«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36281 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында:

    69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «69. Цифрландыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша конкурстық құжаттамада көзделген технологиялық, техникалық шешімдерді, оның ішінде іске асыру графигін бағалау «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының талаптарына сәйкес келісу шеңберінде жүргізіледі.

    Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы цифрлық жүйелер құруды және мемлекеттік міндеттемелер қабылдауды көздейтін болса, цифрландыру саласындағы уәкілетті орган жобаның конкурстық құжаттамасының жобасын келісу кезінде бағдарламалық қамтылымды мемлекеттік меншікке қабылдаудың орындылығы мәселесін қарайды.

    Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бірнеше салалық мемлекеттік органның жауаптылық саласын қозғаса, аталған салалық мемлекеттік органдар салалық сараптама үшін осы тармақтың талаптарына сәйкес дайындалатын конкурстық құжаттаманың тиісті салалық сараптамаларының қорытындыларын қосымша ұсынады.»;

    195-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) тиісті саланың уәкілетті органының салалық сараптама жүргізуі.

     Орталық уәкілетті органдар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспардың салалық сараптамасының нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салалық қорытынды жасайды.

    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының орындылығы, іске асыру мерзімдері, көлемі, құны және іске асыру тетігі, түпкілікті және тікелей нәтижелерге қол жеткізу мәселелері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының сараптамасы нәтижесі бойынша оң немесе теріс салалық қорытынды дайындалады.

    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде қайта салалық сараптамаға жіберілуі тиіс.

    Цифрландыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарда көзделген технологиялық, техникалық шешімдерді, оның ішінде іске асыру графигін бағалау «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне жүргізіледі.

    Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарда көзделген технологиялық, техникалық шешімдерді, оның ішінде іске асыру графигін бағалау Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттар мен нормалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүргізіледі.

    Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы цифрлық жүйелерді құруды және мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауды көздеген жағдайда, цифрландыру саласындағы уәкілетті орган жобаның конкурстық құжаттамасының жобасын келісу кезінде бағдарламалық қамтамасыз етуді мемлекеттік меншікке қабылдаудың орындылығы мәселесін қарауға тиіс.»;

    258-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік мүлік тізілімі арнаулы мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының жедел басқаруындағы мүлікті және мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесін білдіреді.»;

    10-қосымшаның 10) тармақшасының он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі цифрлық ресурстар және (немесе) цифрлық жүйелер болған жағдайда әлеуетті жекеше әріптес цифрлық ресурстарға және (немесе) цифрлық жүйелерге меншік және (немесе) иелік ету құқығы туралы құжаттарды ұсынады.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік әріптестер және Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы жүзеге асыратын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану арқылы ақпараттық қамтамасыз ету қағидаларында:

    2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы цифрлық ресурстарды орталықтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға, жекеше әріптесті айқындауға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеуге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған цифрлық платформа.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді, сондай-ақ олардың сараптамасын жүзеге асыратын тұлғаларды аккредиттеу қағидаларында:

    2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «12) Электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);»;

    7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) өтінімдер тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығы тексеріледі.

    Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру барысында сұрау салулар жасайды және цифрлық жүйелердегі қажетті мәліметтерді пайдаланады.

    Өтініш беруші цифрлық жүйелерде және ұсынылған құжаттарда қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді;»;

    9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган көрсетілетін қызметті берушілерге, «цифрлық үкіметтің» операторларына Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды, оның ішінде Бірыңғай байланыс орталығы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға өзгерістер мен толықтырулар бекітілген немесе енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.»;

    12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «12. Уәкілетті орган өтініш берушілер мен олардың қызметкерлерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында сұрау салулар жібере алады және цифрлық жүйелерде қамтылған қажетті мәліметтерді пайдалана алады.»;

    2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану қағидаларында:

    2-тармақта:

    1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) цифрлық көрсетілетін қызмет – пайдаланушыларға цифрлық ресурстарды беру бойынша көрсетілетін қызмет.»;

    9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

    «9) жүйенің стандартты жұмыс істеуі – нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес цифрлық жүйенің техникалық іркілістер болмаған кезде өңделетін ақпараттың берілген режимдері мен көлемінде жұмыс істеуі.

