Тимирязев аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қарашадағы № 8/8 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Тимирязев аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қарашадағы № 8/8 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қарашадағы № 8/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7640-15 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

    5 және 6 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Әлеуметтік көмек біржолғы және (немесе) мерзімді түрде (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта бір рет, жылына бір рет) көрсетіледі.

    6. Алушылар санаттарының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдерін ЖАО белгілейді және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі.

    Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіз болып табылады:

    1) табиғи зілзаланың салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру;

    2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру;

    3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

    4) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне қысқаша қатысты Тимирязев аудандық мәслихаты белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.»;

    8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы ескеріле отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір реттік мөлшерінің шегінен аспайтын, бір рет – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі:

    жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдарға (отбасына) ең төмеңгі күнкөріс деңгейіне еселенген қатынаста.»;

    9 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына көрсетіледі:

    азаматқа (отбасына) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтірілген жағдайда азаматқа (отбасына) – бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке мөлшерінде дейін біржолғы жәрдемақы тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне мұқтаждық басталған сәттен бастап алты айдан кешіктірілмей төленеді;

    АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын тізім негізінде тұрақты күтім жасау және қосымша күшейтілген тамақтану үшін адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар балаларға ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде жәрдемақы төленеді;

    туберкулезбен ауыратын және амбулаторлық емделіа жатқан азаматтарға «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тимирязев аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынған тізімдер негізінде қосымша тамақтануға – ай сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес «Әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға жылына бір рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;

    10 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Әлеуметтік көмек табыстары ескерілмей азаматардың келесі санаттарына көрсетіледі:

    Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, басқа да адамдарға, Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторийлерінде) санаторий-курорттық ем алуға, өтініш берушінің санаторлық-курорттық картаны, санаторлық-курорттық ұйымның шот-фактурасын ұсына отырып, санаторлық-курорттық емделудің құны мөлшерінде тұрғылықты жері бойынша емдеу мекемесінің ұсынымдарына сәйкес, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, жылына бір рет;

    Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, басқа да адамдарға кірісін есептемегенде, осы санаттағы тұлғаларды растайтын құжат бойынша коммуналдық қызметтер мен отын сатып алуға төлемақы төлеуге айына 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасында жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері көзделген бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін (жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда) жеке көмекшінің еріп жүруіне, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде жылына бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде.»;

    14 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «14. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша өкіл) жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жазбаша жүгінеді Үлгілік қағидаларға немесе үлгілік Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен бірге порталға электрондық түрде жіберіледі.

    Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – АЖ) осы Үлгілік қағидаларға 1-2 – қосымшаға сәйкес нысанда сұрау салу қалыптастырады.

    АЖ-да мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтініш беруші өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:

    1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

    2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);

    3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:

    дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

    әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;

    жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжат;

    Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

    Өтініш беруші толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынған кезде осы Үлгілік қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

    Өтініш беруші әлеуметтік көмекке портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-на қажетті мәліметтерді алу үшін өтініш берушінің өзі сұрау салады.

    Бұл ретте мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-нан келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-сын куәландырады.»;

    18 және 19 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «18.Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Тимирязев ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

    Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек сомаларын аударады.

    Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.

    Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиындармен есептелген барлық сомалар тиындардың сомасына қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектенуге жатады.

    19. Әлеуметтік көмек:

    1) алушы қайтыс болған;

    2) алушы Тимирязев ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

    3) алушыны арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберу;

    4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады;

    5) әлеуметтік көмек көрсету негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.

    Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмек төлеуге қолданылмайды.

    Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі келесі айдан бастап тоқтатылады.

    Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.»;

    24 және 25 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «24. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім негізінде Мемлекеттік корпорация:

    біржолғы төлемдер бойынша – күн сайын;

    ай сайынғы және тоқсандық төлемдер бойынша-төлем айының алдындағы айдың 27-күніне.

    25. Сұраныс қалыптасқаннан кейін Мемлекеттік корпорация келесі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім жібереді.

    Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражат аударады.

    Айдың 27-күнінен кейін келіп түскен әлеуметтік көмек төлеуге қажеттілік сомалары туралы өтінімдер бойынша әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган келесі айдың 1-күнінен кейін Мемлекеттік корпорацияға ақша қаражатын аударады.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихатының төрағасы

    А. Асанова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.