«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 723 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 723 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21873 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Әскери-медициналық мекемелерде (медициналық бөлімшелерде) әскери қызметшілерді әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Әскери-медициналық мекемелер (медициналық бөлімшелер) стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсетуді, медициналық қарап-тексеруді, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуді, әскери-дәрігерлік сараптама жүргізуді, оның ішінде өзге де денсаулық сақтау ұйымдарынан медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы жүзеге асырады.
Әскери-медициналық мекемелер (медициналық бөлімшелер) амбулаторлық жағдайда медициналық көмек көрсетуді өзге де денсаулық сақтау ұйымдарынан медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алмай жүзеге асырады. Әскери-медициналық мекемеде (медициналық бөлімшеде) амбулаторлық жағдайда медициналық көмек алу үшін тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде әскери қызметші тіркелген жері бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Парашютпен секіруді медициналық қамтамасыз ету:
Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес парашютпен секіруге жарамдылықты айқындау үшін әскери қызметшілерді медициналық куәландыруды ұйымдастыруды және жүргізуді;
әскери қызметшілердің жерүсті даярлығы бойынша сабақ өткізуді бақылауды жүзеге асыруға қатысуды: снарядтың, тренажердың ақаусыздығын, ұшақ макеттерінің, аспалы жүйе үшін стапельдің, парашют трамплинінің жай-күйін, сабақ жетекшілерінің болуын, күрделі жаттығуларды орындағанда сақтандырудың дұрыс болуын;
жерге қону алаңын бақылауды жүзеге асыруға қатысуды: терең ордың, шұңқырдың, ағаш түбірінің, қойтастың болмауын, құрылыстан, темір жолдан, электр тарату желісінен, ірі су тоғанынан және басқа да жерге қону үшін қауіпті кедергіден бос қауіпсіздік аймағының болуын;
парашютпен секіру кезінде медициналық қамтамасыз ету үшін күштер мен құралдарды дайындауды, бөлуді;
денсаулық жағдайы бойынша парашютпен секіруге рұқсатнаманы айқындап, әскери қызметшілерді медициналық қарап-тексеруді, секіру басталғанға дейін ішек пен қуықты босату қажет екенін түсіндіруді;
жазатайым оқиға кезінде әскери қызметшілерді емдеу мекемесіне эвакуациялаумен оларға медициналық көмек көрсетуді қамтиды.
Парашютпен секіруді медициналық қамтамасыз ету үшін санитариялық автомобильде медициналық көмек көрсету үшін мүлік жиынтығымен құрамында дәрігер, фельдшер (медициналық мейіргер) бар медициналық бригада бөлінеді. Әрбір секіруден кейін жарақатты анықтау мақсатында сұрау мен сырттан қарап-тексеру жүргізіледі.
Парашютпен секіруді медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру кезінде кезекші дәрігер, фельдшер (медициналық мейіргер) мынадай шарттардың сақталуын:
тамақтанғаннан кейін 1 сағат өткен соң секіруді;
секіру аяқталғаннан кейін демалыс беруді;
киім-кешек пен аяқ киімнің климаттық және ауа райы жағдайына сәйкестігін тексереді.»;
34-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жеке құрамды медициналық қарап-тексеру «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық бөлімшелерінде жеке құрамды медициналық қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 589 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21552 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі (бұдан әрі – Медициналық қарап-тексеруді жүргізу қағидалары);»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Стационарлық жағдайда әскери-медициналық (медициналық) көмек «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық қызметке лицензия болған кезде пациенттерді емдеу үшін штаттық кереуеттері бар медициналық бөлімшеде, сондай-ақ әскери-медициналық мекемелерде көрсетіледі.
Әскери қызметшілерді стационарлық емделуге жатқызу үшін медициналық көрсеткіштер әскери қызмет ерекшелігі, орналасу және тұрмыс жағдайы ескеріліп, сондай-ақ тиісті клиникалық хаттамалармен айқындалады. Амбулаторлық жағдайда емделуге тиіс аурулары бар әскери қызметшілерді әскери-медициналық мекемелерге (медициналық бөлімшелерге) жатқызу осы мекеме (бөлімше) бастығының (бастығы орынбасарының) шешімі бойынша жүргізіледі.
Бейінді бөлімшелер жоқ өңірлік әскери-медициналық мекемелерде бейіні бойынша сәйкес келмейтін нозологиялық ауру түрлері бар, жарақаттанған, уланған және басқа да сыртқы фактор әсерінен болған аурулары бар әскери қызметшілер тиісті бейінді мамандардың консультациясынан кейін хирургия немесе терапия бөлімшелеріне стационарлық емделуге жатқызылады.
Пациенттерді медициналық бөлімшеге жатқызу олар жүгінген кезде дәрігер (фельдшер) қарап-тексергеннен және Медициналық қарап-тексеруді жүргізу қағидаларына 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша әскери қызметшінің медициналық кітапшасына (бұдан әрі – әскери қызметшінің медициналық кітапшасы) жазумен жібергеннен кейін жүргізіледі.
Амбулаторлық жағдайда емделуге тиіс ауруымен, жарақатпен, уланумен және басқа да сыртқы фактордың әсерімен медициналық бөлімшеге жатқызылған әскери қызметші арнайы бөлінген орынға орналасады, медицина қызметкерінің тағайындауы бойынша медициналық көмек алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларына сәйкес «Жалпыәскери азық үлесі» деген 1-норма бойынша тамақтанады. Медицина қызметкерінің тағайындауын күнделікті орындауды есепке алу № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес № 001/у нысаны бойынша стационарлық пациенттің медициналық картасына салынған 4-параққа сәйкес дәрігерлік тағайындау парағында жүргізіледі.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Әскери-медициналық мекемелер (медициналық бөлімшелер) әскери қызметшілердің шығарылғаны туралы осы әскери қызметшілер келген әскери бөлімді және мекемені сол күні хабардар етеді. Шығарылғаннан кейін мерзімді қызмет әскери қызметшілері олардың өкілінің бірге жүруімен әскери бөлімге жіберіледі.
Әскери қызметшілер әскери-медициналық мекемелердің (медициналық бөлімшелердің) күн тәртібінде белгіленген күндері және сағатта шығарылады.
Әскери-медициналық мекемеден (медициналық бөлімшеден) шығарылған әскери қызметшінің медициналық құжаттары олардың қолына (бірге жүрушіге) беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 42-3-тармақпен толықтырылсын:
«42-3. Стационарлық емделуде (медициналық куәландыруда) болатын мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, курсанттарға, кадеттерге жоспарлы түрде ауыз қуысының санациясы өткізіледі.».
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі
Д. Косанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.