастыру үшін Комитеттің аумақтық органының қызметкері бес жұмыс күнінен кешіктірмей әліпбилік есепке алу карточкасының бір данасын құрастырады, оның мәліметтері (кіріс және шығыс нөмірлерімен) көші-қон полициясы бөлімшесі хатының графикалық көшірмесін қоса бере отырып) және Қазақстан Республикасының құжаттандырылатын халқының орталықтандырылған ақпараттық деректер базасынан формуляры немесе паспорттар мәліметтерімен ТО АЕА-ға енгізіледі. Бұл ретте, бұрынғы сауалнамалық деректер бойынша әліпбилік есепке алу карточкасында азаматтың анықтамалық деректерін толық көрсете отырып, өзгеруі туралы белгілеу қойылады, осыған ұқсас мәліметтер ТО АЕА-ға енгізіледі.

    66. Сауалнамалық деректері өзгерген азаматтарға қатысты әліпбилік есепке алу карточкалары бұрын Комитетке МАБ-қа қою үшін жіберілген жағдайда, Комитеттің аумақтық органының қызметкері жаңа анықтамалық деректермен әліпбилік есепке алу карточкасының қосымша 1 данасын құрастырады және ТО АЕА-ға ақпарат енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде кейіннен РФ ІІМ БАТО-ға жіберу үшін карточкалардың тізімдері қоса бере отырып, ілеспе хатпен Комитетке жібереді.

    ТО АЕА-ға жаңа анықтамалық деректермен мәліметтер осы Қағидаларға 8-қосымшаның 8-тармағына сәйкес енгізіледі.

    67. Тегі бойынша және дактилоскопиялық есепке алуда тұрған адамдардың сауалнамалық деректеріне ТО АЕА-ға түзету енгізуді, оларды есепке алудан алуды (оның ішінде адамды экстрадициялауға не экстрадициялау рәсімін тоқтатуға байланысты), қате енгізілген мәліметтерді жоюды Комитеттің тегі және дактилоскопиялық есепке алуды жүргізуге жауапты бөлімшесі (бұдан әрі – 3-бөлімше) жүзеге асырады.

    Тегі бойынша және дактилоскопиялық есепке алуда тұрған адамдардың сауалнамалық деректеріне ТО АЕА-ға түзету енгізу, қате енгізілген мәліметтерді жою қажет болған жағдайда, Комитеттің аумақтық органы бастығының не жетекшілік ететін орынбасарының қолы қойылған 3-бөлімге түзету туралы толық мәліметтер көрсетіле отырып, деректемелерді түзету және СДТБТ-ға және/немесе бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйеге (бұдан әрі – ББСЖ) қате енгізілген мәліметтерді жою қажеттігі туралы субъектінің өтінішхатын қоса, растаушы құжаттардың графикалық көшірмесін тіркей отырып, уәжделген хат жіберіледі.

    ТО АЕА-ға қате енгізілген мәліметтерді жою туралы сұрау салуда себебі көрсетіледі (Комитеттің аумақтық орган қызметкерінің қате енгізуі, СДТБТ және/немесе ББСЖ-ға қате енгізу, арнайы есепке алу субъектілерінің анық емес мәліметтерді ұсынуы және басқа). Адамды арнайы есепке алуға негізсіз қойған жағдайда (адам іс бойынша куәгер болып өткен жағдайда, сауалнамалық деректері дұрыс болмағанда және басқалар) жауапты қызметкердің Комитеттің аумақтық органы бастығының атына жазылған баянатының (түсіндірмесінің) графикалық көшірмесі қоса беріледі.

    Мәліметтері түзетуге жататын адамдардың тізімі қатаң түрде олардың сауалнамалық деректерінің әліпбилік тәртібінде рәсімделеді.

    3-бөлімшенің сұрау салуларды орындау мерзімі жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс. Осы тармақтың талаптарын бұза отырып рәсімделген сұрау салулар орындалмайды, ол туралы Комитеттің аумақтық органы хабардар етіледі.

    Мәліметтерді түзету туралы сұрау салуды 3-бөлімшеге жібергеннен кейін Комитеттің аумақтық органының қызметкері өз бетінше оның ТО АЕА-да орындалуын тексереді.

    Комитетке жіберілуге жатпайтын растайтын құжаттардың (қағаз жеткізгіште) көшірмелері, оларды ұсыну және түзету бойынша хат алмасулар бөлек номенклатуралық іске тігіледі (қалыптастырылады).

    68. СДТБТ-дан ТО АЕА-да автоматты түрде қалыптасқан электрондық әліпбилік есепке алу карточкаларында анық емес енгізілгені анықталған жағдайда, бес жұмыс күні ішінде мәліметтер СДТБТ-да түзетіледі, кейіннен ТО АЕА-да автоматты түрде жаңартылады.

    69. Адамдар ақталған, сондай-ақ қылмыстық істер ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 7), 8) және 13) тармақтарында (1997 жылғы редакцияда), ҚР ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында (2014 жылғы редакцияда) көзделген негіздер бойынша немесе маңызы аз болуына байланысты тоқтатылған жағдайда, 3-бөлімшеге көрсетілген адамдарға қатысты Комитеттің аумақтық органының тегі бойынша есепке алуды жүргізуге жауапты қызметкері куәландырған («графикалық көшірме салынды» тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, органы) процестік құжаттардың графикалық көшірмелері қоса беріле отырып, ТО АЕА-да мәліметтерді тегі бойынша есепке алудан алу туралы сұрау салу жіберіледі.

    Осыған ұқсас «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 9 қарашадағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 25 қарашаның аралығындағы кезеңде ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 10) тармағына сәйкес жасына жетпегендiгiне байланысты тоқтатылған (қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған) қылмыстық істер бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты мәліметтер есепке алудан шешіледі.

    Сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 6-тармағына сәйкес, жеке айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға қатысты мәліметтер есептен алынады, олар бойынша қылмыстық қудалау ҚР ҚПК-нің 33-бабының бірінші бөлігімен (1997 жылғы редакцияда) көзделген жеке айыптау тәртібімен қылмыстық қудалау жүзеге асырылды.

    70. Шынайы сауалнамалық деректер анықталған кезде, бес жұмыс күні ішінде СДТБТ-да мәліметтер жойылуға болмаса түзетуге жатады, ТО АЕА-да әліпбилік есепке алу карточкасы автоматты түрде есепке алудан шешіледі болмаса түзетіледі.

    71. Комитеттің аумақтық органының тегі бойынша есепке алу бөлімшесінің қызметкері ТО АЕА-да анық емес енгізілген мәліметтер анықталған жағдайда бір жұмыс күнінен кешіктірмей Комитеттің аумақтық органының қылмыстық-құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімшесіне жетекшілік ететін бөлім бастығының баянатымен ТО АЕА-дың мәліметтерінің автоматты түрде жаңарту үшін СДТБТ-ға тиісті түзетулер енгізу қажеттілігі туралы мәлімдейді.

