«Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 15 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ҚолданыстағыӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 15 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46 - бабы 2 - тармағының 4) тармақшасына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 15 шешімі күші жойылды деп танылсын.

    2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

    1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

    2) осы шешімді Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі

    Р. Аңбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.