    10) компьютерлік шабуыл – ақпаратқа, цифрлық ресурсқа, цифрлық жүйеге санкцияланбаған әсер ету қатерін іске асырудың немесе бағдарламалық немесе бағдарламалық-аппараттық құралдарды (немесе желіаралық өзара іс-қимыл хаттамаларын) пайдалана отырып, оларға қол жеткізудің мақсатты әрекеті.»;

    13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «13) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы цифрлық ресурстарды орталықтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға, жекеше әріптесті айқындауға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеуге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған цифрлық платформа.»;

    2-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «19) Электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);»;

    14-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Есепке алу журналын байланыс орталығының операторлары пайдаланушылардың жолданымдарын есепке алу жөніндегі оператордың цифрлық жүйесінде электрондық түрде жүргізеді.»;

    15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «15. Жолданым тіркелгеннен кейін пайдаланушылардың жолданымдарын есепке алу бойынша оператордың цифрлық жүйесінде оқыс оқиғаның бірегей идентификаторы беріледі және 1 (бір) сағат ішінде пайдаланушының электрондық поштасына жіберіледі.».

    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

    С. Жумангарин

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Жасанды интеллект және цифрлық

    даму министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары –

    Ұлттық экономика министрі

    2026 жылғы 1 маусымдағы

    № 63

    бұйрығына қосымша

    Мемлекеттік-жекешелік

    әріптестік жобаларын

    консультациялық сүйемелдеуді,

    сондай-ақ олардың сараптамасын

    жүзеге асыратын тұлғаларды

    аккредиттеу қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    Кімге: ___________________________

    (уәкілетті органның толық атауы)

    Кімнен: _____________________________

    (басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің

    аты (бар болса))

    ______________________________

    ______________________________

    ______________________________

    (жолданым берушінің толық деректемелері,

    бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

    Аккредиттеуге арналған жолданым

    ________________________________________________ (ұйымның орналасқан жері):

    мекенжайы бойынша орналасқан, бизнес-сәйкестендіру нөмірі: ____________________________________________________________________ (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) _______________________________________ (тұлғаның атуы)

    мынадай қызметтерді (қажетін көрсету):

    □ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеуді қамтитын қызметтерді;

    □ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуді қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қызметтерді, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы келіссөздер процесінде консультациялық қызметтерді;

    □ жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға сараптама, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасына сараптама жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге аккредиттеуді сұраймын;

    Осы арқылы мыналар:

    - өтініш берушінің төлемге қабілетті екендігі, банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтындығы, оның мүлкіне тыйым салынбағаны, оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмағаны;

    - өтініш берушінің мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде жоқ екендігі;

    - өтініш берушінің, сондай-ақ оның құрылтайшылары мен басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмегені;

    - өтініш берушіге және оның мамандарына сот шешімімен (үкімімен) осы қызмет түрімен немесе аккредиттеуді алуға байланысты қызмет түрімен айналысуға тыйым салынбағаны;

    - өтініш берушінің ұсынған құжаттарында және (немесе) цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің мемлекеттік қызмет көрсету кезінде пайдалануына келісетіндігі расталады;

    - өтініш беруші Аккредиттелетін тұлға туралы мәліметтерге енгізілген мамандардың жобаларды консультациялық сүйемелдеу және (немесе) сараптау бойынша қызметтер көрсететін өзге де ұйымдарда еңбек қатынастарында тұрмайтынын растайды.

    Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

    1)

    2)

    3)

    4)

    _________________________ ____________

    __________________________________

    (Ұйым басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

    20___ ж. «___» ___________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.