    Комитеттің аумақтық органының қылмыстық-құқықтық статистиканы қалыптастыруға жауапты қызметкері ескертуді алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей СДТБТ-ның тиісті карточкасына түзету енгізеді.

    Комитеттің аумақтық органының тегі бойынша есепке алуды жүргізуге жауапты қызметкері ТО АЕА-дың мәліметтерінің анықтығын тексереді және растайтын құжаттардың бекітілген графикалық көшірмелерін ТО АЕА-ға қоса тіркейді.

    72. Егер Комитеттің аумақтық органының қылмыстық-құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімшесі қате енгізілген мәліметтерге түзетулер немесе СДТБТ-ға және/немесе ББСЖ-ға қате енгізілген карточканы енгізген жағдайда деректерге түзетулер енгізілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органының тегі бойынша есепке алу бөлімшесін жазбаша ақпараттандырады.

    Комитеттің аумақтық органының тегі бойынша есепке алу бөлімшесінің қызметкері СДТБТ және/немесе ББСЖ-да деректерін түзету туралы ақпаратты алғаннан кейін олардың ТО АЕА-да автоматты түрде жаңаруын тексереді.»;

    74 және 75-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «74. ТО АЕА-да автоматты түрде мәліметтерді толық және уақытылы енгізу мақсатында Комитеттің аумақтық органының өкілдері СДТБТ-ның мәліметтерін ТО АЕА-мен мынадай тәртіпте:

    1) күн сайын СДТБТ-дан прокуратура органдарымен, тергеу (анықтау) органдарымен немесе соттармен қабылданған процестік шешімдерін көрсете отырып, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы, оның ішінде өткен тәуліктерде енгізілген қылмыстық істерді тоқтату туралы қаулы шығарылған адамдардың тізімдері қалыптастырылады;

    2) он күндік сайын бесінші, он бесінші және жиырма бесінші күндері сот органдарының цифрлық жүйесінен және СДТБТ-дан процестік шешімдері қабылданған және қылмыстық теріс қылықтар бойынша, бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі онша ауыр емес қылмыстар бойынша (ҚР ҚПК-нің 37-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда) үкімдері (қаулылары) заңды күшіне енген адамдардың тізімдері қалыптастырылып мониторинг жүргізеді.

    Тізімдер ТО АЕА-мен тегі бойынша есепке алуда толық мәліметтердің болуына салыстырылады. Алшақтықтар анықталған жағдайда Комитеттің аумақтық органының өкілдері бір жұмыс күні ішінде анықталған алшақтықтарды жою және мәліметтердің ТО АЕА-да автоматты түрде жаңаруы үшін СДТБТ-да мәліметтерді түзету бойынша шара қабылдайды.

    75. Комитеттің аумақтық органында ТО АЕА-ға мәліметтерді енгізудің толықтығы және уақытылығын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдар бойынша мониторинг жүргізу үшін қылмыс саласындағы құқықтық ақпаратты қалыптастыруға жауапты қызметкер тегі бойынша есепке алу жүргізуге жауапты қызметкерге мынадай есепті кезеңдегі тізімдерді (электрондық форматта) жібереді:

    1) СДТБТ-ға енгізілген мәліметтерді:

    он күндік сайын күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған адамдар бойынша;

    ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне:

    ҚР ҚПК-нің 37-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда (прокурор бекіткен қаулылар бойынша), ҚР ҚПК-нің 35 немесе 36-баптарымен көзделген негіздер бойынша қылмыстық істер (қудалау) тоқтатылған адамдарға қатысты;

    күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған және кейін қылмыстық істі (қудалау) ҚР ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған (прокурордың қорытындысы бар қаулылар бойынша) адамдарға қатысты;

    бұдан бұрын қылмыстық қудалау органдары қабылдаған процестік шешімдер күшін жойған адамдарға қатысты.

    2) сот органдарының цифрлық жүйесінен мәліметтері тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасыншы күніне:

    соттармен сотталғандарға;

    ҚР ҚПК-нің 37-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда (заңды күшіне енген сот актілері бойынша), ҚР ҚПК-нің 35-бабы және 36-бабымен көзделген негіздер бойынша, оның ішінде жеке айыптау істері бойынша сот қылмыстық істерді (қудалау) тоқтатқан адамдарға қатысты қылмыстық істері тоқтатылған;

    соттар апелляциялық, кассациялық сатыларда шешімдер шығарған адамдарға қатысты;

    жекеше айыптау істерін қоспағанда, қылмыстық істерін (қудалауын) ҚР ҚПК-нің 37-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген ҚР ҚПК-нің 35-бабының бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7), 8) тармақтары бойынша (заңды күшіне енген сот актілері бойынша) соттар тоқтатқан адамдарға қатысты.

    Мониторинг нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар (алшақтықтар) анықтамамен еркін түрде рәсімделеді және Комитеттің аумақтық органының бастығына енгізіледі.

    Алшақтықтар анықталған кезде Комитеттің аумақтық органының тегі бойынша есепке алудан алуды жүргізуге жауапты қызметкері дереу оларды нақтылау және жою бойынша шаралар қабылдайды және анық мәліметтер алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ТО АЕА-да мәліметтердің толықтығын және анықтығын қамтамасыз етеді.

    СДТБТ-мен біріктірілген мәліметтердің алшақтықтар анықталған жағдайда, растайтын құжаттармен бірге нақтыланған мәліметтер қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыруға жауапты қызметкерге беріледі, ол бір жұмыс күні ішінде СДТБТ-ға түзету жасайды.

    Сот шешімі бойынша ақталған, сондай-ақ қылмыстық істері ақтайтын негіздер бойынша немесе маңызының аз болуына байланысты тоқтатылған адамдардың тізімі 3-бөлімшеге есепке алудан шешу үшін жіберілуге жатады.

    ТО АЕА-да СДТБТ-мен деректерді біріктіру кезінде пайда болған логикалық алшақтықтар анықталған жағдайда Комитеттің аумақтық органының тегі бойынша есепке алуды жүргізуге жауапты қызметкері қатені көрсете отырып, тиісті ақпаратты 3-бөлімшеге жібереді.

    3-бөлімшенің қызметкерлерімен ақпаратты қарау жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс. Ақпаратты жібергеннен кейін Комитеттің аумақтық органының қызметкері өз бетінше ТО АЕА-да оның орындалуын тексереді. Түзетулер жүргізілмеген жағдайда Комитеттің аумақтық органының қызметкері логикалық алшақтықтарды түзету мәртебесін 3-бөлімшенің жауапты прокурорынан нақтылайды.»;

    85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «85. Талаптар тексерілетін адамдардың тізімі қоса беріле отырып, электрондық құжат нысанында болмаса, бірыңғай транспорттық орта болмаған жағдайда қағаз жеткізгіште орган басшысының немесе оның орнын алмастырушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен жіберіледі.

    Электрондық құжат нысанындағы талаптар Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес ресімделеді.

