Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шымкент қаласы әкімдігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаулыларының тізбесі бекітілсін.

    2. Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Шымкент қаласының әкімі

    Ғ. Сыздыкбеков

    Шымкент қаласы әкімдігінің

    2026 жылғы «28» мамырдағы №2396

    қаулысына қосымша

    Шымкент қаласы әкімдігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі

    1.«Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 318 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

    1, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»;

    «13. Мақсаттары: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.

    14. Өкілеттіктері:

    1) құқықтары:

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша тапсырыс беруші болуға;

    Басқарманың құзіретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелері бойынша жедел шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынасқа түсуге;

    өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратқа, құжаттар мен материалдарға сұрау салуға және алуға;

    Басқарманың кызметінің барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

    сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы субъектілерінен салынып (қайта жаңғыртылып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөнделіп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпаратқа сұрау салуға және алуға;

    танысу үшін тапсырыс берушілерден аталған құрылыс бойынша қажетті жобалау және атқарушы құжаттамаларын, сондай-ақ, тиісті жобалардың сараптамалық қорытындысын алуға сұрау салуға және алуға;

    салынып (қайта жаңартылып, кеңейтіліп жаңғыртылып, күрделі жөнделіп) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз кіреді және онда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарына жедел инспекция жүргізуге;

    бақылау және қадағалауды жүзеге асырған кезде объектілерге баруға;

    мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы нұсқама шығаруға;

    сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың белгіленген талаптарын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген шараларды қолдану туралы шешім қабылдауға;

    нұсқаманың талаптарын орындамаған жағдайда азаматтық және әкімшілік ic жүргізу тәртібінде нұсқаманың талабын мәжбүрлеп орындау туралы, нұсқаманың талабын орындағанға дейін қызметін тоқтату және тыйым салу туралы істерді қарауға;

    сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға;

    сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі саласында жүргізілген тексерістердің нәтижесі бойынша әкімшілік жазалауды қолдану туралы қаулы шығаруға;

    өз құзыретіндегі мәселелер бойынша сот органдарына талап-арызбен жүгінуге құқылы.

    2) міндеттері:

    өз құзыреті шегінде Шымкент қаласы аумағында Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

    Шымкент қаласының аумағында лицензиялау мен аттестациялауды және аккредиттеу жүзеге асыру;

    жергілікті мемлекеттік басқарудың мүдделері үшін жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру;

    Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау.»;

    15-тармақта:

    17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 27-1), 27-2), 28) және 29) тармақшалар алып тасталсын;

    30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «30) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тексерудің барлық түрлерін жүзеге асыру;»;

    25-тармақ алып тасталсын.

    2. «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 1441 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

    15-тармақта 14) және 15) тармақшалар алып тасталсын;

    24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».

    3. «Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 6 наурыздағы № 922 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

    1, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй қорындағы тіркелген кондоминиум объектілеріне бақылау, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газды пайдалану жүйелерін және газ жабдықтарын бақылау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»;

    «13. Мақсаттары: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Шымкент қаласы аумағында тұрғын үй қатынастары, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газды пайдалану жүйелерін және газ жабдықтарын бақылау және тұрғын үй қорындағы тіркелген кондоминиум объектілеріне бақылау салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру болып табылады.

    14. Өкілеттіктері:

    1) құқықтары:

    мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен қызметтік хат алмасуға;

    тұрғын үй қатынастары саласындағы қызметтерді жетілдіру туралы қала әкіміне және атқарушы органдарға ұсыныстар енгізуге;

    мемлекеттік органдардан және басқа да мекемелерден Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында мәліметтерді сұратуға;

    Басқарманың құзіретіне қатысты қала әкімінің өкімі, қала әкімдігінің қаулысы және мәслихат шешімі жобаларын даярлауға қатысуға;

    Қазақстан Республикасы тұрғын үй заңнамасының бұзылғаны үшін әкімшілік жазалау туралы қаулылар шығаруға;

    тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газды пайдалану жүйелерін және газ жабдықтары бойынша заңнамалардың бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шаралар қолдануға;

    Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

    2) міндеттері:

    тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

    жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсету;

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды беруді жүзеге асыру;

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында айқындалған шарттарда және тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жекешелендіруді жүзеге асыру;

    ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес қорытынды мәліметтерді толтыра отырып, тұрғын үй қорына түгендеу жүргізуді қамтамасыз етеді және пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алуды жүзеге асыру;

    мемлекеттің мүдделерін білдіру және соттарда, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда оның мүліктік құқықтарын қорғау;

    тұрғын үй қорындағы тіркелген кондоминиум объектілеріне бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;

    тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газды пайдалану жүйелерін және газ жабдықтары бойынша заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету;

    Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.»;

    15-тармақта:

    мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2), 17-3), 17-4), 17-5), 17-6), 17-7), 17-8), 17-9), 17-10), 17-11), 17-12), 17-13), 17-14), 17-15), 17-16), 17-17), 17-18), 17-19), 17-20), 17-21), 17-22) тармақшаларымен толықтырылсын:

    «17-1) «кондоминиум объектісі үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің бар- жоғын тексеруді жүргізу бойынша өкілеттіктерді жүзеге асырады;

    17-2)кондоминиум объектісінде және үй маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

    17-3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

    17-4)тұрғын үй қорын қорындағы тіркелген кондоминиум объектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

    17-5)кондоминиум объектісі үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару бойынша есептің бар-жоғына тексеру жүргізеді;

    17-6)тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде және көтеруші құрылғыларда (лифттерде, эскалаторларда, фуникулерлерде) қазандық қондырғыларын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

    17-7)0,07 Мегапаскальдан жоғары немесе судың 115 градус Цельсийден жоғары қызу температурасында жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтеретін механизмдердің, эскалаторлардың, траволаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифттердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

    17-8) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерде (тұрғын үй қоры, ойын сауық, сауда және конақ үй кешендері) орнатылған қауіпті техникалық құрылғыларды (жүк көтеретін механизмдерді, лифтерді, эскалаторларды, траволаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерлерді), пайдаланушы ұйымдардың кондоминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

    17-9)Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 320 бабының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды;

    17-10)тұрғын үй инспекция саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды;

    17-11) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газды пайдалану жүйелерін және газ жабдықтарына мемлекеттік бақылау жүргізеді;

    17-12)Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 298-бабында (әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды және әкімшілік жаза қолданады;

    17-13) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 305-бабында (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды және әкімшілік жаза қолданады;

    17-14) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 306 бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды;

    17-15)қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келіседі;

    17-16)Тұрғын үй саласындағы заңнаманың сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тексерудің барлық түрлерін жүзеге асырады;»;

    17-17)көппәтерлі тұрғын үйді техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастырады;

    17-18)кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің тізбесін, оған күрделі жөндеу жүргізудің кезеңдері мен кезектілігін айқындайды;

    17-19)кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады;

    17-20)кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне бюджет қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесіне көппәтерлі тұрғын үйді қосқан кезде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жергілікті бюджет қаражаты есебінен күрделі жөндеуге жобалау ұйымын айқындауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізеді;

    17-21)жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды жүзеге асырады;

    17-22)жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;»;

    мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:

    «25. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

    Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шымкент қалалық газ техникалық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі»;

    «Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.