«Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12656 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында (бұдан әрі – Өлшемшарттар):
10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сонымен қатар объективті өлшемшарттар бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған цифрлық жүйесінің есептілік деректеріне сәйкес 30-дан астам шетелдік жұмыс күшін тартатын бақылау субъектілері тәуекелдердің жоғары деңгейіне жатады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бақылау субъектісінің кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы.
Қолайсыз оқиғаларға мыналар: еңбек қызметіне байланысты ауыр, топтық немесе өліммен аяқталатын жазатайым оқиғалар жатады;
2) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;
3) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барумен алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нәтижелері.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Бақылау субъектілері (объектілері) цифрлық жүйені қолдана отырып, бақылау субъектілері қызметінің тиісті салаларындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне мынадай жағдайларда:
1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасcа;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан немесе талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізуден босату жағдайлары айқындалған болса;
3) егер субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылса ауыстырылады.»;
4-параграф мынадай редакцияда жазылсын:
«4-параграф. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ерекшелік пен құпиялылық ескеріле отырып, цифрлық жүйелерді пайдаланатын тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері»;
«21. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең төмен шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.»;
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына қойылатын талаптардың бұзылу дәрежелері мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 42 және 43-жолдарымен толықтырылсын:
«
|
42
|
Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіби төлемдердің толық және уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету
|
Өрескел
|
|||
|
43
|
Зейнетақы алды аннуитеттік шартының болуы
|
Елеулі
»;
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына бақылау жүргізу кезінде тәуекел дәрежесін субъективті бағалау өлшемшарттары бойынша анықтауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолымен толықтырылсын:
«
|
|||
|
3
|
Ауыр, топтық немесе өліммен аяқталатын еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаның болуы
|
Бақылау субъектісінің кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы
|
100
|
Болуы
|
Болмауы
|
|
0%
|
100%
»;
Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының және халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру парағы мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 39 және 40-жолдарымен толықтырылсын:
«
|
||||
|
39
|
Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіби төлемдердің толық және уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету
|
||||
|
40
|
Зейнетақы алды аннуитеттік шартының болуы
|
».
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы мәліметтер беруді;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде «Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін оның Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі
__________С. Жумангарин
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
__________А. Ертаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.