    Электрондық талапта барлық деректемелер толтырылуға жатады, тексерілетін адамның сауалнамалық деректерінің біреуі болмаған жағдайда тиісті деректеме толтырылмайды. Талап тексерілетін адамның әрқайсысына бөлек құрастырылады. Туған жылы, күні, айы және туылған жері толық көрсетілуге жатады. Егер туған күні, айы белгісіз болса, онда тиісті бағанға «00» жазбасы жазылады.

    Тексерілетін адамның ЖСН-і болған жағдайда мәліметтер «Жеке тұлға» Мемлекеттік деректер банкі арқылы толтырылады.»;

    89 және 90-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «89. Қағаз жеткізгіштегі талаптар бес жұмыс күні ішінде орындалады. Электрондық талаптар үш жұмыс күні ішінде, ал қосымша тексеру жүргізу қажет еткен жағдайда, бес жұмыс күні ішінде орындалады.

    Жергілікті әскери басқару органдарының қағаз жеткізгіштегі талаптар мемлекеттік цифрлық жүйелер арасында өзара іс-қимыл болмаған кезде үш жұмыс күні ішінде орындалады.

    Талаптардың Комитетке және оның аумақтық органдарына келіп түскен күні оны орындаудың мерзіміне кірмейді.

    Егер электрондық талаптарды өңдеу барысында тиісті мемлекеттік органдарға немесе мекемелерге қосымша сұрау салулар жібере отырып, қабылданған процестік шешім туралы мәліметтерді нақтылау қажет болған жағдайда, содан кейін сұрау салудың бастамашысына аралық жауап жіберіледі, онда он жұмыс күні өткеннен кейін электрондық талапты қайта рәсімдеу қажеттігі туралы хабарланады.

    90. Тексеру нәтижелері осы Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мөр қоя отырып талаптарда көрсетіледі. ЭЦҚ қойылған, цифрлық жүйелер арқылы жіберілген электрондық талаптар бұларға қосылмайды.»;

    91, 92, 93 және 94-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын.

    «91. Тексерілетін адам есепке алуда тұрған адам болып табылатынына және сауалнамалық деректердің бұрмалануы қатенің немесе терудің салдарынан орын алды деп пайымдауға негіз беретін есепке алуда тексерілетін адаммен ұқсас сауалнамалық деректері бар адам анықталған кезде (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күнінде алшақтықтар болған кезде) мәліметтер «... мәліметтер бар» белгімен беріледі.

    Тексерілушінің есепке алуда тұрған адамның іс-әрекетіне қатыстылығын сұрау салған бастамашысы анықтайды.

    Сауалнамалық деректердің анықтығын анықтау үшін ҚАО ААЖ деректерін пайдалану керек.

    92. Егер талаптарды тексеру барысында сауалнамалық деректерде алшақтықтар немесе тексерілетін адамға қатысты растаушы құжаттардың негізінде (жеке басты куәландыратын құжаттар, қылмыстық қудалау органдарының немесе соттың процестік құжаттары және басқа) СДТБТ немесе ББСЖ-ның мәліметтерінде процестік шешімдердің сәйкес келмеуі анықталса, СДТБТ немесе ББСЖ-ның мәліметтерін енгізу/түзету сұрау салған бастамашыға жауап бере отырып, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

    93. ТО АЕА-да өткен жылдардың қылмыстық істері бойынша процестік шешімдер туралы мәліметтер болмаған жағдайда, сондай-ақ АДЦЖ-да ұсталғаны немесе күзетпен ұсталғаны (қамаққа алу) туралы мәліметтер бола тұра, ТО АЕА-да осы адамға қатысты қандай да бір мәліметтердің болмауымен бірқатар, Комитеттің аумақтық органының қызметкері тегі бойынша картотекадан тиісті әліпбилік есепке алу карточкасының болуын тексереді және оның:

    бар болған жағдайда, ТО АЕА-ға карточканың графикалық көшірмесін қоса сала отырып, мәліметтерді енгізеді. Егер әліпбилік есепке алу карточкасы МАБ-қа жіберілуге жататын болса, онда оның екінші нұсқасын құрастырады және Комитетке бөлек ілеспе хатпен есепке алу себебі көрсете отырып жібереді;

    болмаған жағдайда, тексерілетін адамды ұстауды немесе күзетпен ұстауды (қамаққа алу) жүзеге асырған орган, аумақтылығы бойынша Комитеттің тексеру жүргізетін аумақтық органына жататын болса, дактилоскопиялық картотекада процестік шешім туралы мәліметтердің болуын тексереді, сондай-ақ тиісті қылмыстық қудалау органдарына, тергеу изоляторына, гауптвахтаға, сот пен мұрағаттарға осы іс бойынша ақпарат алу үшін сұрау салуды жібереді.

    Мәліметтер болған жағдайда, алынған жауаптардың негізінде, әліпбилік есепке алу карточкасының екінші нұсқасын жазады және растаушы құжаттардың графикалық көшірмелерін сала отырып, ТО АЕА-ға деректерді енгізеді.

    ТО АЕА және АДЦЖ-дың мәліметтерін Комитеттің өзге аумақтық органында немесе РФ ІІМ БАТО-да нақтылау үшін тиісті тексеру іс-шараларын жүргізу үшін 3-бөлімшеге сұрау салуды жібереді.

    Тексерілетін адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (соттау) нәтижелері туралы деректер анықталмаған жағдайда, Комитеттің аумақтық органының қызметкері 3-бөлімшеге АДЦЖ-ға тиісті белгілеуді енгізу үшін немесе әліпбилік есепке алу карточкасына құзыретті органдардың адамды одан әрі қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе соттау туралы мәліметтердің жоқ екенін растайтын құжаттарының (жауаптарының) графикалық көшірмелерін сала отырып, ТО АЕА-дан мәліметтерді жою үшін сұрау салуды жібереді.

    Аумақтық органның келіп түскен сұрау салуының негізінде 3-бөлімшенің қызметкері АДЦЖ-ға тиісті белгілеуді енгізеді болмаса әліпбилік есепке алу карточкасының деректемесіне «мәлімет берілмесін, процестік шешімі табылмады» енгізгеннен кейін ТО АЕА-дан мәліметтерді жояды және жоғарыда көрсетілген барлық іс-әрекеттер жүргізілгеннен кейін ғана мәліметтерді көрсетпестен, ақпарат берілуі тиіс. Сұрау салуды қарау мерзімі жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс.

