Арыс қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 қарашадағы «2026 жылға Арыс қаласында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» № 741 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Арыс қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 қарашадағы «2026 жылға Арыс қаласында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» №741 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

    1. Арыс қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 қарашадағы «2026 жылға Арыс қаласында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» №741 қаулысына мынандай өзгеріс енгізілсін:

    1) көрсетілген қаулының кіріспесі мынандай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 600-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 17 қазандағы №517/НҚ бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес, Арыс қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

    2. Арыс қаласының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Арыс қаласының әкімі

    Қ. Маңқараев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.