2026 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 мамыр 2026 ж.

    2026 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы

    «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. 2026 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жетісу, Жамбыл және Атырау облыстары бойынша департаменттерінде әскери жиындардан өту үшін 270 әскери міндетті күнтізбелік 30 күн мерзімге шақырылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Ерлан Ерғалиұлы Алдажұмановқа жүктелсін.

    4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері таныстырылсын.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

    Е. Сагимбаев

    КЕЛІСІЛДІ

    Қазақстан Республикасының

    Қорғаныс министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.