    94. Комитет және оның аумақтық органдары ұсынған мәліметтерді сұрау салу бастамашылары Қазақстан Республикасының заңнамаға, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 61-бабына және ҚР ҚК-нің 79 және 89-баптарына сәйкес қолдануы тиіс.»;

    103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «103. Комитеттің аумақтық органының қызметкері:

    1) осы Қағидалардың 101-тармағында атап көрсетілген есепке алуға қойылатын адамдар туралы ҚР ІІМ ҚАЖ-дың аумақтық органынан электрондық хабарлама келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде:

    есепке алуға қойылатын адамдардың нақты тұрғылықты орнын анықтау үшін ішкі істер органдарына сұрау салу жібереді;

    ішкі істер органдары ақпаратының негізінде есепке алуға қою туралы қорытынды құрастырады және Комитеттің аумақтық органының басшысы қол қояды;

    ТО АЕА-дың мәліметтерінің анықтығын тексереді және ТО АЕА-да есепке алуға қою туралы қорытындының куәландырылған графикалық көшірмесін салады;

    осы Қағидалардың 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы құқық бұзушылықтар жасағандары үшiн жариялауға жататын адамдар туралы мәліметтерді Комитетке жібереді;

    2) салыстыруды жүргізеді:

    ҚР ІІМ ҚАЖ-дың аумақтық органдарымен бірге ай сайын келесі айдың үшінші күніне пробациялық есепке алуда тұрған, осы Қағидалардың 101-тармағында көрсетілген баптар бойынша сотталған адамдар туралы мәліметтерге салыстырып тексеру жүргізеді. Салыстырып тексеру актісі осы Қағидалардың 10-қосымшасына (адамдар тізімі) сәйкес нысан бойынша рәсімделеді;

    медициналық психиатриялық мекемелермен бірге тоқсан сайын есеп кезеңінен кейінгі айдың он бесінші күніне осы Қағидалардың 101-тармағының 2) тармақшасында және 108-тармағының 4) тармақшасында аталған, ТО АЕА және СДТБТ-да қамтылатын мәліметтерге салыстырып тексеру жүргізеді. «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, мәліметтерді пайдалану және сақтау Қағидаларының 103-тармағында аталған мәліметтер бойынша салыстырып тексеру актісі» осы Қағидалардың 21-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.

    Алшақтықтар анықталған кезде, дереу ТО АЕА-дың мәліметтері сәйкес келтіріледі;

    3) мониторинг жүргізеді:

    осы Қағидалардың 101-тармағында көрсетілген баптар бойынша сот актілері заңды күшіне енген және бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жаза қолданылған адамдар бойынша ай сайын келесі есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күнінде сот органдарының цифрлық жүйесімен ТО АЕА, СДТБТ-ның мәліметтеріне;

    осы Қағидалардың 101-тармағында көрсетілген баптар бойынша сотталған адамдарды бостандығынан айыру орындарынан босату туралы тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күніне ОАДҚ және ТО АЕА-дың электрондық хабарлама мәліметтеріне мониторинг жүргізеді.

    Алшақтықтар анықталған кезде, дереу ТО АЕА-дың мәліметтері сәйкес келтіріледі;

    4) арнайы есепке алудың субъектілерінен ақпарат келіп түскен сәттен бес жұмыс күні ішінде Комитеттің басқа аумақтық органына есепке алуда тұрған адамның тұрғылықты жерінің аймағы ауысқаны не бостандығынан айыру орындарынан басқа облысқа ауысқаны туралы хабарлама жібереді.»;

    осы Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    осы Қағидаларға 11-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    осы Қағидаларға 13-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    осы Қағидаларға 15-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық және оған теңестірілген органдарына орындау үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші, бесінші, он бірінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он сегізінші, жиырма үшінші, жиырма тоғызыншы, алпыс бірінші, алпыс тоғызыншы, сексен бесінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, жүз он алтыншы, жүз он тоғызыншы, жүз жиырма сегізінші, жүз отыз тоғызыншы, жүз қырық бірінші, жүз қырық төртінші, жүз қырық алтыншы, жүз қырық тоғызыншы, жүз алпыс үшінші, жүз жетпіс бесінші және жүз сексен екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры

    Б. Асылов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Сот әкімшілігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржылық мониторинг агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қорғаныс министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ішкі істер министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Бас Прокуроры

    2026 жылғы 30 мамырдағы

    № 83

    Бұйрыққа 1-қосымша

    Қылмыстық құқық бұзушылықтар

    жасаған, қылмыстық жауаптылыққа

    тартылған және тартылатын адамдарды

    арнайы есепке алуды және ұстап

    алынған, күзетпен ұсталатын және

    сотталған адамдарды дактилоскопиялық

    есепке алуды жүргізу, пайдалану және

    сақтау қағидаларына

    8-қосымша

    ТО АЕА және АДЦЖ-ға ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу тәртібі

    1. ТО АЕА-ға АЕҚ-ны енгізу автоматты және қолмен режимде жүргізіледі.

    2. Электронды әліпбилік есепке алу карточкасы ТО АЕА-да Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген), «Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктелген (айыпталушы) адамға нысандарынан» (бұдан әрі – Л-2 нысаны) және «Сот актілері шығарылған адамға қатысты нысаннан» (бұдан әрі – Л-3 нысаны) электрондық АЕҚ деректемелері негізінде автоматты түрде қалыптастырылады.

    ТО АЕА-да электронды әліпбилік есепке алу карточкасы СДТБТ «Ұстау негізі және себебі:» 29 немесе «Тұлғаны күдікті деп тану туралы жариялаудың негізі» 31, немесе «Осы тұлғаға қатысты шешім қабылданды» 55-деректемелерін Л-2 нысанының толтырған күннен бастап қалыптастырылады.

    3. Комитеттің аумақтық органының қызметкері ТО АЕА және АДЦЖ мәліметтердің уақытылығы және анықтығына дербес түрде жауап береді.

    4. АДЦЖ-ға дактилоскопиялық карталарды енгізер алдында бір іс/хаттама бойынша бұрын енгізілген мәліметтердің болуын тексеру және мәліметтер болмаған кезде енгізуді жүзеге асыру қажет. Қосарланған енгізу жол берілмейді.

    Бір адамға қатысты бір іс/хаттама бойынша бірнеше дактилоскопиялық карталар болған кезде, АДЦЖ-ға неғұрлым анық таңбалары бар және толық мәліметтерді қамтитын дактилоскопиялық карта енгізіледі.

    АДЦЖ-ға мәліметтерді енгізгеннен кейін, дактилоскопиялық картада АДЦЖ берген дактилоскопиялық картаның реттік нөмірі көрсетілген мөр қойылады.

    5. ТО АЕА-ға есепке алу мәліметтерін енгізу алдында Комитеттің аумақтық органының қызметкері ТО АЕА, ББСЖ, СДТБТ-да осы адамға қатысты мәліметтердің болуын/болмауын тексереді.

    ТО АЕА-ға бұрын енгізілген сауалнамалық деректерде немесе басқа да мәліметтерде алшақтықтар анықталған кезде, Комитеттің аумақтық органының қызметкері оларды нақтылау шараларын дереу қабылдайды, қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша жиырма төрт сағат ішінде ТО АЕА-ға нақты мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді және растайтын құжаттардың графикалық көшірмелерін (жеке басты куәландыратын құжаттар, қылмыстық қудалау органдарының немесе соттың процестік құжаттары) қоса тіркейді.

    Тергеу изоляторынан, гауптвахтадан келіп түскен әліпбилік есепке алу карточкасын өңдеу барысында ТО АЕА-да тексерілетін адамға қатысты күзетпен ұстаудан бөлек бұлтартпау шарасымен бір қылмыстық іс бойынша электрондық әліпбилік есепке алу карточкасы болған жағдайда, «бұлтартпау шарасы» және «күні» деректемелерінде тиісті түзету жүргізіледі. Жаңа электрондық әліпбилік есепке алу карточкасы мұндай жағдайларда ТО АЕА-ға енгізілмейді.

