«Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 қарашадағы № 402 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 мамыр 2026 ж.

    «Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 қарашадағы № 402 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 қарашадағы № 402 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2831 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасында:

    2-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

    «1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Атырау облысының АӨК-де инновациялық тәжірибені енгізу және тарату бойынша бюджеттік бағдарламаға әкімшілік ету жөніндегі функциялар жүктелген «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекеме;».

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    С. Шәпкенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.