ЖОБА
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоселов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жергілікті сумен жабдықтау көзіне және сорғы станциясына кірме жолға қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 6,4938 гектар, 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоселов ауылдық округі мекен-жайында орналасқан.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі
С.Спасибушкин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.