    Сондай-ақ, ТО АЕА-ға бұрын күзетпен ұсталған және тергеу изоляторына, гауптвахтаға сол қылмыстық іс бойынша қайта орналастырылған адамға қатысты мәліметтер болған кезде, жаңа электрондық әліпбилік есепке алу карточкасы енгізілмейді. Бұл ретте, «бұлтартпау шарасы» және «күні» деректемелері өзгертілмейді, «қосымша белгілер» деректемесінде адамды тергеу изоляторына, гауптвахтаға қамауға алу күнін көрсете отырып, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қайта қолдану туралы тиісті жазба жүргізіледі.

    Тексерілетін адамға қатысты растайтын құжаттардың (жеке басты куәландыратын құжаттар, қылмыстық қудалау органдарының немесе соттың процестік құжаттары) негізінде сауалнамалық, анықтама деректерінде алшақтықтар немесе СДТБТ-ның немесе ББСЖ-ның (2015 жылға дейін қозғалған істер бойынша) мәліметтеріндегі процестік шешімдердің сәйкес келмеуі анықталған кезде, Комитеттің аумақтық органының тегі бойынша есепке алуды жүргізуге жауапты қызметкері, баянат негізінде өзінің бөлім бастығына СДТБТ-ның немесе ББСЖ-ның тиісті түзетуін жүргізу қажеттігі туралы хабардар етеді.

    Егер СДТБТ-ның немесе ББСЖ-ның мәліметтері Комитеттің басқа аумақтық органы түзетуге жататын болса, алшақтықты анықтаған Комитеттің аумақтық органының бастығы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Комитеттің тиісті аумақтық органына түзету жүргізу туралы өтінішхатпен жүгінеді.

    Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыруға жауапты қызметкер растайтын құжаттарды тексергеннен кейін бір жұмыс күні ішінде СДТБТ немесе ББСЖ түзету жүзеге асырады.

    Өзге мемлекеттік органдарда (қылмыстық қудалау органдары, соттар, мұрағаттар) мәліметтерді нақтылауды қажет ететін қосымша тексеру жүргізу кезінде түзету тиісті жауаптар алынғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

    Қылмыстық салада құқықтық ақпаратты қалыптастыруға жауапты Комитеттің аумақтық органының қызметкері деректемелерге түзетулер енгізілгеннен немесе СДТБТ-ға немесе ББСЖ-ға қате енгізілген мәліметтер жойылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде түзету бастамашысы мен Комитетті, ал сол мерзімде бас тартқан жағдайда – бас тарту себептерін көрсете отырып, түзету бастамашысын жазбаша хабардар етеді.

    Растайтын құжаттардың көшірмелері (қағаз жеткізгіштерде), оларды ұсыну және түзету бойынша хат алмасулар жеке номенклатуралық іске тігіледі (қалыптастырылады).

    6. ТО АЕА-ға барлық ақпарат қатаң түрде тиісті деректемелерге, қысқартуларсыз және растайтын құжаттардың графикалық көшірмелері (қаулы, үкім, хабарлар, анықтамалар және басқа, ЖСН-і жоқ адамдар үшін: жеке куәлік, паспорт және басқа) енгізіледі.

    7. Адамдардың сауалнамалық деректері жеке басын куәландыратын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құжаттарға сәйкес «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры» (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) ақпараттық жүйесі арқылы онлайн ТО АЕА-ға енгізіледі.

    ЖСН-і жоқ шетелдіктердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарының сауалнамалық деректері, оларға қатысты ЖТ МДҚ-да мәліметтері жоқ, жеке басты куәландыратын құжаттар негізінде ТО АЕА-ға енгізіледі.

    Егер шетелдіктердің жеке басын куәландыратын құжаттарда сауалнама деректері қазақ және орыс тілдерінен өзге тілде толтырылса, әліпбилік есепке алу карточкасын толтыру үшін әріптік белгілерді орыс әліпбиіне транслитерациялау қажет.

    Адамда деректемелердің бірі «тегі», «аты», «әкесінің аты» болмаған жағдайда, ТО АЕА-да тиісті тармақ толтырылмаған күйінде қалады.

    Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жүргізуші куәлігі болған кезде, көрсетілген құжаттарда жоқ анықтама деректері нақтылауды талап етіледі (Қазақстан Республикасы азаматының паспортында «әкесінің аты» және «туған жері: облысы» жоқ, жүргізуші куәлігінде – «туған күні мен айы») және анық деректер анықталғаннан кейін ғана мәліметтерді ТО АЕА-ға енгізу қажет.

    8. Бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылған немесе тартылатын адамдардың сауалнамалық деректердің өзгеруі туралы мәліметтер анықталса/келіп түссе, Комитеттің аумақтық органының қызметкері олардың ТО АЕА-да болуын тексереді.

    ТО АЕА-да бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылған немесе тартылатын адамның жаңа және бұрынғы сауалнамалық деректері бар электрондық әліпбилік есепке алу карточкалары болған кезде, Комитеттің аумақтық органы мәліметтерді «басқа сауалнамалық деректер бар» электрондық әліпбилік есепке алу карточкасының деректемесі арқылы біріктіреді.

    ТО АЕА-да бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылған немесе тартылатын адамның жаңа сауалнамалық деректері бар электрондық әліпбилік есепке алу карточкалары болмаған кезде, Комитеттің аумақтық органы ТО АЕА-да «бірінші енгізу» бөліміндегі «Басқа сауалнамалық деректерді қосу» функционалы арқылы мәліметтерді «OnLine ЖТ МДБ» арқылы оларды тексерумен және ЖСН-і толтырумен енгізіледі.

    9. ТО АЕА-да сот қылмыстық ісін (қудалауын) тоқтатқан адамға сот үкімінің (қаулысының) күні, соттың атауы қысқартусыз, ҚР ҚК-нің және ҚР ҚПК-нің баптарына сілтеме, сот үкімінің (қаулысының) заңды күшіне енген күні енгізіледі.

    Қылмыстық істі (қудалауды) қылмыстық қудалау органы тоқтатқан кезде, ТО АЕА-да қылмыстық істі (қудалауды) тоқтату туралы прокурормен келісілген қаулы, қылмыстық іс оңалту негіздері бойынша тоқтатылған жағдайда, қылмыстық істі тоқтатуға келісім туралы прокурордың дәлелді қорытындысының көшірмесі қоса беріледі;

    Қылмыстық істер (қудалау) тоқтатылған адамдарға (жергілікті есепке алу) қатысты ТО АЕА-да жауапты қызметкер куәландырған мынадай растайтын құжаттардың графикалық көшірмелері:

    егер қылмыстық істі (қудалауды) қылмыстық қудалау органдары тоқтатса, онда – қылмыстық істі (қудалауды) тоқтату туралы прокурормен келісілген қаулы, қылмыстық іс ақтайтын негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда, қылмыстық істі тоқтатуға келісім туралы прокурордың дәлелді қорытындысының көшірмесі қоса беріледі;

    егер сот қылмыстық істі (қудалауды) тоқтатса, сот шешімінің заңды күшіне ену күнін көрсете отырып, қылмыстық істі (қудалауды) тоқтату туралы қаулының (үкімнің) көшірмесі қоса тіркеледі.

