«Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 мамырдағы № 173 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 мамыр 2026 ж.

    «Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 мамырдағы № 173 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Ақтөбе қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 мамырдағы № 173 шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8589-04 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгiзiлсiн:

    Ақтөбе қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларында:

    5 және 6-тармақтар келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «5. Әлеуметтік көмек бір рет және мезгіл-мезгіл (жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.

    6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін ЖАО ұсынымы бойынша осы Қағидалармен белгіленді.»;

    8-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігі келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «2) 25 қазан - Қазақстан Республикасының күніне орай:»;

    10-тармақтың бірінші бөлігі келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «10. Азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш берген сәттің алдындағы тоқсанда республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінен аспайтын бір рет берілетін әлеуметтік көмек көрсетіледі:»;

    10-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшалары алынып тасталсын;

    16-тармақтың үшінші бөлігі келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «ай сайынғы және тоқсан сайынғы төлемдер бойынша төлем жасалатын айдың алдындағы айдың 27-і күні әлеуметтік көмек төлеу үшін бюджет қаражатына сұраныс қалыптастырады.»;

    17-тармақтың үшінші бөлігі келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Айдың 27-і күнінен кейін түскен әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомалары туралы өтінімдер бойынша ақшалай қаражатты Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі келесі айдың 1-і күнінен кейін мемлекеттік корпорацияға аударады.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы

    А. Даржанова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.