    10. Тоқтатылған қылмыстық істер Комитеттің аумақтық органына келіп түскен кезде мұрағаттық жұмыс бөлімшесінің қызметкері тегі бойынша есепке алуды жүргізу үшін жауапты қызметкеріне тізім бойынша тоқтатылған қылмыстық істерді жібереді.

    Комитеттің аумақтық органының тегі бойынша есепке алуды жүргізуге жауапты қызметкері бес жұмыс күні ішінде тоқтатылған қылмыстық істер бойынша мәліметтердің ТО АЕА-ға анық енгізілуіне тексеру жүргізеді және растайтын құжаттардың графикалық көшірмесін салады. ТО АЕА-да дұрыс емес/жетіспейтін мәліметтер анықталған кезде, ТО АЕА-да мәліметтер жаңару үшін СБДТ-ға өзгерту енгізу туралы тиісті баянат ұсынылады.

    Тексеру іс-шараларынан кейін бір жұмыс күні ішінде тоқтатылған қылмыстық істер тізім бойынша Комитеттің аумақтық органының мұрағаттық жұмыс бөлімшесіне қайтарылады.

    Қазақстан Республикасы

    Бас Прокуроры

    2026 жылғы 30 мамырдағы

    № 83

    Бұйрыққа 2-қосымша

    Қылмыстық құқық бұзушылықтар

    жасаған, қылмыстық жауаптылыққа

    тартылған және тартылатын адамдарды

    арнайы есепке алуды және ұстап

    алынған, күзетпен ұсталатын және

    сотталған адамдарды дактилоскопиялық

    есепке алуды жүргізу, пайдалану және

    сақтау қағидаларына

    11-қосымша

    Ақпараттық есепке алу құжаттарын тегі бойынша және дактилоскопиялық картотекаларда ТО АЕА және АДЦЖ мәліметтерді сақтау мерзімдерінің тізбесі

    1. Комитеттің және оның аумақтық органдарының тегі бойынша (әліпбилік) және дактилоскопиялық картотекаларында есепке алу құжаттары соттылығын өтеген немесе оны алып тастаған мерзімдеріне қарамастан тұрақты сақталады. Орналастырылған және алынған есепке алу құжаттарының саны туралы мәліметтер картотекалардың паспорттарында көрсетілуге тиіс.

    2. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдар туралы мәліметтер ТО АЕА-да тұрақты сақталады.

    3. Әліпбилік есепке алу карточкалары тегі бойынша картотекалардан алынбайды. Электрондық әліпбилік есепке алу карточкасын ТО АЕА-дың есепке алудан алынған кезде тегі бойынша картотекада орналасқан әліпбилік есепке алу карточкасында тиісті белгі қойылады.

    4. Қылмыстық істері бойынша қабылданған процестік шешім туралы мәліметтерді орнату мүмкін болмаған адамдардың әліпбилік есепке алу карточкалары бұлтартпау шарасы қолданылған күннен бастап он жыл өткен соң

    тегі бойынша картотекадан алынады және ТО АЕА-дан (ТО АЕА-ға адамды қылмыстық жауаптылыққа одан әрі тартуға немесе соттауға қандай да бір растайтын құжаттардың болмауын растайтын уәкілетті органдар құжаттарының (жауаптарының) графикалық көшірмелерін сала отырып) есепке алудан алынады.

    5. Сот шешімі бойынша ақталған, сондай-ақ қылмыстық істері ҚПК-нің 35-бабының бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7), 8) тармақтары бойынша, немесе маңыздылығы аз болуына байланысты тоқтатылған адамдарға арналған әліпбилік есепке алу карточкалары ТО АЕА-дан (ТО АЕА-ға әліпбилік есепке алу карточкасының және процестік шешімнің графикалық көшірмесін қоса отырып) бірден тиісті процестік шешімді алғаннан кейін, басқа соттылықтарына қарамастан, есепке алудан алынады.

    6. Дактилоскопиялық картотекада есепке алуда тұратын адамдардың дактилоскопиялық карталары әліпбилік есепке алу карточкаларының сақталу мерзіміне қарамастан, олар жетпіс жасқа келгенше, бірақ соңғы қылмыстық ісі бойынша күзетпен қамауға алынған (қамалған) күнінен он бес жылдан кем емес мерзімге сақталады.

    7. Түзету мекемесінде қайтыс болған, айыпталушы ретінде тартылған, ҚПК-нің 35-бабының бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7), 8) тармақтары бойынша қылмыстық істері сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында тоқтатылған адамдарға арналған, сондай-ақ өліміне байланысты дактилоскопиялық карталар тиісті құжаттар келіп түскеннен кейін алынады.

    8. Танылмаған мәйіттің жеке басын анықтаған кезде танылған адамның дактилоскопиялық карталары Комитеттің аумақтық органның картотекасынан алып тастауға жатады. Алынған дактилоскопиялық карталардың, тану хаттамаларының көшірмелері Комитетке жіберіледі.

    9. Тоқсан бес жасқа жетуіне байланысты, дактилоскопиялық карталарды картотекалық массивтен алып тастағаннан кейін, дактилоскопиялық карталарды картотекалық массивтен алып тастағаннан кейін бір жыл өткен мәліметтер АДЦЖ жоюға жатады.

    10. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың есепке алу құжаттары жалпы картотекалық массивте әліпбилік тәртіпте сақталады.

    11. Сотталғандар (күзетпен қамауға алынған) жөніндегі хабарламалар қағаз жеткізгіште тегі бойынша есепке алу бөлімшелерінде келіп түскен күнінен бастап бір жыл сақталады.

    Бір жыл сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін сотталған (күзетпен қамауға алынған) туралы қағаз жеткізгіштегі хабарлама жоюға жататын, мәтінді қалпына келтіру мүмкіндігін болдырмайтын құжаттардың тізбесін және жою тәсілін қамтитын жою туралы акт жасай отырып, бөлім бастығының және жауапты қызметкерлердің қатысуымен комиссиялық түрде (кемінде үш адам) жойылады.

    Қазақстан Республикасы

    Бас Прокуроры

    2026 жылғы 30 мамырдағы

    № 83

    Бұйрыққа 3-қосымша

    Қылмыстық құқық бұзушылықтар

    жасаған, қылмыстық жауаптылыққа

    тартылған және тартылатын адамдарды

    арнайы есепке алуды және ұстап

    алынған, күзетпен ұсталатын және

    сотталған адамдарды дактилоскопиялық

    есепке алуды жүргізу, пайдалану және

    сақтау қағидаларына

    13-қосымша

    Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық ақпараттар банкіне ұсынуға жататын ақпараттық есепке алу құжаттарының тізбесі

    1. МАБ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мынадай баптарымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталған адамдарға қатысты АЕҚ жіберілуге жатады:

    1) 99-бап (адам өлтіру);

    2) 101-баптың 1, 2-бөліктері (аффект жағдайында жасалған адам өлтіру);

    3) 105-баптың 3-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету);

    4) 106-баптың 1, 2, 3-бөліктері (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру);

    5) 110-баптың 2-бөлігі (қинау);

    6) 116-баптың 2, 3-бөліктері (адамның ағзалары мен тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою);

    7) 118-баптың 3-бөлігі (адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру);

    8) 120-баптың 2, 3, 3-1, 3-2, 4-бөліктері (зорлау);

    9) 121-баптың 2, 3, 3-1, 3-2, 4-бөліктері (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері);

    10) 121-1-бап (он алты жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу);

    11) 122-баптың 2, 3, 4-бөліктері (Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау, сол сияқты көрінеу кәмелетке толмаған адам көрсететін жезөкшелік қызметті, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметті алу);

    12) 123-баптың 2-бөлігі (жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету);

    13) 124-бап (он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру);

    14) 125-бап (адамды ұрлау);

    15) 126-баптың 3-бөлігі (бас бостандығынан заңсыз айыру);

    16) 128-баптың 2, 3, 4-бөліктері (адам саудасы);

    17) 132-бап (кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту);

    18) 133-баптың 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту);

    19) 134-баптың 2, 3, 4-бөліктері (кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту);

    20) 135-бап (кәмелетке толмағандар саудасы);

    21) 136-бап (баланы ауыстыру);

    22) 143-баптың 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету);

    23) 146-баптың 2, 3, 4-бөліктері (қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар);

    24) 157-баптың 2-бөлігі (ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу);

    25) 160-бап (басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргізу);

    26) 161-баптың 2-бөлігі (басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу немесе жария түрде шақыру);

    27) 162-бап (жаппай жою қаруын өндіру, иемдену немесе өткізу);

    28) 163-бап (соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану);

    29) 166-бап (қарулы қақтығыс уақытындағы әрекетсіздік не қылмыстық бұйрық беру);

    30) 168-бап (геноцид);

    31) 170-бап (жалдамалылық);

    32) 171-бап (жалдамалыларды дайындайтын базалар (лагерьлер) құру);

    33) 172-бап (шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу);

    34) 173-бап (халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау);

    35) 174-бап (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру);

    36) 175-бап (мемлекетке опасыздық жасау);

    37) 176-бап (тыңшылық);

    38) 179-бап (Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту);

    39) 180-бап (сепаратистік әрекет);

    40) 181-бап (қарулы бүлік);

    41) 182-бап (экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу);

    42) 184-бап (диверсия);

    43) 185-баптың 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету);

    44) 188-баптың 3, 4-бөліктері (ұрлық);

    45) 188-1-бап (мал ұрлау);

    46) 190-баптың 2, 3, 4-бөліктері (алаяқтық);

    47) 191-баптың 2, 3, 4-бөліктері (тонау);

    48) 192-бап (қарақшылық);

    49) 193-бап (ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру);

    50) 194-баптың 2, 3, 4-бөліктері (қорқытып алу);

    51) 200-баптың 3, 4-бөліктері (автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу);

    52) 202-баптың 2, 3-бөліктері (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру);

    53) 203-бап (ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою, әкету немесе бүлдіру);

    54) 210-баптың 2, 3-бөліктері (зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату);

    55) 211-бап 3-бөлігі (қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату);

    56) 218-баптың 2, 3-бөліктері (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату));

    57) 231-бап (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу);

    58) 232-бап (жалған төлем карточкалары мен өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе өткізу);

    59) 233-1-бап. (Шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз алынған мұнай мен мұнай өнiмдерiн тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу);

    60) 234-бап (экономикалық контрабанда);

    61) 242-бап (банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсыну);

    62) 255-бап (терроризм актісі);

    63) 256-бап (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру);

    64) 257-бап (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу);

    65) 258-бап (террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік);

    66) 259-бап (террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру);

    67) 260-бап (террористік немесе экстремистік даярлықтан өту);

    68) 261-бап (адамды кепілге алу);

    69) 262-бап (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу);

    70) 263-бап (қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу);

    71) 264-бап (трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу);

    72) 265-бап (трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу);

    73) 266-бап (қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу);

    74) 267-бап (заңсыз әскерилендірілген құралымды ұйымдастыру);

    75) 268-бап (бандитизм);

    76) 269-бап (ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу);

    77) 269-1-бап (күзетілетін объектіге заңсыз кіру);

    78) 270-бап (әуе немесе су кемесін не жылжымалы теміржол составын айдап әкету, сол сияқты басып алу);

    79) 271-бап (теңіз қарақшылығы);

    80) 272-бап (жаппай тәртіпсіздік);

    81) 273-бап (терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау);

    82) 281-баптың 2, 3-бөліктері (жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік қағидаларын бұзу);

    83) 282-баптың 2, 3-бөліктері (ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу);

    84) 283-баптың 2, 3-бөліктері (радиоактивті заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен заңсыз жұмыс істеу);

    85) 284-баптың 2, 3-бөліктері (радиоактивтi заттарды, радиоактивті қалдықтарды, ядролық материалдарды, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттерді жымқыру не қорқытып алу);

    86) 285-бап (радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен жұмыс iстеу қағидаларын немесе аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі талаптарды бұзу);

    87) 286-баптың 2, 3, 4-бөліктері (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы);

    88) 287-баптың 2, 3, 4, 5-бөліктері (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру);

    89) 288-баптың 2, 3-бөліктері (қаруды заңсыз жасау);

    90) 289-бап (атыс қаруын ұқыпсыз сақтау);

    91) 290-баптың 2-бөлігі (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау);

    92) 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық);

    93) 294-бап (вандализм);

    94) 296-бап (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу);

    95) 297-баптың 2, 3, 4-бөліктері (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу);

    96) 297-1-бап (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, өндіру);

    97) 308-баптың 2, 3-бөліктері (жезөкшелікпен айналысуға тарту сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге);

    98) 309-баптың 2, 3-бөліктері (жезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық);

    99) 312-бап (кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды дайындау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту);

    100) 313-бап (қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату);

    101) 313-1-бап (өзін-өзі өлтіруді насихаттау);

    102) 360-баптың 2-бөлігі (халықаралық ұшу қағидаларын бұзу);

    103) 392-баптың 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту);

    104) 402-бап (сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандататын әрекеттер);

    2. Баптың саралануына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында сотталған және айыпталушы ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылған шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты АЕҚ-ны МАБ-қа жіберуге жатады.

    Қазақстан Республикасы

    Бас Прокуроры

    2026 жылғы 30 мамырдағы

    № 83

    Бұйрыққа 4-қосымша

    Қылмыстық құқық бұзушылықтар

    жасаған, қылмыстық жауаптылыққа

    тартылған және тартылатын адамдарды

    арнайы есепке алуды және ұстап

    алынған, күзетпен ұсталатын және

    сотталған адамдарды дактилоскопиялық

    есепке алуды жүргізу, пайдалану және

    сақтау қағидаларына

    15-қосымша

    Жеке тұлғаға электрондық нысанда мәлімет алу үшін пайдаланушының нұсқаулығы

    1. Терминдер және анықтамалар:

    1) ақпараттық сервис – Комитет «Талдау орталығы» цифрлық жүйесінің кіші жүйесі, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің Комитеттің арнайы есепке алу жөніндегі жеке тұлғаға мәліметтердің болуы/болмауы туралы деректерді алуына арналған;

    2) пайдаланушы – ақпараттық сервиспен жұмыс жасайтын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің қызметкері (жұмыскері);

    3) WEB-браузер – веб-парақтарды қарау үшін бағдарламалық қамтамасыз ету (оларды өңдеу, бір парағынан екіншісіне шығару және ауыстыру).

    2. Ақпараттық сервиске (бұдан әрі – АС) кіру үшін пайдаланушы WEB-браузерді іске қосып, мекенжай жолағында Комитеттің «Талдау орталығы» цифрлық жүйесінің мекенжайына өту қажет.

    «Талдау орталығы» цифрлық жүйесінің басты бетіне өткеннен кейін Комитеттің цифрлық жүйелерін пайдалану құқықтары туралы келісіммен және басты беттің төменгі жағында «құжаттама» қойындысында орналасқан пайдаланушы нұсқаулығымен (бұдан әрі – Келісім) танысу қажет.

    3. Комитеттің цифрлық жүйенің операторы мен пайдаланушы арасындағы қарым-қатынас Келісіммен реттеледі.

    Келісім пайдаланушы тіркеуге өтінім берген не оған пайдаланушы цифрлық жүйеде қол қойған кезден бастап күшіне енеді.

    Пайдаланушының келісім ережелерін бұзуы цифрлық жүйеге кіруді уақытша тоқтата тұруға немесе толығымен жабуға, пайдаланушының есептік жазбасын жоюға, сондай-ақ жауапқа тартуға әкелуі мүмкін.

    4. Пайдаланушы АС порталы арқылы операторға осы басшылыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол жеткізуді ұйымдастыруға электрондық өтінімді (бұдан әрі – Өтінім) жібереді.

    Ол үшін пайдаланушы «Талдау орталығы» цифрлық жүйесіне «Тіркеу» - «Тіркеуге өтінім беру» қойындысына өтіп, барлық деректемелерді толтырып, қолмен толтырылған және мөрмен расталған өтінімнің сканерленген нұсқасын қоса беруі қажет.

    5. Оператор өтінім келіп түскен сәттен бастап бір тәулік ішінде өтінімге сәйкес Пайдаланушының АС-дағы рөлін, пайдаланушының АС-да тіркелуінің болуын айқындайды не тіркеуден дәлелді бас тартуды жібереді. Пайдаланушыны бұғаттауға өтінім алған кезде оператор осы пайдаланушының кіруін дереу бұғаттайды.

    6. Өтінімді мақұлдау нәтижесі бойынша пайдаланушы ашылған терезеде «Талдау орталығы» цифрлық жүйесіне өтіп, «ЭЦҚ бойынша авторизациялау» функционалын таңдауы қажет. Авторизациялау үшін Сақтау түрін (kaztoken немесе файлдық жүйе), сондай-ақ сертификатты таңдап, парольді енгізу қажет.

    Авторизациядан кейін «ақпараттық қызмет» ішкі жүйесінің қойындысы орналасқан навигациялық мәзірге кіру ашылады, кіргеннен кейін «жеке тұлғаға қойылатын талап» қызметіне кіру пайда болады.

    Жеке тұлғаға мәліметтерді сұрау үшін «Сұрауды қалыптастыру» батырмасын басу қажет, ашылған терезеде ЖСН өрісін толтыру және «ЖТ МДҚ базасында іздеу» модулін пайдалану, анықтамалықтан сұраудың себебін таңдап, «талапты қалыптастыру» батырмасын басу қажет.

    7. Барлық жіберілген сұрау салуларды «өңдеу кезінде», «аяқталды» немесе «автоматты түрде аяқталды» күйлерін көрсете отырып, қалыптастырылған сұрау салулар тізімінен көруге болады.

    Құрылған құжатты ашу/жүктеу немесе басып шығару «pdf» батырмасы арқылы жүзеге асырылады.

    8. Цифрлық жүйе арқылы алынған барлық ақпарат құпия болып табылады және тек қызметтік мақсаттарда және тек осы пайдаланушының өндірісіндегі істер мен материалдар шеңберінде пайдаланылады.

    Ақпараттың құпиялылық режимін бұзғаны үшін кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

    Жеке тұлғаға мәліметтерді

    электрондық форматта алу үшін

    пайдаланушы нұсқаулығына

    1-қосымша

    нысан

    «Талдау орталығы» ЦЖ «Ақпараттық жүйе» компонентіне қолжетімділікті

    ұйымдастыруға № _____ ӨТІНІМ

    Қызметтік міндеттерін орындау үшін жоғарыда көрсетілген жүйеге төменде көрсетілген параметрлер бойынша қол жеткізуді ұйымдастыруды сұраймын:

    Өтініш берушінің деректері

    Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________________________

    ____________________________________________________________________________________________

    (толығымен)

    ЖСН: _______________________________________________________________________________

    Өтініш берушінің жұмыс орны туралы мәліметтер

    Ұйымның атауы

    БСН___________________________________________________________________________

    Құрылымдық бөлімше: ___________________________________________________________

    Лауазымы: _______________________________________________________________________________

    Өтініш берушінің байланыс деректері

    Жұмыс телефоны: _______________________________________________________________

    Ұялы телефон: __________________________________________________________________

    E-mail: _________________________________________________________________________

    Жұмыс мекенжайы: ______________________________________________________________

    Сұранысты тексеру қажет болған жағдайда талаптар таңдалады:

    1) әкімшілік айыппұлдар

    2) жеке тұлғаға сұрау салу

    ҚР БП ҚСжАЕК-нің цифрлық жүйелерді пайдалану құқықтары туралы, сондай-ақ оны бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы келісіммен (ҚР ӘҚБтК-нің 504, 637-641-баптары, ҚР ҚК-нің 205-213-баптары) таныстым және келісемін.

    Менде ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы бар екенін растаймын.

    Менің дербес деректерімді «Талдау орталығы» ЦЖ тіркеу үшін беруге рұқсат етемін.

    «______» ___________202____жыл ______________________/

    (Өтінім берілген күн) (Өтініш берушінің қолы)

    Өтініш берушінің басшысы: ______________________________________________________

    (Басшының ТАӘ (бар болса) және лауазымы)

    _____________________/

    (Басшының қолы)

    МО (Мемлекеттік органның мөрі міндетті)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.